Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»


Әдебиеттер 1. Қазанбаева Н.Т.,  «



Pdf көрінісі
бет202/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

Әдебиеттер
1. Қазанбаева Н.Т., 
«
Жүсіпбек Аймауытов шығармаларын орта мектепте оқыту мәселелері
»
Автореферат. Алматы, 2010. 
2. Крюкова Е.А. тұлғалық-дамытушылық білім беру технологиялары: табиғат, дизайн, Іске 
асыру. Волгоград: Үзіліс, 1999. 195 б. 
3. Леонтьев а. а. оқытудағы ұжымдық іс-әрекет психологиясы // бастауыш мектеп, 2002. № 
11. Б.3-6. 
ӘОЖ (371-058.862) 
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Әбішева Л.П., Сарман М.П.

ОҚМПУ, Шымкент, Қазақстан


 
Резюме
В статье рассматриваются основные особенности социального педагога. 
 
Summary
The article discusses the main features of a social teacher 


563 
XX-XXI ғасырда Қазақстанда білім берудің жүйесіндегі әлеуметтік педагогтың 
жұмыс теориясының қалыптасуы қазіргі жалпы әлеуметтік жұмыстың негізі 
болып табылады. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер осы негізгі 
теориялардың барысында реттеліп, өзінің оңтайлы шешімін тауып отырады. 
Әлеуметтік педагогикалық құбылыстарды, нақтылы оқушылардың әлеуметтік 
жағдайын талдап, бағалай білу, олардың әлеумет тік мәселелерді тиімді 
шешудің жолдары мен тәсілдерін білікті түрде анықтауда осы әлеуметтік-
педагогикалық жұмыс теориясының алар орны орасан зор.
Жалпы әлеуметтік жұмыстың әрекет ретіндегі мақсаты - адамның қоғамдағы 
экономикалық, әлеуметтік, құқықтық қатынастарын реттеу, оған туындаған 
проблемаларын жеңуге көмектесу және қолдау көрсету болып табылады. Ал 
әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі мақсаты - нақты әлеуметтік 
процесстердің заңдылықтарын, жұмыс істеу қағидаларын және дамуын, 
қоғамдағы жеке адамның азаматтық құқығы мен бостандығын қорғау кезінде 
әсер ететін психолого-педагогикалық және басқарушылық факторларының 
динамикасын зерттеу. 
Қазақстандық мамандардың пікірінше, әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі 
объектісіне әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың өмірлік мүдделерін жүзеге 
асыруға әсер етуді реттеп тұратын және қоғамда әлеуметтік үйлесімділіктің 
дамуына бағытталған байланыстар, өзара әрекеттестіктер, механизмдер, 
тәсілдер мен құралдар жатса, пәніне әлеумет тік процестердің дамуының 
заңдылықтары мен қағидалары, олардың қоғамда жеке бастың азаматтық 
құқығы мен бостандығын қорғау кезінде әсер ететін әртүрлі факторлар 
динамикасы жатады. 
Қазіргі кезде жаңа мамандық ретінде әлеуметтік педагог білім беру жүйесінде 
оқушылардың әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін шешуде мектептегі 
педагогикалық үдерістің негізгі субъектісіне айналып отыр. Себебі, білім 
мекемелерінде шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа оқыту 
технологияларын жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан әлеуметтік 
педагог қажет.
Мектептегі 
әлеуметтік-педагогикалық 
жұмыстың 
негізгі 
бағыты 

оқушылардың арасынан бейімделмеген категориясына жататын, әлеуметтік 
ауытқушылықтары бар жеке адамдарды немесе топтарды анықтау және 
олармен әрекеттестікті ұйымдастыру.
Әлеуметтік педагогтың қызметінің нақты мақсаты - баланың өмір сүру 
ортасындағы туындаған мәселелерді уақытында анықтау; олардың себептерін 
жою жолдарын қарастыру; баланың өмір сүру ортасында туындауы мүмкін әр 
түрлі қоғамға жат құбылыстардың алдын алу; ең маңыздысы, әлеуметтік 
педагог осы айтылғандарды мүмкіндігінше этикалық деңгейді сақтай отырып, 
баланың құқығы мен еркіндігіне нұқсан келтірмейтіндей жағдайда жүзеге 
асыруы тиіс. Осыған орай, мектептегі әлеуметтік педагог пен психолог бірлесіп 
атқаратын істерінің ауқымы мол, рөлі де ерекше. Атап айтқанда, оқушылардың 
бос уақытын ұйымдастыруда отбасындағы қолайсыз жағдайлар, өмір сүру 


564 
қабілетінің жоқтығы немесе өз қатарларымен дұрыс қарым-қатынас жасай 
алмауы, отбасы мен мектептің байланысы, ата-ананың баласының жеке тұлға 
ретінде қалыптасуына тиімді бағыт-бағдар беруіне ықпал етуге ұйымдасқан 
жұмыс қажеттілігін дәлелдеп келеді.
Олай болса, мектеп әлеуметтік педагогының мақсаты
- ә
р тұлғаның 
психология-медико-педагогикалық жағдайының ерекшелігін, микро ортасын, 
өмір сүру жағдайын, өмірге қызығушылығын, жеке әлеуметтік жағдайларын 
зерттеу, анықтау және оқушының тәртібіндегі кездесетін қиыншылықтарын 
қадағалай отырып, өз уақытысында әлеуметтік көмек көрсету, мүддесін қолдау, 
құқығын қорғау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет