73
КАРЛДЫҢ ОТБАСЫ
4
Карл өзіндік сана туралы білген
сайын сұрағы да көбейгеніне таңқал
-
ды. Ол сұрақты Марктен басқа кімге
қоя алады? Қайтар жолда ұшақта олар
ұзақ әңгімелесті.
– Өлім аузында жатып, қалай бәрі
жақсы дей аласың? – деп сұрады Карл.
Марк бір минут үнсіз қалды да:
– Дегенмен бәрі жақсы аяқталды емес пе! – деді.
Карл оған сенімсіздікпен қарады, ал Марк жалғасты
-
рды:
– Мен осыған дейін жаман өмір сүрген жоқпын
деп ойладым. Менің өмірде жақсы көрген нәрселерім
көп болды, көп нәрсеге үйрендім. Мен көп жетістікке
жеттім және ол жетістігім көп адамға маңызды болды.
Сондықтан мен өлімге сабырмен қарадым. Дегенмен тірі
қалғаныма қуанамын, – деп Карлға көзін қысты.
Сонан соң ол ұялы телефонын қолына алды. Бірнеше
минуттан кейін Карлға хабарлама келді.
Карл Маркке таңдана қарады. Марк болса:
– Мен әлі саған өмірімді сақтап қалғаның үшін алғыс
айтпаппын, - деді.
Дос болған адамдарымыз біздің өзімізді баға
-
лауымыз бен өзімізге сенімділігіміздің бейнесі
болып табылады.
75
74
– Мен құтқара алғаным үшін қуаныштымын, – деді
Карл.
– Сен менің машинамды соғып кеткенде не айтқа
-
ным есіңде ме? – деп сұрады Марк.
Карл иығын қиқаң еткізді.
– Мен саған: «Жаңа таныстық – жаңа мүмкін
-
дік» дегенмін. Енді екеуміз де оның тап солай екеніне
сенімдіміз деп ойлаймын. Сен менің өмірімді құтқардың,
ал мен сенің кім екеніңді анықтауға көмектестім.
– Аннаны да ұмытпайық, – деді Карл махаббатқа
толы көздерін жоғары көтеріп: – Оның бар екенін білсем,
сенің машинаңды ертерек соғар едім.
Марк ішімдікке тапсырыс берді, олар стақандарын
соғыстырды:
– Достығымыз үшін!
Сонан соң Марк:
–
Егер біз өзімізді жақсы көріп, өзімізді бар болмы
-
сымызбен қабылдасақ, өмірімізге таңғажайып жағдайда
жақсы адамдар келе бастайды.
Бұл тек кіріспесі ғана екен. Марк жалғастыра берді:
– Мен тірі қалғаным үшін саған алғыс айтамын, мен
де сен үшін бір нәрсе жасағым келеді. Мен сенің шынайы
әлеуетіңді ашуға көмектескім келеді. Менің көмегімді
қабыл аласың ба?
– Мен қарапайым адаммын, менің бойымда ешқан
-
дай ерекшелік жоқ. Сен онсыз да мен үшін көп нәрсе
жасадың, – деп қарсыласты Карл.
–
Ең зиянды өтірік: «Мен қарапайым адаммын ...»
деген сөздерден басталады. Оның артында: «Мен үнемі
осындай болғанмын және болып қала беремін» деген сөз
тұр.
Бұл жалған. Барлық табысты адамдар кеше қандай
болсаң да, ертең өзгеруің мүмкін екенін жақсы біледі.
«Қарапайым адаммын» деп өзіңе жоқ шекараны қойып
аласың.
Карл ойланып қалды. Ол Марктің айтқандарын
толық түсінген жоқ. Бұған дейін ... ертең ... шекара...
Ол не айтқысы келіп тұр?
– Мен оқуымды тастаймын деп шештім. Менің ата-
анама бұл ұнамайды, қатты ұнамайды. Бұл бүгіненен
бастап менде үлкен проблема деген сөз. Маған сенің
моральдық қолдауың қажет, – деді Карл.
– Оның орнына немен айналысасың? – деп сұрады
Марк.
– Актер болғым келеді. Ол үшін не істеу керек екенін
тіпті білмеймін де, бірақ менің шынайы арманым осы.
– Көп адам бұндай арманнан тіпті қорқуы да мүмкін.
– Иә, ақылға сыймайды.
– Бір қатарға тұрған адамдардың ішінен сытылып
алға ұмтылған адам жынды секілді болып көрінуі мүмкін.
Егер адам ерекше бір нәрсеге қолжеткізсе, ол басқаларға
ұқсамайды деген сөз. Ол жалпыға бірдей шешім қабылда
-
майды. Олай болса, жындылардың қатарына қош келіпсің.
– Ата-анама тап осылай түсіндіремін. Мен енді
жындымын деп айтамын, – деп әзілдеуге тырысты Карл.
Марк оған бірнеше ақыл айтты. Ол оған адамды басқа
адамның бағалауы мен өзін өзі бағалауы тұжырымдама
-
сын түсіндіруге тырысты.
– Сен өзіңді қалай бағалайсың? Біреулердің пікірі
бойынша ма? Әлде өзің солай ойлайсың ба? Егер сені
айналаңдағылардың саған қарым-қатынасы көп толған
-
дыратын болса, онда өз мүддеңді ұмытуыңа тура келеді.
Өзіңнің көзқарасыңды қорға.
Карлға бұл ой тым абстрактілі болып көрінді.
Ол Марктің мысал келтіруін өтінді.
– Мексикада мен сыра алып едім ғой, есіңде ме?
Сен де тапсырыс бергенсің, алайда бір-екі ұрттадың да
қойдың. Саған сыра ұнай ма? – деп еске түсірді Марк.
– Тіпті жек көремін, – деді Карл.
|