101
100
Кейінірек Карл Маркпен кездесіп қалды. Марк:
– Ертең мен бір керемет сарапшымен кездеспекпін.
Онымен кездескен сайын өзіме бір жаңалық ашамын.
Ол қорқынышты жеңудің шебері. Менімен бірге барасың
ба? – деді.
Карл әрине келісті.
– Қуаныштымын. Онда ертең мен саған сағат тоғыз-
да келемін. Біз Михаэльге барамыз. Ол саған ұнайтыны
-
на сенімдімін. Онымен кездескеннен кейін, сен қорқы
-
нышқа басқаша қарайтын боласың.
МИХАЭЛЬ
6
Түнде Карлдың түсіне
тағы да
алқызыл свитер киген кемпір кірді.
Ол тағы
маңызды бірдеңе айтқысы
келді, бірақ бұл ештеңе түсінбеді.
Онда қара түсті ағаш та болды.
Бірақ Карл бұл жолы ол ағашқа оны
әке-шешесі жібергенін есіне түсірді. Ол ағаштық үсті
-
не шыққысы келмесе де, шыға бастады да, құлап түсті.
Анна көмектеспек
болып жанына келіп еді,
алайда бұл
оны қуып жіберді. Осы кезде кепмір жынданған адамша
ымдап бір нәрселерді көрсетіп жатты.
Ол Анна кеткен жаққа қарады. Ол басқа әдемі, жарық
ағаштың қасында күтіп тұр екен. Карл сол жаққа барғысы
келді, бірақ оны бірдеңе жібермеді. Ол өте қорқып кетті.
Кемпір күлгін күнделікті көрсетіп, төсектің астына қойды.
Карл оянса, қара терге түсіпті. Ол бұл түстің маңызы
зор
екенін ұқты, алайда оны түсіне алмай дал болыды.
Ол қолын төсектің астына салып жіберіп еді, онда күлгін
күнделік жатыр екен. Оны ашты да оқи бастады:
Әр әдамның өмірінде айқындаушы болып табылатын және
оның еркіндігін шектеп тұратын, ең құрығанда, бір қорқы-
ныш болады.
Неге қорқыныш еркіндікті шектейді? Өйткені сені қорқыныш
билейтін болса, онда сенің өміріңді басқа біреулер басқара-
ды және бақылайды деген сөз.