149
148
ұнайсың, саған көп нәрсе үйретер едім. Маған сенімен
бірге рольді жаттап, репетиция жасаған ұнайды.
– Бір минут та ойланбаймын, – деп жанып кетті Карл.
– Фильм мафия туралы болса тіпті керемет!
Кейінірек Рихардтың ұсынысы қаржы жағынан да
жақсы ұсыныс екенін білді.
Жаңа фильмді тусіру үшін
командаға сол адамдар
жинақталды. Карл олардың көпшілігімен тіл табысып
үлгергендіктен, бұған қатты қуанды. Алайда, өкінішке
қарай, олардың арасында Догги де бар болатын. Режис
-
сердің көмекшісі неге екені белгісіз барынша әріптестерін
Карлға қарсы қоюға тырысты, ол туралы өсек таратты.
Жарық түсіру
бригадасындағы әріптестері, сондай-
ақ досы Герхард та, Карлдан бойларын аулақ салды. Үзілі
-
стердің бірінде Карл бұның себебін Герхардтан тікелей
сұрады.
– Сен өзіңді бәрінен артықпын деп санайсың ба? –
деді Герхард.
– Оны қайдан шығардың?
– Сені актер болғысы келіп жүр деп естідім.
– Иә, болғым келеді. Сендер олай армандаған
жоқсыңдар ма?
– Барын салып репетиция жасайды дейді ғой сені.
Атаққұмар болып кетіпсің ғой.
–
Әрине репетиция жасаймын, әйтпесе, мен роль
-
ді қайдан табамын, – деп түсіндірді Карл. – Мен жақсы
актер болатынымды сеземін.
Герхард оған жақтырмай қарады да:
– Мен саған: «Аяз би әліңді біл, құмырысқа жолыңды
біл» деген ақыл айтар едім, – деді де Карлдың жауабын
күтпестен бұрылып, кетіп қалды.
Кешке Карл бұл жағдай туралы Аннаға айтты.
– Кейбір адамдармен
өзің дамығанға дейін ғана
сөйлесе аласың. Сен өзгеріп, күшті бола бастағанда олар
жан тыныштығынан айырылады. Олар мұндай жағдайды
«сендер әрекетсіз не істеп жатырсыңдар?» деп жатқан
-
дай қабылдайды. Олар әрекет еткенді ұнатпайды және
тыныштығын бұзғанды жақтырмайды. Ал сен болсаң
оларға кедергі болып тұрсың.
Сондықтан да олар сені
ұнатпай отыр.
Бұл Карлға тосын жайт еді.
– Олар менен қауіптенетін сияқты. Мен репетиция
жасасам, олар өздерін кінәлап отыр деп ойлайды екен ғой
онда. Олай болса, біздің жолдарымыз екіге айырылғаны
ма сонда?
– Менің бұрынғы құрбыларым да солай қабылдады.
Сондықтан да мен кейбір адамдардың саған деген көзқа
-
расы өзгеруі мүмкін екенін білемін. Кейбіреулерімен дос
болып қалдым, кейбірімен әлі күнге дейін араласпай
-
мын. Сен жұлдыз боласың, мен оны сеземін. Бүгін сенен
бойын аулақ салып жүргендер: «Мен оның карьерасының
қалай басталғанын білемін» деп мақатанатын болады әлі.
Маған сен, олар сені дәріптейтін болады, – деді Анна.
– Ал мен сені дәріптеймін, – деді Карл. Оның шексіз
сенімі Карлға керемет қолдау еді.
Келесі күні Карл Марктен хабарлама алды:
Сонда да бұл жәйт Карлдың көңілін алаңдатты.
Михаэльге бір келгенде осы туралы айтты. Михаэль:
– Білесің бе, сен үлкен жетістікке жеткен кезде ол
Достарыңызбен бөлісу: