167
166
оның бойынан ұшып бара жатқанын сезді.
Құдайға
шүкір, әйтеуір телефонын алуды ұмытпапты! Карл такси
шақырды да, дәрігерге барды. Қабылдау бөлмесінде адам
көп екен. Оның кезегі келгенде тізесі ісіп, қатты ауырып
тұрған еді. Бақытына орай, сынбаған екен,
дегенмен
сіңірлері қатты созылса керек. Дәрігер кем дегенде бір
апта жүре алмайтынын айтты. Медбике оған тізесіне
салмақ түсірмес үшін балдақ берді.
«Балдақпен жүгіру –
бұдан кереметті ойлап таба
алмассың. Инвесторлар алдындағы көрсетілімді естен
шығарса да болады енді» деп ойлады Карл.
Ол Маркке телефон соқты да жайсыз жаңалықты
жеткізді. Ол бірден:
– Таксиге мін де, бірден менің жұмысыма кел, сөйле
-
су керек. Бұл өте шұғыл.
Мен кездесулерімді кейінге
қалдырамын, – деді.
Карл Маркке көңіл-күйсіз келді. Не айтуға болады?
Бар мүмкіндіктен айырылғалы тұр.
Марк бірден іске көшті.
– Сен жаттығудың табыс кепілі екеніне сенесің бе?
– Әрине.
– Сен әдетте жай бүлкілдеп қана жүгіресің ғой. Осы
жылдамдықпен қанша жүгіресің?
– Бір қалыпты қарқынмен қырық минут.
– Бұл саған өте жайлы, әрине, сен мүмкіндігіңді
барынша пайдаланбайсың. Мен бұны дұрыс емес дегім
келіп тұрған жоқ: сен денсаулығыңды нығайту үшін
жасап жүрсің, іштей ширыққаныңды басады және денеңді
де ширақ ұстауға көмектеседі. Алайда осылай жүгіру
арқылы рекорд жасай аласың ба, әлемдік санаттағы спорт
-
шы бола аласың ба?
– Бола алмайтын шығармын. –
Карл Марктің не
айтқысы келіп отырғанын түсініп келе жатқан сияқты.
– Енді өзіңе ұнамайтын бір іспен айналысып жатыр-
мын деп ойла. Сен шаршағаныңа, қызықпайтыныңа,
қолыңды бір сілтегің келгеніне қарамастан, өзіңді барын
-
ша күштеп, соны жасауға тырысасың. Осындай жағдайда
сен
ары қарай әрекет етсең, онда бұл іс саған қызықты
деген сөз. Сен оны ұнағаннан емес, оны жақсы көрген
-
нен жалғастырасың, «Бұл менің өмірім.
Бұл менің
қызығушылығым. Мүмкін қазір бұны түсініп тұрған жоқ
шығармын, бірақ мен бұл істі жақсы көрем және кедер
-
гіден шығар жолды табамын. Менің қолымнан келеді»
дегенді түсінесің.
– Алайда, тізем расында жараланған ғой. Мен оны
ойдан шығарған жоқпын. Және ол қатты ауырып тұр.
Мен қолайлы жағдайда келісуге қорқып отыр едім, енді
тіпті не боларын білмеймін. Мен бәрі оңай болар деп
ойлағанмын, - деп қарсыласты Карл.
– Ұлы істер оңай жасалмайды.
Қиындықты жеңу
үшін өз ісіңді жақсы көруің керек, – деді Марк сабырлы
қалпында.
– Мен сенің не айтқың келіп отырғанын түсініп
отырмын, алайда бұл өте қиын. Мен қай жағынан шыға
-
рымды да білмей отырмын.
– Ол солай болуы керек! – Марктің жүзінен батыл
-
дықты байқауға болар еді. – Егер бұл жеңіл болса, оны кез
келген істей алар еді. Шыңға шығу үшін қиындықтардан
өтуге тура келеді. Махатма Ганди: «Бейнет көрген адам
ғана бақытты шын сезіне алады» деген екен.
Карл біраз ойланып қалды. Ол жетістікке осылай
жету керек екеніне сенімді емес еді. Ол:
– Әрбір адам жоғары жетістіктер туралы ойлауы
керек пе сонда? Мен Ганди емеспін ғой. Сен сонда дүкен
-
дегі кассир де өз мамандығында ең жақсы болуды ойлай
-
ды деп ойлайсың ба? – деп сұрады.