Техникалық жобалау екі бөліктен тұрады: функционалды жүйеден (операциялар)
және жүйенің деректер қорынан.
Бірінші бөлігі, жүйенің негізгі сараптама түрлерін орындайды. Деректер қоры – бұл
электронды карталар жиынтығы және оған сәйкес компоненттер.
Кез-келген жоба
концепциялық деңгейден жеке немесе деталды деңгейге қозғалыс жасап, соңғы деңгей іске
асыру дңгейіне ұмтылады. Деңгейден деңгейге жылжу функциялық білімді кеңейтеді және
деректер қорын ұлғайтады.
Мұқиятты концепциялық жобалау – кез-келген ГАЖ-ды құрудың маңызды қадамы.
Осы кезеңде жүйенің негізгі түрі мен деректердің қажеттілігі анықталады.
ГАЖ талаптары әртүрлі ұйымдық схемаларда көптеген мәселелерді шешу үшін
қолдану ГАЖ-дың жобалау процесін әр түрлі тәсілдерімен түсіндіреді.
ГАЖ-ды жобалау процесінің негізгі бес кезеңі бар.
1)
Шешім қабылдау жүйесін сараптау. Бұл процесс барлық шешім түрлерін
анықтаудан басталады, оларды қабылдау үшін ақпарат қажет. Әрбір кезеңнің және
функционалды ортаның қажеттіліктері ескерілуі тиіс.
2)
Ақпараттық талаптарды сараптау. Бұл кезеңде әрбір шешімді қабылдау үшін
ақпараттың қандай типі қажет екені анықталады.
3)
Шешімді агрегациялау, яғни шешім қабылдау үшін бірдей немесе бір-біріне
ұқсас ақпарат қажет ететін мәселелерді топтастыру.
4)
Ақпаратты өңдеу процесін жобалау. Бұл кезеңде ақпаратты жинау,
сақтау
және модификациялаудың шынайы жүйесі жасалады. Персоналдың есептеу техникасын
қолданудағы мүмкіндіктері ескерілуі тиіс.
5)
Жобалау және жүйені бақылау. Ең маңызды кезең – жүйе құру және оны
жүзеге асыру. Бұл кезеңде жүйенің әр түрлі позициялардағы жұмыс істеу қабілеттілігі
бағаланады және қажеттілік туған жағдайда оны түзету жүргізіледі. Кез-келген жүйенің
кемшіліктері
бар екені белгілі, сондықтан оның жұмыс істеуін икемдеу және ыңғайлау
керек.
Геоақпараттық
технологиялар
көптеген
еңбек
сыйымдылығы
жоғары
операцияларды автоматтандыруға бағытталған. Бұрындары бұл адамның уақытын,
энергиясын, психологиясын және басқа да көптеген еңбектерін қажет ететін. Алайда,
технологиялық
тізбектің
әртүрлі
кезеңдері
үлкен
немесе
кіші
мөлшерде
автоматтандырылады. Бұл ең алдымен, алдағы мақсаттардың
дұрыс қойылуына
байланысты болуы мүмкін.
Ең алдымен, өңдеудің нәтижесінде алынып қолданылатын ақпараттық өнімдерге
және шығатын материалдарға қойылатын талаптар. Сонымен қатар, бұл жерге карта, кесте,
тізімдер, құжаттар шығаруға және құжаттарды іздеуге қойылатын талаптарды жатқызуға
болады. Нәтижесінде «енген мәліметтердің жалпы тізімі» деген шартты атаудағы құжат
құрылуы тиіс.
Келесі қадам – құрылатын жүйенің приоритеттерін анықтау,
оның негізгі
параметрлерін құру реті (территориялық қамту, функционалдық қамту және деректер
көлемі). Одан кейін, қолданылатын деректерді пайдаланудың максималды мүмкіндіктері
ескеріле отырып оларға талаптар қойылады.