73
Дезинфектанттарды қолдануға дайындау.
Х л о р л ы ә к. Түйiршiктi ақ
түстi ұнтақ зат,
ылғалда тез бұзылады, оның сапасы заттың құрамындағы
белсендi хлорға байланысты. Стандартты хлорлы әкте белсендi хлор үлесi
25%-дан кем болмауы қажет. Ал белсендi хлор зат құрамында 15%-дан кем
болса дезинфекция жасауға жарамсыз деп саналады. Сондықтан хлорлы әктi
қолданар алдында ондағы белсендi хлор пайызын анықтайды. Белсендi
хлорды анықтау арнайы бекiтiлген методикалық ұсыныстар бойынша жүргi-
зiледi.
Хлорлы әктiң қажеттi концентрациясын дайындау үшiн төмендегiдей
формула қолданылады:
Х=100 а/в
Х – бастапқы хлорлы әктiң саны (кг)
а – жұмыстық ерiтiндiде алуға болатын белсендi хлор концентрациясы
(%)
в – құрғақ хлорлы әктегi белсендi хлор концентрациясы (%)
100 – 100 л суға аудару коэффициентi.
Мысалы құрамында 25% хлор концентрациясы бар хлорлы әк бар, одан
белсендi хлоры 3%-ды дезинфекциялық ерiтiндi дайындау қажет.
Қажеттi
ерiтiндi дайындау үшiн Х-тi мына формуламен анықтайды:
Х=100 х 3/25=12 кг.
Яғни 3%-ды белсендi хлоры бар ерiтiндi дайындау үшiн құрамында 25%
хлор бар 12 кг құрғақ хлорлы әкке 100 литр су қосады.
Практикалық жағдайда 10% немесе 20%-да хлорлы әктiң судағы
ерiтiндiсi қолданылады. Оны хлорлы әктiң сүтi деп атайды. Бұндай
ерiтiндiлердi (өлшемдердi) құрамында 25% белсендi хлоры бар хлорлы әктен
дайындайды. Ол үшiн сәйкес ыдысқа қажеттi хлорлы әктi салып, оған аздап
су қосып, ағаш күрекшемен қою ботқа күйге дейiн (түйiршiктерсiз)
араластырады. Одан кейiн тұрақты араластыру арқылы қажеттi көлемге
дейiн
қалған суды қосады. Нәтижесiнде 2,5-5%-ды белсендi хлоры бар хлорлы әк
сүтiн дайындайды. Егер де құрғақ хлорлы әкте белсендi хлор 25%-дан кем
болса, онда
қайта есептеп, қажеттi хлорлы әк қосылады.
Ветеринариялық практикада хлорлы әк ерiтiндiсiмен қатар к ү й д i р г i ш
н а т р и й кең түрде қолданылады. Ол суда жақсы еридi. Шаруашылық
жағдайында тазартылмаған техникалық препарат – каустикалық сода
қолданылады. Күйдiргiш натрий сатылымда құрамында 42% NaOH ерiтiндiсi
түрiнде немесе 92-95%-ды кристалды, қатты зат түрiнде кездеседi. Гидроокис
натрий ерiтiндiлерiн қарапайым түрде су қосып дайындайды. Тек қана бұл
ерiтiндiмен тоңазытқыштарды дезинфекцияламау қажет.
Себебi қондырғы-
ларды iстен шығаруы мүмкiн.
Ф о р м а л и н – формальдегидтiң 35-40%-дық судағы ерiтiндiсi.
Формалинде 40% формальдегид болуы қажет. Бұл дезинфектантты аузы нық
жабылған ыдыста 9
0
-тан төмен емес температурада сақтау қажет. Формалин
ерiтiндiсiн даярлағанда формальдегидтiң пайызын анықтау қажет. Ол үшiн
74
5 см
3
формалинге 95 см
3
дистильденген су қосып, жақсылап шайқайды.
Арнайы колбаға 30 см
3
1 нормальды гидроокиснатрий ерiтiндiсiн құйып, оған
арнайы дайындалған 5 см
3
формалин ерiтiндiсiн қосып, араластыра отырып,
үстiне 100 см
3
0,1 нормальды йод ерiтiндiсiн құяды. Колбаның бетiн тығын-
дап, қараңғы жерге 30 минутқа қойып, онан кейiн оған 40см
3
1 н. тұз
қышқылын қосады. Нәтижесiнде түссiз қоспа ашық қоңыр түске боялады.
Қоспаны 0,1 н. натрий тиосульфатымен солғын сары түске дейiн
титрлеп, 1 см
3
1%-ды крахмал қосып, толық реңi түссiзденгенше титрация-
лауды жалғастырады.
Формалиндегi формальдегидтiң пайызын төмендегiдей формуламен
анықтайды:
Достарыңызбен бөлісу: