Лекция Геоақпараттық жүйелер туралы жалпы түсінік. Гаж-дың



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата25.05.2024
өлшемі0,84 Mb.
#202896
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дәрістер 1-15

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Лекция 2. ГАЖ туралы ғылым. ГАЖ құрылымы 
 
Геоақпараттану – бұл географиялық ақпараттық жүйелерді ғылыми дәлелдеу, 
жобалау, құру, пайдалану және қолдану туралы ғылым, ол –технология және өндірістік 
әрекет. ГАЖ 1960 жылдардың басында құрылды. Қазір өнеркәсібі дамыған елдерде 
мыңдаған ГАЖ бар: олар геодезия және картографияда, кадастрда, ресурстарды басқаруда, 
табиғат пен экологияны қорғауда, экономикада, тіпті саясатта да қолданылады. 
1. Аппараттық құралдар: қазіргі уақытта ГАЖ компьютерлі платформалардың 
әртүрлі типтерінде, орталықтандырылған серверден жеке немесе үстел үстіндегі 
байланысқан компьютер желісіне дейін жұмыс істейді.
2. ГАЖ-дың бағдарламалық қамтамасыздандырылуы: географиялық (кеңістіктік) 
ақпараттарды сақтауға, талдауға және көзбен шолуға (визуализация) қажетті функциялар 
мен құрал-жабдықтардан тұрады.
3. Берілген деректер: қажетті тақырыптық қабаттары бар дайын карталар немесе 
ғарыштық түсірімдер, аэрофототүсірімдер, т.б. түрінде берілуі мүмкін.
Кез келген ГАЖ екі типті – графикалық және атрибутивті немесе тақырыптық 
деректер қорымен жұмыс істейді. Ал графикалық деректер қорында графикалық немесе 
метрикалық негіз деп аталатын деректер сақталады; атрибутивті (анықтауыштық) карта 
жүктемесі және кеңістікке жататын, бірақ картаға тура түсірілмейтін қосымша деректерден 
– аумақтың сипаттамасы немесе есептемедегі ақпараттан тұрады.
Қордың екі түрі сандық деректі файлдарды (жинақтар) береді. Осы деректермен 
жұмыс істеу үшін ГАЖ-дың деректер қорын (базасын) басқару жүйесі (ДҚБЖ) болуы 
керек. ГАЖ-дың деректер қорын басқарудың – жеке метрикалық және атрибутивті 
ақпараттар үшін екі жүйесі бар. ДҚБЖ көмегімен ақпараттарды деректер қорында іздеу, 
сұрыптау, қосу және түзету жүзеге асырылады. 
Кез келген ГАЖ-да ДҚЖБ-дан басқа, деректерді көзбен шолу жүйесі бар. Ол 
ақпараттарды экранға карта, кесте, сызбанұсқа (схема), т.б. түрінде шығарады, әрі 
деректерді талдау жүйесі де бар. Оның көмегімен олардың өңделуі мен талдауы жүзеге 
асырылады (2.1-сурет). 
2.1-сурет. Геоақпараттық жүйелердің типтік құрама бөліктері 
Сонымен қатар, ГАЖ-дың ақпараттарды енгізу және шығару жүйелері қажетті 
құрамды бөліктері (компонент) болып табылады. 


Енгізу жүйесі – бұл деректердің алынуына жауап беруші бағдарламалы блок; оның 
керек көздері бейнелерді растрлы суреттер түрінде шығаратын сканер, карталардың 
сандандырылуы жүзеге асырылатын дигитайзер (сандандырғыш), электрондық теодолит 
пен басқа геодезиялық құралдар сияқты әртүрлі электрондық құралдар болуы мүмкін. 
Ақпаратты клавиатурадан қолмен немесе басқа компьютерлік жүйеден енгізуге болады. 
Оның көздері арнайы жұмыс бекеттерінде өңделіп шығарылатын аэрофото- және ғарыштық 
түсірімдер болуы мүмкін (2.2-сурет). 
2.2-сурет. Ақпараттарды ГАЖ-ға енгізу көздері 
ГАЖ-ды шығару жүйесі, жұмыс нәтижелерін пайдаланушыға қолайлы түрде беруге 
арналған. Мысалы, плоттердің (графасалушы) көмегімен өте сапалы қара-ақ және түрлі-
түсті бейнелер – іс жүзінде даяр картаны алуға болады. Сонымен қатар әртүрлі лазерлі 
принтерлер де қолданылады. Жұмыс нәтижелері дискіде жазылған бейнефильмдер, есеп 
беру түрінде басылып шығарылып, желі арқылы сыртқы компьютерлік жүйелерге жіберілуі 
мүмкін (2.3-сурет).
2.3-сурет. ГАЖ-дың шығару жүйесімен деректерді беру 
Әдетте деректерді енгізу/ шығару мүмкіндігінің кең спектрі тек кейбір ірі ГАЖ-
дарда ғана бар. Көптеген жүйелер деректерді енгізу/ шығару варианттарының шектелген 
жинағына ие. Жүйені ұстанатын құрылғылардың нақты тізімі, тұтынушы сұранысы 
бойынша жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет