Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет28/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3

пайданылған әдебиеттер тізімі
1. Варфоломеева, Е.А. Биоценотическое обоснование применения энтомофагов в 
оранжереях ботанических садов Северо-Запада России: дисс. канд. биол. наук / Варфо-
ломеева Е.А. СПб.-Пушкин., 2009. - 187 с. 
2. Синадский, Ю.В. Проблемы и перспективы защиты растений в ботанических садах 
/ Синадский Ю.В. // Защита растений от вредителей и болезней. М., 1973. - Т. 2. - С. 6-15.
3. Нурмаматов, А.М. Вредоносность мучнистых червецов (Homoptera, Coccoidea, 
Psseudococcidae) в Таджикистане / Нурмаматов А.М. // Энтомология: ДАН РТ, 2006, - 
Т.49, №9, - С.860-865.
4. Hussey N.W., Scopes N. Biological Pest Control: The Glasshouse Experience. – Cornell 
University Press, Ithaca, New York, 1985, 240 p.
5. Бугаева Л.Н., Новиков Ю.Н., Кашутина Е.В. Особенности колонизации криптоле-
муса на культуре лимона в закрытом грунте / Мат. межд. научно-практ. конф. «Биологи-
ческая защита растений, перспективы и роль в фитосанитарном оздоровлении агроце-
нозов и получении экологически безопасной сельскохозяйственной продукции», 23–25 
сентября, 2008 г., Краснодар, с. 83–86.
6. Nicoli, G. Mediterian biodiversity as sours of new entomophagous species for biological 
control in protected crops / Nicoli G., Burgio G. // Bull SROP.- 1997. Vol. 20, №4. - P. 23-27.
7. Рак Н.С. Особенности биологической защиты растений в оранжереях Заполярья: 
автореф. дисс. канд. биол. наук / Рак Н.С. СПб., 2000. -22 с.
аҚмола облысы аРшалы ауДаны «пх аРшалы» Жшс 
ЖағДайынДа ЖайылымДыҚ ЖеРлеРДің кӨктем кезеңінДегі 
ЖағДайына сипаттама
Н.А.Серекпаев , ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор
А.А.Ногаев, PhD, аға оқытушы
Б.А.Ахылбекова, докторант
А.К.Марденова, магистрант
 «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» КеАҚ, Нур-Сұлтан қ.
Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, Алматы қ.
Климаттың өзгеруінен, шамадан тыс мал жаюдан және жайылымдарды жүйесіз 
басқарудан туындайтын құлдырау үрдістері жергілікті экологиялық проблемалар 
мен экономикалық қиындықтарға әкеліп қана қоймай, сонымен қатар топырақтың 
тығыздалуын, экологиялық коллапс нәтижесінде түрлердің жоғалуын, жайылымдағы 
өсімдіктер тобының ботаникалық құрамының әртүрлілігін жоғалтуға, ал макроөңірлік 
және жаһандық деңгейде – шаңды осы шалғай аудандардан Шығыс Азияға және тіпті 
АҚШ-тың Тынық мұхит жағалауына көшіретін көптеген қосымша өңірлік проблемалар-
ды туындатады [1]. Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы, мал жаюды мемлекетімізде 


60
2017 жылы қабылданған «Жайылым туралы заң» аясында бекітілген жайылымдарды 
басқару жоспарлары және «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті 
рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» нормативтерге сай жүргізу болып табылады.
Осыған байланысты 2018-2019 жж. Ақмола облысы Аршалы ауданында маусымдық 
жайылымдарды тиімді пайдалану және олардың әр кезең бойынша өзгеру динамикасы 
зерттелді. Ауданның жалпы жер аумағы 5,8 мың км², ал маусымдық жайылымдық жер-
лер көлемі 286,5 мың.га құрайды. Жайылымдарға геоботаникалық зерттеу жүргізуде 
жайылымдық массаны, яғни шөп оттылығын анықтау экспедициялық жұмыстар кезінде 
шабындықтар мен жайылымдардың өнімділігін есепке алу әдістемесі бойынша шабу 
әдісімен жүргізілді. Шикі массаны өлшеу әрбір қайталама алаңда бөлек жүргізілді, 
содан кейін олар кептіру үшін стандартты дәке қапшықтарына орналастырылды. Әр 
алаңда шабу алдында Раменский әдісі бойынша жобалық жабынды анықталды [2], ал 
өсімдіктердің ботаникалық құрамы анықтағыштар бойынша қаралды [3, 4].
Зерттеу жұмыстары ПХ Аршалы ЖШС-нің жайылымдық жерлерінде маусымдық 
жайылымдарға бөле отырып жүргізілді. Ол жерлер өз ішінен өсімдіктердің ботаникалық 
топтарына байланысты контурларға бөлінді. Көктем мезгілінде барлық жайылымдардың 
барлық контурлары бойынша өсімдіктердің ботаникалық топтарынан көпжылдық астық 
тұқымдас шөптер басымдылық көрсетті. Көктемгі жайылымның бірінші контурында 
доминантты болған көпжылдық астық шөптерінен кейін қызғылт укекіре (Rhaponticum 
repens) мен күйдіргі сарғалдақ (Ranunculus acris), екінші контурда қызғылт укекіреден 
(Rhaponticum repens) бөлек, Кауфман қандыгүлі (Pedicularis kaufmannii) кездесті. Ал 
жазғы жайылымдарда көпжылдық астық шөптерінен бөлек: 1-контурда ащы сүттіген 
(Euphоrbia еsula), 2-контурда қызыл беде (Trifolium rubens) өсімдіктері анықталды. 
Күздік жайылымдардың негізгі доминантты өсімдігі тарақша еркекшөп (Apropyrum 
pectiniforme) болып табылады. Еркекшөптен бөлек кәдімгі бетеге (Festuca sulcata), кәдімгі 
сиякок (Linaria vulgaris) және тағы басқа өсімдіктер өте аз үлесте кездесті (1 -сурет). 
1-сурет . «ПХ Аршалы» ЖШС жайылымдық жерлерінің көктем кезеңіндегі жер 
отының ботаникалық құрамы, %


61
Аталған жайылымдық жерлердің жер оттылығын келесі суреттен көруге болады: 
2-сурет . Маусымдық жайылымдардың жер оттылығы
Көктемгі жайылымның контурлар бойынша орташа жер оттылығы 1,19 т/га болып, 
барлық маусымдық жайылымдар арасында ең төменгі жер оттылық өнімділігін көрсетті. 
Жазғы жайылымның контурлар бойынша орташа жер оттылығы көктемгі маусымдық 
жайылымнан 1,24 т/га артық болды. Ал ең жоғарғы жер оттылық өнімділігін күзгі жай-
ылымдар көрсетті. Бұл күзгі жайылымда себілген еркекшөп доминантты өсімдік болуы-
мен түсіндіріледі. 
Аталған деректер жайылымдарды тиімді пайдалануда маңызды шара болып табыла-
тын ғылыми негізделген жайылым айналымдарын жасауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет