80
мен топырақтың ластануыадамзат тағамға қолданатын
өсімдік дақылдарында атал-
мыш заттардың қосылыстарының шоғырлануы қаупін тудырады. Өсімдіктерде
хлорорганикалық пестицидтердің ыдырау жылдамдығының төмендігі арқасында көп
жағдайда олардың құрамы осы өсімдіктер өсетін топырақта байқалатын шоғырлану
деңгейіне қарағанда бірнеше есе жоғары [1].
1960-70жж. Ақмола облысының ауыл шаруашылығы алқаптарының топырағында
хлорорганикалық пестицидтерді жоспарлы қолдану нәтижесінде осы аймақ ластаушы
заттардың айтарлықтай жинақталған орнына айналды.Әдеби дереккөздерге сүйенсек,
ДДТ (дихлордифенилтрихлорэтан) жаңа, химиялық өзгерген, яғни ДДЭ және ДДД,
хлорды
оттегімен, сутегімен дехлорлау немесе алмастыру кезіндехлорорганикалық
қосылыстардың қатарына қосылатыны белгілі. ДДТ, оның метаболиттерімен салыстыр-
малы түрде алғанда, ең айқын инсектицидтік қасиеттерге ие, сондай-ақ өсімдіктерге та-
мыр жүйесі мен жер үсті арқылы еніп, тіндермен қозғалуға және тұқымдарда жинақталуға
қабілетті [2].
Ақмола облысының топырақ жамылғысы жалпы табиғи ендік аймақтылығы мен
биіктік белдеуі жағынан заңдылықтарға бағынады. Облыс аумағыекі ендік топырақ
аймақтарында, үш кіші зонада және екі биіктік белдеулерде жатыр.Егер де Ақмола об-
лысын әкімшілік аудандарға (Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Бурабай,
Егіндікөл, Еңбекшілдер, Ерейментау, Есіл, Жақсын, Жарқайын, Зеренді, Қорғалжың,
Сандықтау,
Целиноград, Шортанды аудандары) бөліп қарасақ, әрқайсысының өзіне
тән ерекшеліктері бар [3]. Аталмыш аудандардың ішінде Целиноград ауданына ерекше
тоқталып өтсек. Осы ауданның топырағы қара қоңыр, карбонатты, сортаң болып келеді.
Механикалық құрамы бойынша сазды әрі сортаңды қара топырақ ұзақ шөгінділерге ай-
налып кеткен. Аумақ қиыршық тасқа әрі карбонатты саздаққа толы.
Жалпы Ақмола облысы негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерін нарыққа шығару
жөнінен алдыңғы қатарлы өңірлердің бірі саналады. Ауыл шаруашылығы өсу динамика-
сы 1999 жылдан бастап өсу үстінде. Жалпы алғанда аграрлық сектордың 20% - дан астам
бөлігі Ақмола облысының үлесіне тиеді. Ақмола облысының басты мәселесі - аграрлық
секторда экономикалық қатынастарды дамыту, жер ресурстарын ұтымды және тиімді
пайдалану, қорғау, нақтырақ айтқанда топырақ құнарлылығын сақтау, егістік секторла-
рын молайту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Алайда, қазіргі таңда Ақмола облысының топырақ жамылғысында шөлейттену, кебу
құбылысы артып, қауіпті сипат алуда. Одан бөлек, ластанған жерлердің көлемі ұлғайып,
құнарлылық төмендеді. Нақты дереккөздерге сүйенсек, 2015 жылғы 1 қаңтардағы
мағлұмат бойынша Ақмола облысында 571,6 мың гектар жер эрозияға ұшыраған, 17 мың
га - бүлінген жер [4]. Мұндай жағдайлар топырақтың жай-күйінің өзгеруіне, құнарлылығы
мен өнімділігінің төмендеуіне,
егістіктің азаюына, ауыл шаруашылық өнімдерінің на-
шарлауына, органикалық тыңайтқыштардың көмегіне жүгінуге әкеліп соқтырады.
Ғылыми ұйымдардың көпжылдық зерттеулерінің нәтижесінде топырақ жамылғысының
экологиялық апаттарға ұшырауынан сақтайтын қорғау үдеткіштері қолданыла бастады.
Қазақстанда шөлейттену процестерінің ұлғаюына елдің құрлықішілік жағдайы
ықпал етеді. Мемлекеттің табиғи ерекшеліктері табиғи ортаның антропогендік әсерлерге
төзімділігінің әлсіздігіне негізделеді. Мәліметтерге сүйенсек, ел аумағының 75% - ға
жуығы экологиялық тұрақсыздану қаупіне ұшыраған.Жердің тозған учаскелері жа-
бынсыз жел және су эрозиясына ұшырайды, топырақтың құнарлы қабаты жоғалады
және биологиялық өнімділігі төмендейді. Топырақтың химиялық құрамы топырақты
қалыптастыруға қатысатын барлық геосфералардың қарапайым құрамының көрінісі бо-
лып табылады. Сондықтан да барлық топырақ құрамына литосферада да, гидро -, атмо -
және биосферада да таралған немесе кездесетін элементтер кіреді [5]. Енді тек сөз жүзінде
емес, іс жүзінде қандай шаралар атқарылғанына көз жүгіртсек. Ақмола облысының Це-
линоград ауданында топырақ жамылғысына зерттеу жүргізу үшін Е.А. Бөкетов атындағы
81
Қарағанды гуманитарлық университетінің инженерлі бағыттағы зертханасында экспеди-
циялар ұйымдастырылған. Аталмыш зерттеу Целиноград ауданының әр 500 метр сайын
4 негізгі трансект (солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс) бойынша жүргізілген. Целиноград
ауданының солтүстік бағытының 2000 м бастап ауыл шаруашылығы алқаптары бастала-
ды, сондықтан да мұнда топырақ сынамасын алу мүмкін емес. Бағыттық тексеру бары-
сында талдау жүргізу үшін конверт әдісімен бес нүктеден 0-20 см тереңдікте топырақ
үлгілері алынған. Осыдан кейін
топырақты мұқият араластырып, орамдау әдісімен
салмағы 0,5 кг кем емес орташаланған үлгіге салынып, зертханаға тапсырылған. Зерттеу
нәтижесінде Целиноград облысының топырағында мыс пен кобальт өте аз мөлшерде,
нақты сандарға жүгінсек тиісінше мыс 98% ал кобальт 78% құраған. Сонымен қатар,
топырақ құрамындағы микроэлементтер ішінен марганец 66% құрап, химиялық құлдырау
деңгейі бойынша IV деңгейге орныққан [6].
Қорытындылай келе, топырақ жамылғысының тозуын алдын алу үшін топыраққа
антропогендік жүктеме деңгейін төмендету қажет. Ауыл шаруашылығы дақылдарын ек-
кен кезде топырақ құрамында жетіспейтін микроэлементтері бар микротыңайтқыштарды
енгізу қажет. Ал нақты іс-шараларға тоқталып өтсек:
- топырақ құнарлылығының тозуының себептерін зерттеу;
- топырақтың агрохимиялық зерттеу нәтижелерін талдау;
- құнарлылықты сақтау және топырақты қалпына келтірудің құралдары мен әдістерін
таңдау және минералды тыңайтқыштарды қолдану;
- топырақ жамылғысын қалпына келтіру үшін
материалдық және техникалық
құралдардын пайдалану, ауыл шаруашылығы техникаларының жаңа буынын пайдалану
және техникалар алаңын реттеу;
- агротехникалық және агрохимиялық іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
- жерді ұтымды пайдалану проблемаларын шешу;
- топырақ эрозиясымен күресу.
Сондай-ақ тозған топырақты қалпына келтіру үшін топырақты гумуспенқамтамасыз
етіп, ұйымдастырушылық-шаруашылық іс-шараларды көбейту керек. Мұндағы гу-
мус деп отырғанымыз - өсімдіктерге қажетті қоректік заттары бар, топырақтың негізгі
органикалық заты. Гумус топырақтың 85-90 % органикалық затын құрайды және топырақ
құнарлылығын бағалауда маңызды өлшем болып табылады [7].
Достарыңызбен бөлісу: