Лекция Геоақпараттық жүйелер туралы жалпы түсінік. Гаж-дың


Лекция 10. Деректер сипаттамалары. Бастапқы деректерді алдын ала өңдеу



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата25.05.2024
өлшемі0,84 Mb.
#202896
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дәрістер 1-15

Лекция 10. Деректер сипаттамалары. Бастапқы деректерді алдын ала өңдеу. 
ГАЖ жобасына деген алғашқы қадам – кеңістіктік деректер қорын құру. Картаны 
сандық түрге аудару үшін деректерді қорғау мен оларды пайдалану құрылымдарын 
ұйымдастыру қажет. ГАЖ-дың барлық күші графикалық және суреттелген ақпараттарды 
біріктіру, объектілер арасындағы байланысты сақтау және басқаруда жатыр.
ГАЖ үшін ақпараттардың басты екі типі – кеңістіктік пен атрибутивті немесе 
тақырыптық деректер қоры болып табылады. Векторлы ГАЖ-дың кеңістіктік ақпараты 
географиялық объектілердің орналасуы мен көрінісін бейнелейді. Тақырыптық ақпараттар 
объектілердің сандық және сапалық сипаттамалары мен олардың арасындағы байланысты 
бейнелейді. 
Картографиялық деректер қорын құрудың қабылданған сызбанұсқасына сәйкес, 
иерархиялы немесе хабарлама (реляция), яғни объектілердің байланыстары мен қарым-
қатынастарын беруші түрінде болуы мүмкін. Одан басқа, деректер қоры 
орталықтандырылған болуы мүмкін, бұл жағдайда олар бір жерде бірыңғай ақпараттық 
массив түрінде орналастырылады.
Деректер қорының мазмұны, карта тақырыптары сияқты алуан түрлі. 
Топографиялық деректер қоры – орны, оның жер бедері, гидрографиясы, жол желісі, 
тұрғын пункттері, шекаралары – топографиялық карта мазмұны құрылған барлық 
мәліметтер жөніндегі сандық ақпараттардан тұрады. Геологиялық, геофизикалық, 
экологиялық, метеорологиялық, тау-кен, геодезиялық, кадастрлы, экономикалық және 
басқа деректердің сандық қоры бар. Картаға түсірілетін барлық деректер сандық түрде 
берліп, деректер қорына енгізілуі мүмкін. 
Объектінің түсініктемесі .
Атрибуттер 
– бұл алдымен деректер қорындағы сандық 
немесе таңбалық сипаттамалар, олар сол қарапайымдыларға да, объектілерге де жатады. 
Осы түрдегі атрибуттерге – сақталатын деректер, әдетте толық, нақты және символдық 
типтер жатады. ГАЖ-дың дамуына байланысты қолданылатын атрибуттердің алуан түрлігі 
өсуде. Көптеген ГАЖ-да графикалық және аудио-атрибуттер (мысалы, объектілердің 
растрлық түрлері немесе олардың аудиожазылымдары), сонымен қатар “әрекет” немесе 
«тәртіп» атрибуттері, яғни белгілі бір жағдайларда орындалуы тиіс функциялар 
қолданылады (мысалы, объектіні таңдағанда, атмосфераны ластау объектісіне жұмсалатын 
қаражатты есепке алу). 
Топологиялық модель ГАЖ-дағы өзара ерекше байланысқан көптеген графикалық 
деректер, объектілер бір топ объектілерді біріктіретін топологиялық сипаттамаларын талап 
етеді. Ол – топологиялық модельдер жиынтығын құрайды. 
Жалпы мағынада топологиялық сөзі – объекті моделінде ГАЖ деректерін әртүрлі 
кеңістіктік талдама үшін пайдалануды кеңейтетін өзара байланыстар сақталады дегенді 
білдіреді.
ГАЖ-дың топологиялық сипаттамалы графикалық модельдері автоматты жобалау 
жүйесі (АЖЖ) моделінен едәуір ерекшеленеді. Сәйкесінше, бұл ерекшелік осы жүйелердің 
бағдарламалық- техникалық қамтамасыздануында қарастырылады. 
ГАЖ-дың маңызды құрамды бөлігі тақырыптық ақпараттан құралған деректер қоры 
(ДҚ) болып табылады. Қазірдің өзінде, есте сақтау құрылғыларының бағасы едәуір 
арзандауына байланысты, ақпараттарды ДҚ-да сақтау – арзан. Компьютерлерді пайдалану, 
сонымен қатар мәтіндерден басқа сызбаларды, жазба түріндегі құжаттарды, суреттерді, 


дыбыс жазбаларын, т.б. сақтауға мүмкіндік беретіндігімен қолайлы. Іс жүзінде кез келген 
ақпарат компьютерлік түрде берілуі мүмкін.
ДҚ пайда болуынан, деректердің бағдарламаға тәуелді болуы мен ақпараттардың 
қайталануына байланысты проблемалар жойылды. ДҚ- ны деректерді тиімді түрде бір 
немесе бірнеше қосымшалар үшін пайдалануға мүмкіндік беретін минималь артық 
шығынның болуы кезінде өзара байланысқан, бірге сақталатын сол деректердің жиынтығы 
ретінде анықтауға болады; деректер осы деректерді пайдаланатын бағдарламаға тәуелсіз 
болатындай етіп сақталады; жаңа немесе бар деректердің модификациясын қосу үшін, 
сондай-ақ деректерді ДҚ-дан іздеу үшін жалпы басқару тәсілі қолданылады. Деректер – 
қосымшаларды әрі қарай өсіру мүмкіндігін қамтамасыз етілетіндей етіп құрылады. 
ГАЖ-дағы деректер алуан түрлі: ол объектілер жөніндегі ақпарат, жер бетінің 
сипаттамасы, объектілер арасындағы байланыс пен түрлері туралы ақпарат, әртүрлі 
бейнелеуші мәліметтер – деректер қорында сақталатын бірыңғай жалпы модельге 
түрленеді. Бұл деректер алуан түрлі объектілер моделін түзеді, әрі олар деректер қорының 
ақпараттық негізін береді. Деректер қорында сақталған ГАЖ объектілерінің модельдері – 
деректер моделі деп аталып, аса қарапайым бөліктерден тұрады. ГАЖ-дағы деректер 
модельдерінде күрделі көп деңгейлі жүйе бар, оның төменгі деңгейлері –қарапайым 
деректер моделінен құралған. Қарапайым модельдерден – аса күрделі модельдер құралады. 
Модель –
объектінің жалпы қасиеттерін бейнелеп береді. Талдау негізінде тиімді 
модельді таңдап алу үшін деректер қорын қарастырудың әртүрлі аспектілері мен бағалау 
өлшемін қолдану қажет:
1. семиотика – модель үш негізгі сипаттамалардан құралуы тиіс: синтаксис, 
семантика және прагматика. Мұндағы құру ережесі, объектінің қасиетін, қасиеттерінің 
мәнінен құралған қарапайым модельдердің мазмұнын анықтайды;
2. типтеу – объектілер класының жалпы қасиеттері мен нақты объектінің жеке 
белгілерін көрсетеді;
3. өзгеріштігі — барлық ақпараттық кеңістіктік. Ол уақытша сипаты бар және 
бірнеше уақыттан кейін жаңартылуын талап етеді;
4. өзара байланыс – модельдің жеке бөліктері, оның құрылымын түзеді. 
Векторлы, растрлы модельдер ГАЖ-дағы деректер қорының көзбен шолу негізін – 
векторлы және растрлы модельдер құрайды. Деректер типі бойынша ГАЖ модельдері:
1.векторлы;
2. растрлы болып бөлінеді.
Деректердің векторлы модельдері, барлық кеңістікті алған растрлы модельден 
өзгеше кеңістіктің бір бөлігін алатын векторларда құрылады.
Векторлы модельде 
нүкте, сызық және полигон туралы ақпараттар кодталып, Х, У 
координаталар жинағы түрінде сақталады.
Нүктелі объект 
– сандық карта объектісі, оның метрикалық сипаттамасы, бір нүкте 
координаттарымен берілген.
Сызықты объект 
– сандық карта объектісі, оның метрикалық сипаттамасы 
нүктелерінің координаталары тізбегімен берілген.


Растрлы модель 
үшін бірқатар сипаттамалар бар:
1.рұқсат беру – бір пиксельмен сипатталатын кеңістіктің ең кіші аймағының 
(бетінің) минималь сызықты өлшемі. Пиксельдер әдетте тік бұрыштарды немесе квадратты 
береді, ал үшбұрыштар мен алты бұрыштар сирек қолданылады. Ең кіші өлшемді 
ұяшықтардың рұқсаты, өте жоғары. Жоғары рұқсат деп – детальдар молшылығын, көп 
ұяшықтарды, ұяшықтардың минималь өлшемін айтады; 
2.мәні – растр элементінде (пиксельде) сақталатын ақпарат элементі;
3.бағыт – солтүстікке бағытталу мен растр бағаналарының орны арасындағы бұрыш; 
§ орны – әдетте растрда сипатталған кеңістіктің әрбір элементінің орнын анықтайтын реті, 
координаталар жұбымен (тік жолдың нөмірі мен бағана жолдың нөмірі) беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет