Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет54/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

II Бөлім
ӨЗГЕРІСТЕР


123
ТҮСІРІЛІМ АЛАҢЫНДА 
7
Келесі күні Карл түсірілім алаңы
-
на келгенде, бір нәрсе өзгергендей 
сезімде болды. Алайда, не өзгергенін 
түсінбеді, бұл жерде болмағанына 
небары екі күн ғана өткен еді. Ал 
студиядағы өзгеріс қарапайым болып 
шықты: фильм жұлдызы Рихард науқастанып қалыпты
соған байланысты түсірілім тоқтап қалған екен. Деген
-
мен мәселе бұған да байланысты емес сияқты. Не болды 
екен?
Ол ойланып қалды. Бүгін таңертең Марктен жан 
дүниесіне әсер еткен хабарлама алған еді:
Марктың даналық ойларды дер уақытында жібе
-
ретініне Карлдың көзі жете бастағандай. Ол қазір нені 
білдіріп тұр екен?
Түсірілім алаңында Карл режиссердің көмекшісі 
Догбартты кездестірді, оны бәрі Догги деп атайтын. 
Оның үнемі көңіл-күйі болмайтын және ол өзі де сүйкім
-
сіз итке ұқсайтын еді. 
– Келдің бе әйтеуір! – деп зіркілдеді Догги Карлға. 
– Қанша күтуге болады сені? Дублер, бар тез орныңа, 
Егер сен өзіңді жақсы көріп, құрметтесең, өзіңе 
біреудің дөрекі қарым-қатынас жасауына жол 
бермейсің.


125
124
жылдамдат! 
– Кесте бойынша мен мұнда сегізде болуым керек, ал 
қазір әлі он минут бар. Сондықтан бәрі дұрыс. Айтпақшы, 
менің атым Карл. – Осылай жауап қатқанына Карлдың 
өзі таңқалды. 
Догги көзін аларта қарады. Оның көздері шарасынан 
шығып бара жатыр еді. Оның аузын жабуға ешкімнің дәті 
бара бермейтін. Бұл жолы да ол дүрсе қоя берді:
– Ақылды болып кеткенсің бе, дублер? Онсыз да 
Рихардтың науқасына байланысты кестеден қалып 
қойдық. Бүгін ерте бастадық. Кәсіби маман оны алдын 
ала біліп отырады. Бірақ сен оны қайдан білесің, бар 
болғаны дублерсың. Сондықтан бар жылдам орныңа, 
Дублер! 
Карл тағы бірдеңе десе жұмысынан айырылып қала
-
тынын сезіп тұр. Ол мұрнының астынан:
– Түсінікті, Догги, – деді. 
– Мені қалай атадың, мал? – деді ызадан жарылардай 
болған Догги. 
«Қалай естіп қойды мынау?» деп ойлады Карл. 
Өйткені ол Карлдан он бес мертдей алыстап кеткен еді. 
Жағдай мәз емес еді. Карл жуып-шаймақ болып:
– Сені мұндағылардың бәрі солай атайды. Бәрі
жақсы, – деді.
– Жақсы ештемесі жоқ. Менің атым бар. Ал сен 
болсаң, бар-жоғы дублерсың, тірі манекен, ешкім емес
-
сің, – деп ақырды. 
Карл орнына барып тұрды. Ол режиссердың көмек
-
шісіне назар аудармауға тырысты, жарық қондыратын 
әріптестерімен сөйлесе бастады, олармен қарым-қатына
-
сы жақсы болатын. Олар оның Мексикаға барып келгенін 
білетін еді, сол туралы сұрай бастады. Ол жаққа қалай 
барғанына қызығушылық тудырып жатты. Карл сонан 
соң Марк, дон Хосе, екі ағаш, Анна туралы айта бастады, 
неге айтпасқа. 
Кенет арт жағына елеусіз жетіп келген Доггидің 
жағымсыз дауысын естіді:
– Демек, біздің дублер ғашық болып қалған ба? Ол да 
ғашық шығар? Мұндай адаммен қандай сұмырай байла
-
ныспақшы екен? Елестетіп тұрмын ... – деді де, бет-аузын 
тыржитып, қарқылдап күлді. 
Соңғы рет Карл бала-бақшада төбелескен еді. Деген
-
мен, қазір оның қолы қышып тұрған. Ол еріксіз жұды
-
рығын түйді. Егер бұл сөздер өзіне ғана қатысты болса, 
қоя салар еді, бірақ Анна туралы ... Бұл тым артықтау... 
Бірақ ол бұрылғанда, Доггидің ізі де жоқ болатын. 
Карл бәрін үнсіз тыңдап тұрған әріптестеріне қарата 
айтты:
– Сендер естідіңдер ме? – ол ашудан булығып тұр еді. 
Барлығы көздері мен жер шұқып, үнсіз қалды. Карл 
қоятын емес:
– Ол бүгін маған соқтықса, ертең сендерге тиіседі. 
Оны жақсы білесіңдер ғой. Өзімізді осылай басындырып 
жүре береміз бе? 
Бір кезде ассистенттердің бірі оған:
– Карл, сен өзгеріп кетіпсің, – деді. 
Оны екіншісі қостады:
– Иә, сені танымай тұрмыз. Мексикада өзгеше бір 
саңырауқұлақ жегеннен саумысың. Догги қиын адам, 
дегенмен ол бастық. Бұрын сен оған қарсы шықпайтын
-
сың. 
Карлдың зығырданы қайнады. Не деген қорқақ 
мыналар! 
– Егер біз өзімізді сыйласақ, мұрдай инабатсыздыққа 
жол бермеуіміз керек. Айналамыздағылар да өз-өзімізді 
сыйлағанымызға қарай қарым-қатынас жасайды, –
деді ол. 
Барлық бес әріптесі де басын шайқап, жан-жаққа 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет