Объединение юридических лиц в форме ассоциации «общенациональное движение «бобек»



Pdf көрінісі
бет49/82
Дата25.12.2023
өлшемі1,8 Mb.
#199244
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82
Байланысты:
12:1 МЕДИЦИНСКИЕ НАУКИ

Зерттеу нәтижелері мен талдау: 
Әйелдің репродуктивті және менструалды 
функциясы әдетте гипоталамо-гипофиз-аналық без және бүйрек үсті бездерінің қатаң 
нейроэндокриндік бақылауында болады. Гонадотропты рилизинг гормондарының циклдік 
секреция процестері фолликулалардың өсуі мен жетілуін, овуляция процестерін және 
стероидты гормондардың циклдік секрециясын қамтамасыз етеді. Эстрогендер мен 
прогестеронның әсерінен болатын эндометриядағы морфофункционалды өзгерістер 
ұрықтанған жұмыртқаны имплантациялау және егер цикл етеккірмен аяқталмаса
жүктіліктің сәтті дамуы үшін жағдай жасайды. Аналық бездерде болатын және менопаузаға 
әкелетін негізгі процестер эстроген мен прогестеронның бастапқы қорының біртіндеп 
сарқылуымен, фолликулалардың жетілуін тоқтатумен және олардың атрезия процестерінің 
жеделдеуімен байланысты. Нәтижесінде бұның бәрі аналық без функциясының біртіндеп 
төмендеуіне әкеледі. Менопаузаның басталу жасындағы жеке ауытқулар примордиальды 
фолликулалардың бастапқы санымен, яғни әйелдің аналық бездерінің фолликулярлық 
қорымен тікелей байланысты болып келеді. Примордиальды фолликулалардың 
максималды саны жатырішілік дамудың 5-ші айында қыздың аналық бездерінде 
анықталатыны белгілі және шамамен 6 млн- дай болады,ал туылған кезде фолликулалардың 
саны апоптоз процестері мен олардың күшейтілген атрезиясына байланысты 2 миллионға 
дейін азаяды. 
 
Қорытынды:
Менопауза – әйелдердің шамамен 80 % - ында болатын құбылыс. Негізгі 
себеп – аналық без функциясының төмендеуі. Біз биоматериалды алып, макро және 
микропрепараттарды микроскоппен қарап, ақпараттарды талдау арқылы мынадай 
қорытындыға келдік. Зерттеу кезінде климакстың ерте жастағы әйел затында ерте пайда 
болу себептерінің өте көптігі анықталды. Біз солардың ең негізгілерін айтатын болсақ, 
негізгі себептеріне стресс, шылым шегу,гормоналды препараттарды көп қабылдау және т.б. 
жатады. 
Қазіргі таңда ілім – ғылымның дамыған кезінде климакстыңда емі бар. Аналық без 
функциясын қалыпқа келтіру үшін гормональды препараттар қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет