Е КІН Ш І БӨЛІМ
Басқа бір әдіс - бұзау
мен лақты енесімен бірге ұстау, бірақ олар-
дың көп еміп қоюына жол бермеу. Ең қарапайым тәсіл -
бұзауды немесе
лақты желінге жіберіп, исіне бастағанда қуып жіберу. Әдетте мұндай зор-
лыққа енесі де, төлі де қарсыласып бағады.
Кейбір бақташы тайпалар
сәл ұңғыттау әрекет жасайды: лақты сойып, етін жеп алады да, терісінен
тұлып жасап, иіту үшін енесінің алдына тастайды. Судандағы нуэр тай-
пасы табиғи әрі таныс иіс шығуы үшін тұлыпқа енесінің зәрін құяды. Нуэр
бақташылары басқа да қулық ойлап тапты:
бұзаудың тұмсығына тікенді
тұмылдырық кигізеді - еме бастағанда енесінің желіні ауырып, төлін өзі-
ақ жолатпайды9. Сахарада түйе өсіретін туарегтер сүтті сора алмас үшін
ботаның танауы мен жоғарғы ернін кесіп немесе тесіп тастайды10.
Аграрлық қауымдар қолға үйреткен жануарларға мұндай қатыгез-
дікті өне бойы көрсеткен емес. Қолға үйреткен аңдардың кейбіреулері-
нің айы оңынан туды деуге болады.
Еті емес, жүні үшін өсірген қойлар,
сүйікті мысықтар мен иттер, сондай-ақ жорық
пен бәйге аттары біраз
артықшылықтар иеленіп, мырғамға батты. Рим императоры Калигула
тіпті сүйікті айғыры Инцитатты сенат қызметіне тағайындағысы келген-
міс. Қүлиеленушілер өз құлдарына көңіл
бөлгені сияқты бақташылар
мен егіншілер де кей-кейде өз жануарларына жанашырлық танытып,
баптап бақты. Патшалар мен діни қызметкерлер өздерін «shepherds»
(«бақташы») дел атап, халыққа жасаған жақсылықтары мен қамқорлы-
ғын бақташының табынды бағып-күтуіне теңеуі тегін емес.
1 5 .
Қазіргі өнеркәсіптік фермадағы бұзау. Туған бойда оны енесінен ажыратып, көлемі
жануардың тұрқынан сәл-ақ үлкен шартаққа қамап тастайды. Оның орташа есеппен төрт
айдан аспайтын қысқа ғұмыры осындай қапаста өтөді. Ол шартақтан шықпайды, басқа
Достарыңызбен бөлісу: