Сборник материалов международной научно-практической конференции


ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ МОДЕРНИЗМНІҢ МЕКТЕП



Pdf көрінісі
бет43/74
Дата11.10.2023
өлшемі1,78 Mb.
#184799
түріСборник
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ МОДЕРНИЗМНІҢ МЕКТЕП 
БАҒДАРЛАМАСЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ 
 
Тоқсамбаева Айман Омарханқызы 
Ахметжанова Альмира Кабдырахмановна 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, профессор,ф.ғ.к. 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті магистранты 
 
Адамзатпен келе жатқан үрдістердің бірі – жаһанданудың ұлы қазақ елінде де басталып 
кеткеніне біраз жылдардың болғаны жалған емес-ті. Соған орай ескінің жаңамен қапталып, 
бұрынғының биылғымен жамалып жатқан жайы бар. Қай бағытқа да болмасын септігін тигізіп 
жатқан аталмыш құбылыстың қазақ әдебиетіне де өз үлесін қоспай кетуі мүмкін емес еді. 
Соның нәтижесінде түрлі терминдер тізімге тіркеліп, түсініктердің де түрленіп жатқаны 
шындық.
Қазақтың көркем әдебиетінде кез келген тақырыпты қамтитын шығамалар орын 
алғандықтан олардың қайсысы модернизмге жататындығы туралы ажыратып, бөліп қарастыру 
қиын-ақ. Сол үшін де модернге дейінгі әлем өзін қозғалысы шамалы, тұрақты, ғасырдан 
мәңгілікке дейін орныққан ғаламдық тәртіп есебінде ұсынғандығы туралы да естен 
шығармауымыз керек. Ол заманда ғасырдан ғасырға, тіпті ұрпақтан ұрпаққа дейін де ешнәрсе 
өзгере қоймағандығы туралы ашық айта алуымыз да заңдылық. Ал модернизмде барлығымызға 
түсінікті болуы үшін жалпақ тілмен айтқанда, кез келген дүние бәрі қозғалысқа түсіп, үнемі 
ізденіс үстінде болып отыратындығы белгілі.
Көркем шығарма, яғни проза – әсемдік, әдемілік, сұлулықтың әлемі. Ондағы бүкіл 
көркемдік айшықтар іштей үйлесім тапқан, соның бәрі жымдасып барып, шығарманы біртұтас 
бітім еткен. Көркем шығарма бойындағы осы қадір-қасиет, сан адамды баурап әкетеді, жанын 
нұрландырады, әсемдікті тани білуге баулиды, сүйе білуге үйретеді. Шығарманың сұлу, тұтас 
бітіміне ену арқылы оқушы кейіпкер бойындағы ізгілік, адамгершілік, адамдық сияқты асыл 
қасиеттерді тани алады. Мұның өзі оқушыларды биік адамгершілікке бастайды [1,23]. Демек, 
көркем әдебиет жаратылысындағы эстетикалық қуатты оқушыларға беру, дүние тану, 
тәрбиелеу мақсаттарына орай кәдеге асыру – оқытудағы басты бағдар. Әдебиет сабағы – өнер 
сабағы екені белгілі, олай болса, оның өзі өнер құралымен жасалуы керек. Бұл үшін кейде бір 
ғана штрих жеткілікті. Әңгіме мұнда мәтіндегі деталь жайлы болып отыр. Өйткені ол бүтін бір 
шығарма, көптеген жыр арқауын бойына сіңірген түйін.
Кез келген прозалық шығарма сюжет желісімен дамып, жеке бөлім, тараулар 
оқиғалардың астас, жалғастығы, кейіпкердің ортақтығы арқылы бірігіп, тұтасып жатады. 
Композициялық тәсілдер алуан түрлі. Бұларға қоса, шығарманың композициялық құрылысын 
белгілеуде елеулі орын алатын ерекшеліктер: оқиға автордың, автордан басқа баяндаушының 
атынан айтылуы немесе кейбір тұстарда болған жағдайлар шығармадағы кейіпкерлердің 
көзімен көрген қалпында алынып, соның ұғым-түсінігі арқылы берілуі. Бұлардың бәрі 
оқырманның көркем туындыға деген қызығушылығын арттырады.
Ұлттық академияның бекіткен жоспарына сәйкес әдебиетте өтілетін көптеген 
тақырыптар бұрынғылардан өзгерек, нақтырақ айтсақ ескіні жаңамен айырбастағандай.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде қосылған тақырыптардың бірі – Марат 
Қабанбаевтың «Бауыр» әңгімесі болып табылады. Атына заты сай білім алушыны 


90 
бауырмалдылық пен ізгілікке тәрбиелейтін шығарма тілге жеңіл, жүрекке жылы тиері сөзсіз.
Ертеде өмірдің қатты соққысын көрген ағалы-інілі екеудің қаншама жылдан кейінгі бірін-бірі 
көрген сәті мен әңгімелері арқау болатын шығарманың ұзақтығы да бар. Балалар үйін мекен 
ететін інісі Қалиды ағасының іздеп келуімен басталатын туындыда Омск жер-су аттары 
суреттеледі. Балалар үйінің дәл осы мекенде орналасқанын айтқан автор ағаның інісіне деген 
сағынышын, махаббатын ерекше етіп суреттейді. Бірақ інісінің ағасына деген салқын көңілі, 
зілдей сөздері жүрегіне батып, алып-ұшып келген сезімдерінің барлығы су сепкендей 
басылады. Бірге туғанын өз қолымен балалар үйіне әкелгеніне өкінгенімен, заманның сондай 
болғанына ызасы келіп, кейде тіпті өзіне де қатты ашуланғанын автор ерекше сөздермен 
жеткізе білген. Қалиға әкелген киімдерін алмай, сыйлығын да місе тұтпай қойғандықтан 
ағасының жаны ауырып, өзін қоярға жер таппайтыны да оқырман қауымына әсерлі бейне 
тапқандай суреттеледі. Үлкен қуанышпен келген ағасының бауырымен суық қоштасқаны 
жанына батып, үздіксіз қарап отыруымен аяқталатын шығарма аянышты болғанымен, өмірдің 
бес тонна шындығы жатқанын да ескерте кеткеніміз абзал.
Дәл осы 5-сыныпта берілетін тақырыптың бірі – жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың 
«Анасын сағынған бала» әңгімесі болып табылады. Ана мен бала арасындағы махаббатты 
нығайта түсуге көмектесетін шығарманың ерекшелігінде де үлкен тәрбиелік мән жатқандығы 
айтпаса да түсінікті шығар. Мектеп бағдарламасында берілетін тақырыптардың легі 
оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді сіңдіре отырып, жақсылыққа қарай бағытталатыны мәлім 
[2,32]. Шетел әдебиеттерімен де жалғасын тауып жататын шығармалардың қатарынан Оралхан 
Бөкейдің «Тортай мінез ақ боз ат» туындысын көреміз. «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесіндегі 
«Меннің» яғни, автордың баяндау стилі Тортайдың бақыты жайлы, ақ боз ат жайлы, арман – 
қиялы ең соңында бәрі ертегі болып, қатал өмір өз дегенін істемей тынбайтын, Тортайға 
лайықты атты сол «меннің» мініп кеткеніне өкінетіні реалды өмір мен қиялдағы шындықтың, 
егіз параллель қосарланып жатқанын байқаймыз. Тортай жетім бала, бірақ өзі білімге өте 
құштар, ертеден қара кешке дейін кітап оқиды, жазушы, үлкен адам болғысы келеді. Қоғамға 
айтары бар. Дәл осындай қоғамға айтарлары бар адамдардың қандай дәрежеде өмір сүріп 
жатқандықтары маңызды емес екенін көрсете білген шығармада оқушылар көп дүниені түйе 
біледі.
Қазіргі Жамбыл облысы, Қордай ауданында дүниеге келген, балалар әдебиетінің 
дамуына үлес қосқан жазушы Сансызбай Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара» туындысын біз 
оқушыларға ұсынып, талдау жұмыстарын жүргіземіз. Жас жеткіншектерге негізінен арналған 
шығармалары оқырман қауымның ішінде ойып тұрып орын алғаны айтпаса да белгілі-ақ. Өткен 
ғасырдың 30-40 жылдар аралығындағы оқиғаларды көрсетуге бағытталған шығарманың негізі 
қарапайым ауыл өмірін суреттеу арқылы, балалардың жай-күйін сипаттап жазады. Басты 
кейіпкер Ертайдың өткен күнге деген сағынышын есіне алумен басталатын шығарма ауыл 
балаларының түсінігі мен қоса қоршаған ортаға деген көзқарастарын қарастыра отырып, мінез-
құлықтарын айна қатесіз сипаттап жазып береді. Сурет салатын дарыны бар Ертайдың ауыл 
баласына тән қарапайымдылығымен қоса мақтаншақтық қасиетінің барын да жырлап жазатын 
автор ерекше баяндамалар жасайды. Ауыл балаларының өмірін суреттейтін шығарманың тілі 
жеңіл болғандықтан барлық балалардың оқуына мүмкіндік береді. Жүрекке жылы, тілге жеңіл 
тиетін шығармаларды оқу арқылы оқушылар өздеріне рухани сабақ аларлары сөзсіз. Қалған 
күйдің құдіретін бейнелеп, небір авторлардың туған жерлеріне деген ыстық сағыныштарын 
суреттеп жазатын шығармалар ертеден келе жатқаннан ұстаз бен оқушы арасындағы 
байланысты күшейтеді. Ал жыр болған махаббат тақырыбына қатысты жазылған прозалық 
туындыларды білім алушылар өздері-ақ ізденіп, тақырыпты түсініп, түйін түюлеріне 
жағдайларын жасап та алатындай. Басқа жанрларға қарағанда оқытылуы ауырлау прозалық 
туындылардың мектеп бағдарламасында берілуі күрделі болғанымен оны оқытудың әдіс-
тәсілдерін білсе ұстазға да, оқушыға да жеңіл тиері сөзсіз [3,45]. 


91 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет