Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет39/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3

пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Изменение основных показателей плодородия почвы в оренбургской об-
ласти, А.П.Березнёв, кандидат сельскохозяйственных наук, директор ФГБУ гЦас 
«Оренбургский»,Достижения науки и техники АПК, №1-2014, стр 11-13
Variation in soil properties under different cropping and other land-use systems in Dura 
catchment, Northern Ethiopia, Tesfahunegn, G.B.a,Gebru, T.A.bDepartment of Soil Resources 
and Watershed Management, College of Agriculture, Aksum University, Shire-Campus, Shire, 
Volume 15, Issue 2, 2020, Номер статьи e0222476
Почвы и почвенный покров Центральной части Казахского мелкосопочника, О.Г. 
Ерохина, К.М. Пачикин Казахский научно-исследовательский институт почвоведения и 
агрхимии им У.У. Успанова, Алматы
Изменение агрохимических показателей плодородия почвы при длительном 
окультуривании, М.А. Мазиров д.б.н., Н.С. Матюк д.с.-х.н., В.Д. Полин, к.с.-х.н., Н.В. 
Малахов — Российский государственный аграрный университет – МСХА имени К.А. 
ТимирязеваСистемы земледелия и плодородие почв, № 1 (79) 2017, стр 15-19
Стороженко Д. М. «Почвы Карагандинской области», Алма-ата, 1970 г
«Рекомендации по системе ведения сельского хозяйства», Карагандинская об-
ласть, Алма-ата, 1982 г.
шалғам ДаҚылының тҰҚым ҚалыптастыРуына натРий гумат 
Өсу Реттегішінің əсеРін бағалау
А.Н. Анарқұл, магистрант
Н.Ж. Жанбыршина, а.ш.ғ.к., аға оқытушы
Нұр-Сұлтан қ., С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Өсімдіктердің өсу реттегіштері ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылып келе 
жатқан жаңа бағыттың бірі болып саналады. Өсу реттегіштер арқылы дақылдардың өсуі 
мен дамуын қадағалап, қажетіне қарай адамзат өзіне қажетті бағытқа қарай бұра алады. 
Минералды тұздарға қарағанда, топырақтағы құнарлылықты сақтау барысын-
да, дақылдарға натрий гуматты органикалық заттарды пайдаланған дұрыс болып 
келеді. Шалғам дақылына қажетті деген микроэлементтерді сіңіруге және тұзды мен 
құрғақшылықты агроэкожүйедегі органикалық заттар ретінде қолдану маңызды [1]. 
Шалғам дақылы үлкен аумақта қайталамасыз әдіспен өсірілетін ауыл шаруашылығының 
тез пісетін тамыржемістілер тұқымдасына жататын дақылы. Шалғам – ұзақ күннің 
өсімдігі [2]. 
Шалғам бағалы тамыржемісті, көкөністі дақылдардың бірі болып табылады. Оның 
тамыржемістерінің құрамында С, В дәрумендері, фитонцидтер, каротиндер, сахаридтер 
мен әр түрлі минералды заттардың мөлшері табылған [3].
Шалғам дақылын өсіруде өндіріске тиімді енгізу үшін оның биоөнімді процесін еске-
ру қажет, соның негізінде экологиялық қауіпсіз гуматты өсу реттегіштерді (препараттар) 
пайдалану арқылы іске асыруға болады [4].
Зерттеу жұмысының мақсаты – шалғам дақылының тұқым қалыптастыруына натрий 
гумат өсу реттігішінің әсерін бағалау.
Тәжірибелік жұмыстарға шалғам дақылының тұқымдары ашық танаптарда себіліп, 


90
вегетациялық кезең бойына зерттеуге алынды. Зерттеу жұмысының вегетациялық кезеңі 
114 күнді құрады. Зерттеу объектісі ретінде алынған натрий гумат өсу реттігішінің әсері 
бағаланды. Натрий гумат өсу рнеттегіші шалғам дақылы өскін шығарғаннан бастап, 
гулдену кезеңіне дейін қолданылды. Өсу реттегішнатрий гумат әр бір фенологиялық 
кезеңдерге өту барысында бүрку жұмыстары арқылы шалғам дақылына шашылды. 
1-кесте. Шалғам дақылының өсу кезеңіндегі өсімдіктер саны, дана (орташа 
көрсеткіштер)
Нұсқа/ кезеңдер
Себу мөлшері, 
кг/га
Өскіннің пай-
да болуы
Жебелену
Гүлдену
Пісу
Бақылау
20 кг/га
14
19
20
21
Натрий гуматтың 
әсері 5 мл – 
өсімдіктерді өңдеу
20 кг/га
14
20
18
18
Натрий гуматтың 
әсері 10 мл –
өсімдіктерді өңдеу
20 кг/га
14
22
25
25
Натрий гуматтың 
әсері 20 мл –
өсімдіктерді өңдеу
20 кг/га
12
19
20
21
Ескерту: кестедегі мәліметтер әрбір нұсқалардың орташа көрсеткіштері
Кестеде көрсетілгендей, бастапқы кезеңде өсімдіктердің санында айырмашылықтар 
байқала қоймаған. Бақылау нұсқасында 14 дана көрсетсе, ең төменгі көрсеткіш на-
трий гуматтың әсері 20 мл өңдеу нұсқасында байқалады. Жебелену кезеңіндегі ең 
жоғарғы көрсеткішті натрий гуматтың 10 мл нұсқасында байқауға болады, 22 дананы 
құрайды. Гүлдену процесі кезінде бақылау нұсқасына қарағанда, натрий гуматтың 10 мл 
нұсқасында 5 данаға артық. Пісу кезеңінде ең жоғарғы көрсеткішті натрий гуматтың 10 
мл нұсқасында – 25 дана өсімдікті құрайды.
Өсімдіктердің саны көп болған сайын, оның беретін тұқымдың өнімділік мөлшері де 
көбейе түспек. Осының нәтижесі 2-ші кестеде толығымен көрсетілген.
2-кесте. Шалғам дақылының тұқым қалыптастыруына натрий гуматтың әсері (орта-
ша көрсеткіштер)
Нұсқа/ кезеңдер
Себу 
мөлшері, 
кг/га
Өскіндер
Тұқым берген 
өсімдіктер
кг/га
%
кг/га
%
Бақылау
20 кг/га
15
75
10
50
Натрий гуматтың әсері 5 мл – 
өсімдіктерді өңдеу
20 кг/га
11
58
5
28
Натрий гуматтың әсері 10 мл – 
өсімдіктерді өңдеу
20 кг/га
17
88
13
68
Натрий гуматтың әсері 20 мл – 
өсімдіктерді өңдеу
20 кг/га
12
60
9
49
Кестеде көрсетілгендей, натрий гуматтың тұқымдық өнімділіктің нәтижесі берілген. 
Бақылау нұсқасында тұқымдық өсімдіктер 50%-ды құрайды. Ең төмен нәтижені 
натрий гуматтың 5 мл ерітіндісінде көрінді, ол 28%-ды құрады. Бақылау нұсқасымен 
салыстырғанда, натрий гуматтың 10 мл ерітінді нұсқасы жоғары көрсеткішті байқатты, 
ол бақылау нұсқасынан 18%-ға артық, яғни 68%-ды көрсетті.
Қорытынды. Дақылдарды алғашқы өскін шыққаннан бастап натрий гуматты өсу 
реттегішпен бүркеу жұмыстары басталады: әрбір бірінші, екінші, үшінші, нұсқаға 
сейкесінше 5 мл, 10 мл және 20 мл натрий гуматымен өңделеді. Бақылау нұсқасында 
ешқандай өңдеу жұмыстары жүргізілмейді. Шалғам дақылының тұқым қалыптастыруна 
натрий гуматтың әсері байқалды. Натрий гумат өсу реттігішінің 10 мл ерітіндісі жоғары 


91
нәтиже көрсетті. Тұқым қалыптастырған өсімдіктер 68%-ды құрайды. Ол бақылау 
нұсқасымен салыстырғанда, 18%-ға көп. Шалғам дақылының жоғары өнімділігін алу 
үшін өсу реттігіштер – натрий гуматты қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет