5.6 Электрлік және жылулық жүктемелер графиктері
Жүктеме графиктері формасы бойынша бес топқа бөлінеді: өндірістік
жүктеме, коммуналды-тұрмыстық тұтыну, электрлік транспорт, көшелік
жарықтандыру, ауыл шаруашылық мұқтаждық. Өндірістік жүктеме бір және
екі ауысымдық кәсіпорындар арқылы түнгі және кешкі уақыттарда
төмендейді. Коммуналды-тұрмыстық тұтыну таңғы және кешкі уақыттарда
көбірек, кешкі пик ұзағырақ болады. Транспорттық тасымалдаулар пигі таңғы
және кешкі уақыттарға сәйкес келеді. Көше жарықтандыру максимумы түнгі
уақытта.
Ауылшаруашылық
тұтыну
графигі
өзінің
шамасының
маусымдылығымен жеткілікті біркелкі келген.
Жүктеменің жиынтық графигі типтік қысқы, типтік жаздық айлар үшін
барлық тұтынушылардың жүктемесін сағат бойынша қосу арқылы алынады.
Қысқы графиктің 2 пигі бар (5.12 сурет), жаздықтың – 3 (5.13 сурет).
Олай болуы күннің ұзақтығымен түсіндіріледі (жарықтандырылу бір
ауысымды кәсіпорындардың жұмысы аяқталғаннан кейін және транспорттық
тасымалдаулар аяқталғаннан кейін қосылады). Жаздық жүктемелер
абсолюттік мәні бойынша азырақ.
62
5.12 сурет - Қысқы тәуліктегі жүктеменің жиынтық графигі
5.13 сурет - Жазғы тәуліктегі жүктеменің жиынтық графигі
Электрэнергиясының жылдық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін
жүктеменің жылдық ұзақтық графигі (5.14 сурет) және айлық
максимумдардың жылдық графигі (5.15 сурет) пайдалынылады. Жүктеменің
ұзақтығы 210 қысқы тәулік пен 155 жазғы тәуліктерді қосу арқылы
анықталады. Жүктеменің жылдық ұзақтығы қисығының астындағы аудан
электрэнергиясының жылдық қажеттілігін анықтайды.
5.14- сурет Жүктеменің жылдық ұзақтығының графигі
63
5.15- сурет Айлық максимумдардың жылдық графигі
5.6.1 Электрлік жүктеменің пиктерін жабу тәсілдері.
Электрлік жүктемелерінің тәулік бойғы айтарлықтай әр келкілігіне
байланысты, жүктеменің салыстырмалы аз уақыттық, бірақ едәуір үлкен
пиктерін рационалды жабу маңызды тапсырмалардың бірі болып табылады.
Жүктеме максимумды пайдалану сағат санына қарай базалық, жартылай
пиктік және пиктік агрегаттар болып бөлінеді. Базалық электрстанциялар
үшін жүктеменің максимумын пайдалану жылына 6000÷7500 сағатты,
жартылай пиктік және пиктіктер үшін, сәйкесінше 2000÷6000 сағат және
500÷2000 сағатты құрайды.
Қазіргі ШЭС-тар мен ЖЭО-лар электр жүктемесінің айнымалы графигін
жабуға жағдайы жетпейтіндіктен, арнайы жартылай пиктік және пиктік
агрегаттарды құрастырып, оны іске қосу керек.
Жобалау
барысында
базалық
электрстанцияларға
алдымен
жоғарылатылған капитал салымдарын анықтайтын, жоғарғы жылу
экономдылығына талаптар қойылады. Жылына аз сағат санымен жұмыс
істейтін ЖЭС-тар үшін (пиктік және жартылай пиктік), негізгі талап ретінде
жоғарғы маневрлілік және аз капитал салымдарын жатқызады, бірақ бұл кей
кезде жылулық экономдылықты төмендету арқылы іске асады.
Электрлік жүктемелердің пиктерін жабудың негізгі тәсілдерін
қарастырайық:
1)
Іске қосу, тоқтату және жүктемені өзгертудің қарапайымдылығының
арқасында ең жақсы тәсіл су электрстанцияланын пайдалану болып табылады.
2)
Жиі іске қосылып, тоқталатын режимде жұмыс істейтін қарапайым бу
турбиналы энергоблоктардың қуат резервін пайдалану.
3)
Типтік және жартылай типтік бу турбиналар, газ турбиналар және бу-
газды су аккумуляциялық электростанциялар сияқты жоғарғы моневрлік
агрегаттарды пайдалану. Су аккумуляциялық электростанциялар электр
жүктеменің минималды кезеңінде желіден энергияны пайдалана отырып,
төменгі су қоймасынан жоғарғы су қоймасына су айдайды да, максималды
жүктеме кезеңінде СЭС сияқты жұмыс жасайды.
64
4)
Режимдік іс-шаралар (турбина алдындағы будың параметрлерін
өзгерту, АҚҚ ауа қысымын қабылдаушы, өшіру және т.б.) арқасында бу
турбинасы ЖЭС-тың уақытша асқын жүктелуін пайдалану.
5)
Энергияны кейін газ турбиналары қондырғыларда пайдалану үшін,
газ қоймасын қысылған ауамен толтыру арқылы аккумуляциялау, ыстық су
ретінде жылуды жинау және электрлік аккумуляторларға электр энергиясын
жинау.
Электр энергиясының пиктерінің өтуінің оңайлату үшін жүктеменің
максимумын түсіруге алып келетін, тұтыну режиміне активті әсер ететін
жүктеме графиктерін түзетуді пайдалануға болады. Осы мақсатқа жету үшін
төменгі түнгі тарифтарды пайдаланатын кәсіпорындарының жұмыс
ауысымын көбейту, әртүрлі географиялық бойлықтарда орналасқан
жүктемелердің максимумының әркелкілігін пайдаланатын бірлескен энергия
жүйелерді құрастыру, реттеуші тұтынушылардың болуы, оның жұмыс
сағатын энергия жүйе анықтайды.
Жылу жабдықтау жүйесін жобалауда ЖЭО мен қазандықтардың жұмыс
режимін
анықтауда
басты
мағынаны
коммуналды
–
тұрмыстық
жүктемелерінің ұзақтық бойынша жылдық график алады (5.16 сурет). Ол
жылу мен ыстық сумен қамтамасыз етуде жылудың жіберілуін қоса алғанда,
оның жыл бойғы максималды мәнінен минималды мәніне дейін жылумен
жабдықтаудың өзгерісін типтік жүктеме көрсетеді.
5.16 сурет - Коммуналды – тұрмыстық жүктеменің ұзақтық бойынша
жылдық графигі
Жылдық графикті құрастыру үшін төмендегі әдістер керек:
1) ЖЭО мен қазандықтарды салған кезде, жылыту кезінде сол ауданның
климматтық белбеуіне байланысты сыртқы температураның тұру ұзақтығын
білу.
2) Сыртқы ауаның температурасына байланысты ыстық сумен
қамтамасыз ету, жылу және желдетуге кететін сағат бойынша жылу шығынын
анықтау.
65
3) Желінің температурасының графигін тұрғызу (5.17 сурет).
4) Температуралық график және әрбір шығынның ұзақтығы бойынша
жылдық жылу беру графигін тұрғызу.
5.17 сурет - Желінің температуралық графигі
Достарыңызбен бөлісу: |