Өзіңді кінәламастан «жоқ» деп айтып үйрен.
Өзіңе ұнамайтын істермен айналысып жүру
-
ге өмірің жетпейді, өмір қысқа. Олардың көзін
жой.
159
158
қалмайсың ба?
– Иә, ол жағын шынында да ойламаппын.
– Енді сен ұсынысты қабыл алдың және артынша
бірнеше рольге ие болдың делік. Алайда қазір сен бас
тартсаң, басқа роль болмайды.
– Бұл менің үлкен қателігім болар еді онда. Өмірім
-
дегі зор мүмкіндікті жіберіп алар едім.
– Солай десе де болады. Ментальдық алхимия осын
-
дай нәрселерді зерттейді: қорқынышыңды өз мүддеңе
жұмса. Егер сен қорқыныштан қашар болсаң, ол тек
ұлғая береді, ал өзіндік сана кішіре береді. Сондықтан
қорқынышты одақтасың ет. Егер сен ұсынысты қабылда
-
масаң, қаншама қорқынышты нәрсе болатынын елестет.
Ол жағдайда не жоғалтатыныңды, жұрттың көңілін
қалдыратыныңды, өзіңді құрметтеуден қалатыныңды
әдемілеп суретте. Осы жағдайда қорқынышың саған
шешім қабылдауға көмектеседі.
– Алайда қорқыныш ешқайда кетіп қалмайды ғой, –
деп күмәнмен сұрады Карл.
– Әрине жоқ. Тек сен оны басқа – өз мүмкіндігіңді
жіберіп алу және өміріңде барлығынан айырылу деген
қорқынышпен алмастырасың. Бұл сенің бастапқы қорқы
-
нышыңнан да күштірек.
Марк пиджагінің қалтасынан кішкентай карточка
алды да, оны Карлға ұсынды:
– Ал, бұл саған. Мен қорыққан кезде өзім пайдала
-
намын. Ол менің бірнеше жағдайда құтқарған, саған
да көмектесері даусыз. Бойыңды қорқыныш билегенде,
осындағы сұрақтарға жауап бер.
Карл оқып шықты:
– Мен оны істемесем, ең қорқынышты қандай жағдай
болуы мүмкін?
– Ол менің өмірімнің соңы болуы мүмкін бе?
– Оның артының жаман жағдайға айналып кетпеуіне
қалай жол бермеуге болады?
– Қайсысы жаман: мен оны істесем бе, әлде мүмкін
-
дікті жіберіп алсам ба?
– Мен оны жүзеге асыратын болсам, қандай жақсылық
болар еді?
Сонан соң олар бірлесе отырып осы бес сұрақты
талқылады. «Мен оны істемесем ең қорқынышты қандай
жағдай болуы мүмкін?»
– Мен қобалжып, мәтінді ұмытып қалуым мүмкін.
Масқара болғанның көкесі сонда, – деді Карл.
– Шын мәнінде неден қорқатыныңды түсініп алған
маңызды. Сол кезде сен онымен күресе аласың. Қорқы
-
ныш белгісіз болған кезде қауіптірек, – деп түсіндірді
Марк. – Енді «Ол менің өмірімнің соңы болуы мүмкін
бе?» деген екінші сұрақты қарастырайық.
– Жоқ, – деп күлді Карл, – ондайды басыңнан өткіз
-
геннің өзі жақсы емес қой.
– Түсінікті. Жағымсыз жағдайдың қалай алдын
аламыз?
– Мұқият репетиция жасау керек. Бастысы – кездей
-
соқ жағдайларға дайын болу.
– Дәл солай. Ал қайсысы жаман: сенің бәрін ұмытып
масқара болғаның ба, әлде өміріңдегі басты мүмкіндікті
жіберіп алғаның ба?
– Мен түсінген сияқтымын. Егер мен оны жасама
-
сам, өмір бойы өкініп, өзімді жазғырып өтем.
– Тамаша. Ал егер ұсынысты қабылдасаң, ең керемет
нәрсе не болмақ?
– «Оскар» аламын, – деп әзілдеді Карл.
Марк күліп жіберді. Ол алдымен Карлдың сұрақтар
мәнін түсінгеніне, екіншіден, қысқа уақыт ішінде Карл
-
ды мүмкіндікті жіберіп алу ұятқа қалғаннан әлдеқайда
қорқынышты екеніне сендіргеніне қуанды.
Марк сабырлы қалпында:
|