62
және елді мекен маңындағы жеке шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындарының мал
шаруашылығы саласын дамытуына кедергі болып отыр. Жайылымдық жерлерде өсімдік
тұқымдарының тұрақты шашылып, қайта жандануы үшін жайылымдық жерлерде жайы-
лым сыйымдылығы мен жайылатын мал басы арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы тиіс
[1].
АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша, ұзақ мерзімді жүйесіз
мал бағу әсерінен
жайылымдық дигрессия мен мал азықтық масса өнімділігінің төмендегені анықталған,
яғни жайылым жүктемесінің нормадан бірнеше есе артуынан жаз мезгілінде өсімдік
фитоценоздарының қайта өсіп шығуға мүмкіндік болмауынан регенерация үрдісінің
бұзылғаны себеп болған. Нью-Мексика штатында аталмыш мәселені загондық жүйені
пайдалану арқылы жоюға бағытталған зерттеу жұмыстарында малдарды загондық
жүйемен бағу әсерінен азот мөлшерінің азаятындығы анықталып, сонымен қатар загон-
дарды салу шығынын есептей келе толыққанды шешімін таба алмайтынын мәлімдеді [2].
А.Н.Байрашев зерттеулері бойынша, құлдыраған жайылымдардың артуы және
мал
азықтық құндылығы төмен, желінбейтін өсімдік қауымдастығының қаулап өсуіне
малдарды жайылымдық жерлерде орналасқан су маңында ғана жүйесіз бағу және сол
жердегі жайылым жүктемесінің артуы негізгі себеп болып табылатынын айтады [3].
А.А.Тореханов және И.И.Алимаев зерттеулерінде малдарды жүйесіз бағу салдарынан
топырақтың құнарлығы, физикалық қасиеті мен су режимі төмендеп,
жайылымдық
өнімділігіне кері әсері анықталған [4].
С.Робинсон және т.б. Орталық Азиядағы көпжылдық статистикалық және экспе-
рименталды зерттеу нәтижелерінде жайылымдық жерлердің құлдырауына жайылым
жүктемесінің артық болуы, малдарды жаю мерзімі мен әдісі, жайылымдарды толыққанды
пайдалану коэффициентін дұрыс пайдаланбауы әсер ететінін анықтаған [5].
Н.П.Кренке ойынша, жайылымдық жерлерде малдарды жаю жайылымдардың
құлдырауының негізгі факторы деп есептейді. Малдар өсімдік қауымдастығының
ассимиляциялық мүшелерін, оның ішінде гүлдерді жеу арқылы дамуына кедергі келетінін
атап өткен [6].
Қазақстан Республикасының жайылымдық жерлері шамамен 187 млн. га құрайды.
Жайылымдық жерлердің 70% -дан астам аумағының потенциалдық өнімділігі 25 млн
тоннадан
аса малазықтық бірлікке жетеді, сонымен қатар барлық елдердің ішінде 1
адамға шаққандағы малазықтық жерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші біздің елімізде
жоғары болып есептеледі [7]. Еліміздің жайылымдық жерлері жер бедері бойынша қатты
ерекшеленеді, мәселен, жайылымдық жерлердің 77 %-ға жуығы жазық далада, соның
ішінде 25 % құмды аймақта, ал 18 % таулы аймақтарда және 5 % жер бедері төмен
аймақтарда орналасқан [8, 9].
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы малдарының 87% жуығы ауылдық округ маңында
бағылатыны барлығына мәлім, сол себепті ауыл маңына қарасты жайылымдық жерлердің
өнімділігі төмендеп, малдармен тапталып топырақтың тығыздалуына әкеліп отыр, ал
жайылымдардың жыл сайынғы құндылығы төмендеп жатыр [10,11].
Республика бойынша мал азықтық жерлердің толыққанды
әрі біркелкі пайдалан-
бауы байқалады. Жайылымдық жерлерді белгілі бір жүйесіз пайдалану қазіргі таңда
өнімділігінің күрт төмендеуі мен құлдыраған жерлердің артуына әкеліп отыр. Құлдыраған
жерлерді азайту мен жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану мақсатында 2017 жылдың
20 ақпанында Қазақстан Республикасында «Жайылым туралы» заңы қабылданды.
Аталған заңмен қоса жайылымдарды пайдалану бойынша кейбір заңнамалық актілерге
бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2017 жылдың 24 сәуірінде жайылымдар-
ды тиімді пайдалану ережелері бекітілді, ал 27 сәуірде жайылымдық жерлердің құлдырауы
және шөлейттенуіне қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша әдістемесі бекітілді, соған
негізделе әрбір аудан, мемлекеттік маңызы бар қалалар жергілікті атқарушы билікпен
бірлесе отыра жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша жоспар жасауы
63
міндеттелді [12].
Қазақстан аумағында жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, сақтау және қайта
қалпына келтіру шаралары аса өзекті әрі қиын мәселе болып қала бермек, сондықтан
осы мәселені шешу мақсатында жайылымдық алқаптарда ғылыми зерттеулерді
жүргізудің қажеттігі аса маңызды деп санаймыз, оған қоса, табиғи жайылымдық жер-
лер мал азығының ең арзан көзі болып есептелетінін
және мал азығы рационындағы
үлесі шамамен 40%, көк балауса өнімінің 80% қамтамасыз ететінін ескеретін болсақ, мал
шаруашылығы саласының дамуына жайылымдық жерлердің жоғары маңызға ие екені
анық.
Ақмола облысы бойынша шамамен 6 475,8 мың га. жайылымдық жерлер бар, соның
ішінде 1 265,9 мың.га немесе 19,5% жақсартылған жайылымдық жерлер, суландырылған
жайылымдар 2 567,3 мың.га немесе 39,6% және шалғайдағы жайылымдық жерлер
918,5 мың. га немесе 14,2%. Ерейментау ауданы мал шаруашылығын дамыту бойынша
облыстың маңызды аудандардың бірі болып табылады және табиғи мал азықтық жерлері
1 750,0 мың га құрайды. Оның ішінде маусымдық жайылымдар 1 412,8 мың. га құрайды,
соның ішінде ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жер құрамында 944,8
мың.га, елді мекен жерінде 228,4 мың. га, өнеркәсіптік, қорғаныс, байланыс және өзге де
ауылшаруашылық мақсатта қолданылмайтын жерлерде 6,6 мың га, ерекше қорғаудағы
жерлерде 50,7 мың. га, орман қорындағы жерлерде 3,8 мың. га, су ресурстары жерлерінде
2,6 мың. га, жалға берілмеген жерлер құрамында 175,7 мың. га [13, 14]. Аудан бойынша
ірі қара мал 38,9 мың бас, ұсақ қара мал 71,3 мың бас, жылқы 21,5 мың бас тіркелген,
сондықтан осы ауданда оңтайлы жайылымдық мал жүктемесін мен мал азығына
мұқтаждығын анықтау үшін жайылымдарының қазіргі жай-күйінің аналитикалық
зерттеулерін жүргізу аса өзекті болып отыр.
Жасалған шолуды қорытындылай келе, Ерейментау ауданында жайылым аумағындағы
мал басының тиімді санын анықтау, мал басы санына
негізіделе отырып жайылым
айналымының кескіндерін жасау, шаруашылықтардың жайылымдық жерлерін түгендеу
бойынша мәселелердің жеткілікті дәрежеде зерттелмегенін көрсетеді.
Осыған байланысты, 2018 жылы осы бағытта С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ
ұжымының ғалымдары Ақмола облысы Ерейментау ауданына қарасты асыл тұқымды
етті бағыттағы қара малдарды өсіретін шаруашылықта ғылыми зерттеу жұмыстарын
жүргізуді бастады. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты шаруашылықтағы ірі қара мал
басының жайылымдардағы тиімді жүктемесін анықтап, жайылым айналымын кескінін
жасау және геоақпараттық технологияларды қолдана отырып, цифрлі карталар жасау бо-
лып табылады. Зерттеу нәтижелері цифрлық технология элементтерін пайдалану арқылы
жайылымдық жерлерді бағалауға, жайылымдағы мал жүктемесін анықтап, оңтайландыру
шаралары мен жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану
бойынша іс-шаралар мен
ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: