Дәріс 5. ЭЕМ-ның жадысын ұйымдастыру. Компьютердің жадысын басқару
Мақсаты: Жады құрылымын және оның элементтерімен, олардың қолданылуы, мүмкіндіктері
және жұмыс жасау принциптерімен таныстыру
Жоспар:
Жады микроүрділері;
Триггерлар (flip-flops);
Жады, негізгі жады;
Екінші реттік жады;
Сыртқы (тасымалданатын) қатты диск.
Жады микроүрділері
Ілгішек
Алдыңғы кіріс бірліктерін жадыда сақтайтын үрділерді жады биттерін жүзеге асыру үшін
қолданады. Сурет 1 (а)-да көрсетілгендей бұндай кестені ЕМЕС-НЕМЕСЕ екі вентильден кұрастаруға
болады. Осыған үқсас үрділерді ЕМЕС-ЖӘНЕ вентильдерінен куруға болады.
Сурет 1 (а)-да көрсетілген кесте SR - ілгішек деп аталады. Оның екі кірісі: S (Setting- орнату)
және R (resetting- шығарып тастау), және қосым-іші екі шығысы: Q және
_
Q
Процессорлық
бағыныңқы
жүйесі
Жадының
бағыныңқы
жүйесі
Енгізу-шығару
бағыныңқы
жүйесі
Процессор
Сопроцессор
Кэш-жады
ОЕСҚ
ТЕСҚ
ҮИҮ жиыны
Слоттар
Магистральдардың бағыныңқы жүйесі
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 18
Сурет 1. «0» қалып-күйіндегі ЕМЕС-НЕМЕСЕ ілгішегі (а); «1» қалып-күйіндегі ЕМЕС -НЕМЕСЕ
ілгішегі (б); ЕМЕС-НЕМЕСЕ функциясы үшін шыншылдық кестесі (в).
Ілгішектің шығыс сигналдары ағымдағы кіріс сигналдарымен анықталмайды. 2 кестесінде
ілгішектің жұмысы көрсетілген.
Кесте 2. Ілгішек жұмысы
S
R
Q
_
Q
Баяндау
0
0
0
1 Ауқатты жағдай
0
0
1
0 Ауқатты жағдай
1
0
1
0 S=1 қү_рылғысы Q=1 болғанда өзгертуді тудырмайды
1
0
01
1 S=1 құрылғысы Q=0-ді Q=1-ге ауыстырады
0
1
0
I
R=1 құрылғысы Q=0 болғанда өзгертуді тудыр-майды
0
1
10
0 R=1 құрылғысы Q=1 жағдайдан Q=0-ге ауысады
1
1
0
1 Кесте детерминацияланбаған болады
1
1
1
0 Кесте детерминацияланбаған болады
1
1
0
0 Ілгішек екі тұрақты жағдайдан бір түрақтылыққа ауысу керек
Нәтиже R=S=0 болганда ілгішектің Q белгісіне қарай 0 және 1 деп аталатын екі түрақты күйі
бар. Егер S=1 болса, онда ілгішектің бастапқы күйіне қарамай Q=1 болады. R-дің бір бірлігіне көшуі
Q=0-ге алып келеді. Кесте соңғы рет қай сигнал, R немесе S болғанын есте сақтайды. Осы қасиетті
пайдаланып, компьютер жадысы құрылады.
Триггерлар (flip-flops)
Триггер деп аталатын жады үрділерінде таңдау және жадыда сақтауды синхрондау сигналының 0-
ден 1-ге (өсу фронты) немесе 1-ден 0-ге (артқы фронт) көшуі кезінде орындалады.
Триггер мен ілгішек арасындағы ерекшелік осыдан көрінеді. Триггер сигналдың фронтымен, ал
ілгішек сигнал деңгейімен іске қосылады. Сурет 2-де триггер кестесі көрсетілген.
Сурет 2. D –триггер
Жады микроүрділері
Жадының көлеміне қарамастан микроүрділерді құрастырудың бірнеше әр түрлі әдістері бар.
Сурет 3-те микроүрдінің мүмкін екі кұрылымы берілген 4Мбит/512К*8 және 4096К*1.
Сурет 3 (а)-да 2
19
байттың біреуіне айналуы үшін 19 адрестік Мшддарды алған байтты сақтау
және салу үшін 8 мэліметтер жолдарын көруге болады. Компьютерде микроүрділер саны көп
болғаннан, керекті микроүрдіні таңцау үшін сигнал қажет. Бұл сигнал жұмыс істегенде оны гок
ксректі микроүрдіде ғана сезінетіндей болу керек. Осы мақсатта CS(Chip Select - жады элементін
таңдау) сигналы қолданылады. Ол микроүрдіні
жұмысқа қосу үшін орнатылады. Сонымен катар
салыстырып оқуды жпіудан ерекшелендіру эдістері қажет.
WЕ (Write Enable - жазудың шешілуі) сигналы салыстырылып оқылмай жазылуы керектігін
керсету үшін қолданылады.
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 19
ОЕ (Оиtput Enable) - шығыс сигналдарының жіберілуін шешу) сигналы шығыс сигналдарын
жіберу үшін орнатылады. Бұл сигнал жоқ кезінде Шығыс үрдінің басқа бөліктерінен бөлінеді. Сурет 3
(б)-да адрестеудің бвсқа үрдісі қолданылады. Микроүрді 4 Мбитті құрайтын 2048x2048 бір биттік
үяшықтардың матрицасы болып саналады. Микроүрдіні құру үшін алдымен жолды таңдау керек. Ол
үшін осы жолдың 11-биттік нөмірі адрестік түйінге беріледі. Содан кейін RAS (ROW Address strobe -
жолдың строб адрестері) сигналы орнатылады. Адрестік түйіндерге бағана нөмірі өсріледі және СAS
(Column Address Strobe- адрес бағанасының стробы ) сигналы орнатылады. Микроүрді бір бит мәліметті
қабылдаған немесе жіберген кезде сигналға әсерін білдіреді.
Сурет 3. 4 Мбит жадыны ұйымдастырудың екі әдісі
Жады
Кез келген компьютердің ең негізгі құрамдас бөлігі ол - жады. Сурет 4-те жады жүйесінің қалай
кұрастырылғандығы көрсетілген.
Сурет 4. Жадынын кәдімгіленген тармақтық түрі
Жоғарғы қабат орталық процессордың ішкі регистрлерінен құралады. Олар процессор жасалған
материалдардан жасалады және олар процессор сияқты өте жылдам жұмыс істейді. Ішкі регистрлер 32-
разрядтық процессорда 23x23 битті сақтауға, ал 64-разрядты процессорда 64x64 битті сақтауға
мүмкіндік бар. Программалар аппаратураның қатысуынсыз регистрлерді басқаруға алады.
Келесі қабатта құрал-жабдықтармен байланысатын кэш-жады орналасқан. Жедел жады кэш-
жолдарға бөлінген, әдетте ол 64 байт болады, ал адресация мен нөлдік жолда 0-ден 63-ке дейін, ал
бірінші жолда 64-тен 127-ге дейін және т.б. Кэштің көп қолданылатын жолдары орталық процес-
сорлардың ішінде немесе оған өте жақын орналасқан жоғары жылдамдықгы кэш-жадыда сақталады.
Программаға жадыдан бір сөзді оқу керек болатын болса, онда кэш-микроүрді, кэшта осындай жол бар
512K×8
Жады
микроүрді
4(Mbit)
4096K×1
Жады
микроүрді
4(Mbit)
А0
А1
А2
А3
А4
А5
А6
А7
А8
А9
А10
А11
А12
А13
А14
А15
А16
А17
А18
А0
А1
А2
А3
А4
А5
А6
А7
А8
А9
А10
RAS
CAS
D0
D1
D2
D3
D4
D5
D6
D7
D
(б)
(а)
Магнитті жалғау
Магнитті диск
Негізгі жады
Кэш
Регистрлер
Кірудің орта уақыты
1 нс
2 нс
10 нс
10 мс
100 мс
Орта көлем
< 1 Кбайт
1 Мбайт
64-512 Мбайт
5-50 Гбайт
20-100 Гбайт
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 20
ма, әлде ондай жол жоқ па екендігін тексереді. Егер осындай болатын болса, онда кэш-жадыға тиімді
хабарласу болады, берілген сұранысымыз кэштан түіелімен қанағаттандырылады, Кэшке тиімді
хабарласу 2 такт уақытты болады,
ал тиімді емес хабарласу кезінде уақыт көп жұмсалады. Кэш
жадының көлемі өте шектеулі, сол себептен оның бағасы өте жоғары бошды. Кейбір машиналарда
кэштің 2 немесе 3 деңгейі бар, әдетте олардың кейінгілері алдыңғылардан баяу және үлкендеу болып
келеді.
Негізгі жады
Негізгі жады - бұл ақпараттарды сақтау құрылғысы. Ол жедел және тұрақты еске сақтап
отыратын құрылғылардан құралады. Жедел еске сақтайтын құрылғы (орысша баламасы ОЗУ), белгілі бір
уақытта орындалатын программаларды дискіден көшіріп отырады. Оны көбінесе жедел жады деп те
атайды.
Тұрақты еске сақтайтын құрылғы (ТЕСҚ) - ол компьютерді құрастырған кезде жазылатын
тұрақты ақпараттар сақталатын жер. Тұрақты жады (ROM, Read Only Memory— тек оқуға ғана арналған
жады) — энергияға тәуелсіз жады, бұл өзгертулерді қажет етпейтін мәліметтерді сақтау үшін
қолданылады. ТЕСҚ-ны тек оқуға ғана болады.
Қайта программаланатын тұрақты жады (ҚПТЖ,Flash Mtmory). Өзінің
мазмұнын қайта
жазуға болатын энергияға тәуелсіз жады. Тұрақты жадыға процессордың жұмысының басқару
программасы жазылады. ҚПТЖ-да дисплейды, пернетақтаны, принтерді, сыртқы жадыны басқару,
компыотсрді іске қосу және тоқтату, құрылғыларды тестілеу программалары орналасқан.
BIOS(Basic Input/Output System - енгізу және шығару базалық жүйесі) - компьютер іске қосылғаннан
кейін құрылғыларды автоматты түрде тестілеу; операциялық жүйені жадыға қосу үшін арналған
программалар жиынтығы. BIOS -тың ролі екі түрлі: бір жағынан бұл аппаратураның (Hardware) ажырамас
элементі, ал екінші жағынан бұл кез-келген операциялық жүйенің (Software) негізгі модулі.
Тұрақты еске сақтау құрылғыларының түрлері - СMOSRАМ.
CMOSRАМ - бұл жоғары жылдамдықты әрекет ететін және батарейкадан аз энергияны қамтамасыз
ететін жады. Бұл компьютерлер конфигурациясы
туралы ақпараттарды және компьютерлер кұрамындағы
құрылғы-ларды, сонымен қатар оның жұмыс істеу режимдері туралы мәліметтерді сақтау үшін
қолданылады.
CMOS-та ағымдағы күн мен уақыт сақталынады. Уақыт үшін жауап беретін СМОS-жады және
уақыт микроүрдісі кішкентай аккумулятордан қорек алады. СМОS-тың мазмұнын өзгерту ВIOS-та
орналасқан арнайы Setup программасымен езгертіледі.
Графикалық ақпартарды сақтау үшін бейне жадысы қолданылады.
Бейне жадысы (VRАМ) — кодталған бейнелер сақтайтын жедел еске сақтаудың (ЕС) бір түрі.
Осы ЕС-тің құрылуы 2 құрылғыға да бір уақытта қызмет керсетеді - процессор және дисплей. Сол
себелтен экрандағы бейне жадыда видео мәліметттердің жаңартылуымен сәйкес өзгертіліп отырыды.
Жедел жады модулъдері
Жадының ең алғашқы модульдерінің бірі SIMM (Single In-line Memory Module)- бір тізбекті
контактілі жады) болып табылады.
Кезінде 32 контактілі 8 битті модульдер шығарылған. Кейіннен 72 контактілі 23-битті модульдер
шығарыла бастады. 486 машинелерде мұндай модульдер бір-біріне орналастырылған, ал Реntiuт 2
топпен орналасқан модульдер бар. Осындай орналасудың басты себебі Реntiumдағы жады шинасы 64-
разрядты.
Келесі даму барысында 64-разрядты 168-контактілі модуль DIMM (Dual In-line Memory
Module) — 2 тізбекті контактілі жады). Rambus жадысына арнайы RIММ модулі жасалды. Модулъге
қойылған талаптар өте қатал. Ол модуль үшін сурет 5-е көрсетілген жеке жылу өткізгіші
қарастырылған.
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 21
Сурет 5. RIММмодулі
Екінші реттік жады
Қатты диск — компьютермен жұмыс барысында қолданылатын ақпараттарды сақтап отыру
құрылғысы. Қатты магнит дискілерінің жинақтаушысы бір немесе одан да көп магнитті қабаты бар
пластиналардан, бүркеншіктен, позиционерлейтін кұрылғысынан, корпус және контроллерден
құрастырылады.
Пластиналар - жинақтаушының негізгі элементі, оларда ақпараттар орналасады. Буркеншік
пластинадағы ақпараттарды оқу немесе жазу үшін орналасады. Позиционерлейтін ңүрылгысы
пластиналар бойымен бүркен-шіктердің керекті жеріне орын ауыстыруын қамтамасыз етеді. Корпус
конструкциялардың қалған элементтерін бекітеді және пластиналар мен бүркеншіктердің механикалық
зақымдануынан, шаңнан қорғайды. Контроллер жинақтаушының барлық электрлік және
электромеханикалық түйіндерін басқарады және компьютерден керісінше, ақпараттардың берілуін
қамтамасыз етеді.
Сурет 6. Қатты диск кұрылғысының компонеттері
Қатты диск геометриясы
Жинақтаушының пластиналары металдан немесе эйнектен жасалады және екі жағынан да
ақпараттарды жазуға болатын магнитті қабаттан құралады. Магнитті беттері өңделеді және
ферромагнитті қабықпен қапталады. Өңдеу материалдары және оның келемі эр жинақтаушыда әр түрлі
болады. Әр жұмыс бетіне бір бүркеншік сай келеді. Пластина беті өте жіңішке концептрлік сақиналы
зонаға бөлінеді, ол дорожка деп аталады. Ал әр дорожка бірнеше сектор деп аталатын учаскелерге
бөлінеді. Секторды екі облысқа бөлуге болады. Мәліметтер облысы және көмекші ақпараттар облысы.
Көмекші ақпараттар өндіруші зауытта пластина бетіне бір рет қана жазылады да, эрмен қарай оны
түзетуге болмайды.
Комекші аймақ жинақтаушыдағы сектордың уникалды адресі болады, ол арқылы контролер жазу
кезінде немесе ақпараттарды оку кезінде оны т ез таниды. Мәліметтер облысы жинақтаушыға жазылған
пайдалы ақпа-раттарды сақтайды. Бұл облыс қолдану уақытының барысында өзгертулерге ұшырауы
мүмкін. Сектордың мэліметтер облысы түгелімен ғана жаңартылады. Барлық бүркеншіктер синхронды
түрде орындарын ауысты-рады және бұл процесс біраз уакытты талап етеді. Бүркеншіктердің
өзгермейтін кезіндегі дорожкалардың жиынтығы цилиндр деп аталады. Дискілік жүйенің
өндіргіштігінің көзқарасы жағынан бірінен кейін бірі млліметтерді бір цилиндр щеңберінде
орналастырылғаны дүрыс.
Пласпіналар
Е^ркеишіктер
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 22
Қатты дискінің негізгі мінездемелері
Қатты дискінің көлемі оның қолданушылары үшін ең негізгі мінездемесі болып табылады. Ол
катты дискінің корпусындағы пластиналар санына және бір пластинаға жазылатын информация
тығыздығына тікелей байланысты. Пластина жазылатын ақпараттардың тығыздығы қатты дискілердіц
бағасын төмендетуге алып келеді. Қазіргі заманғы пластиналар алюминийден немесе әйнектен де
жасалады.
Жылдамдық. Қатты дискінің 2 негізгі параметрі — ол ақпараттарды оқу, жазу жылдамдығы
(Transfer Rate). Ол ең біріншіден дискідегі пластиналардың айналым жылдамдығына байланысты
ақпараттарды оқудың жылдамдығына жоғарыдағы қарастырылып кеткен жазылудың тығыздығы да
әсер етеді.
Қол жеткізу уақыты. Бұл ақпаратқа қол жеткізу уақыты (Ассеss Тіте). Бұл дискідегі
дорожкаларды іздеу мерзімі болып табылады. Ол негізінен дискінің айналу жиілігіне тығыз
байланысты.
Интерфейстер. Дискілердің интерфейстерінің дамуы 2 түрлі жолмен жүріп отырады: арзан және
қымбат. Бұл дискімен тікелей жұмыс істейтін тақшада винчестерді орнату. Осының нәтижесі ретінде
SCSI интерфейсі пайда болды, бұл серверлер нарығында үлкен жетістіктерге жеткен болатын. Оның
басты ерекшелігі, ол компьютерге бірнеше құрылғылардың бірден құрылуы. Ал екінші жасалған
интерфейстің түрі IDE. Оған сәйкес стандарттар АТА/33, АТА/бб, АТА/100 және, АТА/133 деп аталады.
Қазіргі уақытта РаRALLEL АТА-ның Serial АТА-ға ауыстырылу процесі жүзеге асырылуда.
Интерфейстің өткізгіштік қабілеті 1.5 Гбит/сек-ті құраса, ал қуаттылық 5-тен 3.3 В-қа дейін төмендейді.
Интерфейс — мәліметтер жеткізу үшін қолданылатын әдіс (IDE немесе ATA, Serial ATA, SCSI
...).
Сыйымдылық (ағылш. capacity) — қатқыл диск сақтай алатын ақпарат көлемі. Қазіргі
құрылғылардың сыйымдылығы 1-2 ТГб-қа дейін жетеді.
Физикалық өлшемі (форм-фактор) — қазіргі дербес компьютерлер мен серверлерге қажетті
ақпарат жинақтауыштардың өлшемі 3,5 дюймге немесе 2,5 дюймге тең. 2,5 дюймдік
винчестерлер ноутбктерде жиі қолданылады.
Ерікті қатынасу уақыты.
Шпиндельдің айналу жылдамдығы.
Сенімділік.
Шу деңгейі... және басқалар.
Сыртқы (тасымалданатын) қатты диск
Қазіргі уақытта сыртқы құрылғыларды қосуда бірнеше шешімдер қолдануда. Біріншіден, USВ-
портына қосылған қатты дискілер, олар көбінесе цифрлік камера, басқа да ұялы құрылғылармен ақпарат
алмасу үшін қолданылады.
Ақпараттарды сақтау жүйесінің басқа бағыты ол магнитті-оптикалық дискілер. Магнитті
оптикалық (МО) дискілерге жазу лазер мен магниттік бүркеншік көмегімен атқарылады. Лазер сәулесі
магниттің жазылуға тиісті микроскопиялық облысы, Кюри нүктесіне, дейін жылытады да, әрекеттесу
зонасынан шыққан кезде салкындайды, осы жерде магнитті өріс тұрақталады. Осының нәтижесінде
дискіге жазылған мәліметтер үлкен магнитті өрістерден және температуралық өзгерулерге шыдайды.
Дискілердің барлық функционалдық қасиеттері -20-дан +50 градус Цельсий аралығындағы диапазонда
сақталады.
Иілгіш магнитті дискілердегі жинақтауыш
Иілгіш магнитті дискілердегі жинақтаушылар немесе дисковод жүйелік блокқа енгізіліп
жазылады. Иілгіш жинақтауыштар да, көбінесе, дискеталар түрінде жасалады.
Жинақтауыш — бұл жоғары жағында жылжымалы ысырмасы бар, қорғаушы конвертте
орналастырылған ферромагнитті қабаты бар диск. Дискеталар, көбінесе, бір компьютерден екінші
компьютерге кіші көлемді ақпараттарды жедел түрде тасымалдау үшін қолданылады,
Қатты дискідегідей бұнда да олар тағыда секторларға бөлінеді. Секторлар мен жолдар
дискеталарды форматтау кезінде пайда болды. Дискетаның негізгі параметрлері технологиялық
мөлшері (дюйммен есептеледі), жазудың тығыздығы және толық сыйымдылығы. Жазу тығыздығы
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 23
қарапайым
SD (Single Density), екілік DD(Double Density) және жоғары НD (Hihg Density) болады. Қазіргі
танда стандартты дискеталар 3.5 дюйм, жоғары тығыздықты HD, 1.44 Мбайт сыйымдылығы бар.
Дәріс №5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Жады микроүрділері дегеніміз не?
2. Триггерлар (flip-flops) дегеніміз не?
3. Жады, негізгі жады туралы қалай түсінесіз?
4. Екінші реттік жады дегеніміз не?
5. Сыртқы (тасымалданатын) қатты диск түрлерін атаңыз?
Дәріс 6. Микропроцессорлық жүйенің архитектурасы
Мақсаты: Микропроцессорлық жүйенің базалық архитектурасымен танысу.
Жоспар:
Алғашқы микропроцессорлар;
Микропроцессор түсінігі;
Микропроцессор жасау технологиясының түрлері;
Микропроцессор (поколения) буындары және олардың негізгі мүмкіндіктері.
Алғашқы микропроцессорлар
Pentium Pro атты Р6 топ процессорлары 1995 жылы дүниеге келді. Ол 5,5 млн. Транзистордан
тұратын және дәл криссталда орналасқан екінші сатылы кэш жады бар, соған байланысты оның
жылдамдығы артты. Осы процессорлер әлі күнге дейін көппроцессор серверлі және жоғары коэфицентті
жұмыс станияларында қолданылады.
Intel компаниясы Р6 архитектурасын қайта қарастырып, 1997 жылдың мамырында Pentium 2-ні
ұсынды. Ол 7,6 млн. Транзистор пайдаланылды, оның барлығы картриджге салынды. Сондықтан L2
кэш жады процессор модулінде орналысты. 1998 жылы сәуірде Pentium 2 отбасысы Celeron атты арзан
процессормен шектелді. Ол үй жағдайына арналған компьютер болатын.1999 жылы Intel Pentium ІІІ
процессорын шығарды, ол Pentium 2-нің жалғасын тапты. Ол өзінің мазмұнында SSE (Streaming SIMD
Extensions)-ты пайдаланды.
Pentium компаниясы қарқынды түрде дамып келе жатқан кезде, AMD компаниясы сол кезде
NexGen компаниясын иеленді. Ол Nx686 процессорымен жұмыс істеді. Компаниялардың қосылуы
нәтижесінде AMD Кб атты процессор шықты.Осы процессор толық Pentium-нің жұмысын атқарды.
Осының арқасында AMD компаниясы жылдам жұмыс істейтін К6 процессорын істеді, сол себепті ол
ДК-лі нарықты жаулап алды.
1998 жылы Intel алғаш рет кэш-жадын дамытты, сол себепті оның жылдамдығы артты.
Алғашында осы процессорге екінщі дәрежелі Celeron процессоры қолданылды, сондай-ақ Pentium ІІРЕ
кристалдарын қолданылды. Арнайы қолданылған кэш-жады бар ДК 1999 жылдың соңына қарай
шықты.Осы кезден бастап барлығы да кэш-жадын процессорлік кристалға орналастырды жәнеде осы
дәстүр әлі күнге дейін пайдаланылады.
AMD компаниясы 1999 жылы Athlon процессорын шығарды. Ол Intel-дің Pentium 3-мне тең
дәрежеде пайдаланыла алды. Осы процессор Intel-ге бәсекелестік көрсете алды.
2000 жылы бұл компаниялар көптеген жаңа процессорлар шығара бастады.Мысалы, алғаш рет
AMD Thunderbird және Duron процессорларын шығарды. Duron процессоры Athlon-ның дәлме-дәл
көшірмесі,бірақ оның кэш-жады аз.ал Thunderbird осыған керісінше. Duron процессоры Athlon-ның
арзан нұсқасы болды.Өйткені ол ДК нарығында Intel-ге бәсекелестік көрсете алды.
Intel компаниясы 2000-жылы Pentium 4-ті ұсынады, ІА-32 классының ең жаңа отбасысы. Сондай-
ақ Itanium процессорын шығарды (құпия аты Меrсеd), жәнеде ол 64-разрядты алғаш процессор
болды.Осыған байланысты оның болашақта жұмыс істеуіне үлкен көмек көрсетті.
2000-жылы тағы да бір ерекше оқиға болып өтті. Intel және AMD компанияларының жолдары
бірікті. Олар 1 Ггц тосқауылын өтті, оған дейін ол мүмкін болмаған.
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 24
2001-жылы Intel компаниясы жаңа жетістікке жетті.Олар жиілігі 2 Ггц-ке жететін Pentium 4-ті
ұсынады.Осыған қарамастан AMD Athlon ХР процессоры шығарылды, ол жаңа ядролы Polomonio-ға
ұқсас шығарылды.2001-жылы Intel және AMD компаниялары көптеген жетістіктерге жетті.
2002-жылы алғаш рет Intel компаниясы Pentium 4-ті ұсынды, оның жиілігі 3,06 Ггц-ге жетті.
Бұдан кейін жаңа техналогиялар пайда болды.Ол Hyper-Threading (HT) байланысты шығарылды.Бұл
процессорлар көмегімен олар виртуалды екіпроцессорлы ДК айналды.Оның жылдамдығы 25-40%-ке
өсті.олар Windows Home Edition сәйкес келеді, бірақ олар екіпроцессорлы плпталарды көтере алған жоқ.
2003 жылы AMD өзінің алғашқы 64-разрядты процессор ұсынды (құпия аты ClawHammer немесе
K8).Ол өзіне ұқсас Intel компаниясының Pentium 4-ті озып шықты.
Микропроцессор немесе орталық процессор – CPU (Central Proseccing Unit) дербес компьютердің
―миы‖ болып табылады. Микропроцессор мәліметтерді есептеуді және өңдеуді орындайды және әдетте
компьютердің ең қымбат микросхемасы болып табылады. Барлық РС – сәйкес келетін компьютерде
Intel микросхемасының тобымен сәйкес келетін процессорлар қолданылады, бірақ олар Intel
фирмасымен қатар АМD және Cyrix компанияларымен де жобаланып шығарылады. Қазіргі кезде
процессорлар рыногына Intel басым болып тұр. Алайда 70 – жылдардың соңында процессорлар
рыногына Zilog (Z80 моделі) және MOS Technology (6502 моделі) фирмалары алда болды. Z80
процессоры Intel 8080 процессорының жақсартылған әрі арзан көшірмесі болды. 1981 жылы IBM
фирмасы Intel 8088 процессоры (4,77 МГц) және 1.0 версиялы Microsoft Disk Operating System (DOS)
операциялық жүйесі орнатылған өзінің алғашқы IBM РС дербес компьютерін шығарған кезде Intel және
Microsoft фирмаларының бағы жанды. Осы кезден бастап барлық дербес компьютерерге Intel
фирмасының процессоры және Microsoft фирмасының операциялық жүйесі орнатылды. Келесі
бөлімдерде дербес компьтерлерде қолданылатын процессорлар туралы, осы микросхемалардың
техникалық параметрлері туралы білетін боласыз. SMM технологиясы Шағын компьютерлерге
арналған жылдам әрі күшті процессорларды құру мақсатында Intel ток көзін басқару схемасын ойлап
тапты. Бұл схема процессорларға батарея энергиясын үнемдеп қолдануға, демек оның қызмет ету
мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндікті Intel жирмасы алғаш рет 486 DX
процессорының жетілдірген түрі болып табылатын 486SL процессорында жүзеге асырды.
Процессордың ток көзін басқару жүйесі SMM (System Management Mode – жүйені басқару режимі) деп
аталады. SMM процессормен құрамдас орналастырылғанмен, тәуелсіз жұмыс жасайды. Осының
арқасында ол процессордың белсенділік деңгейіне байланысты қуаттылықты тұтынуды басқара алады.
Бұл пайдаланушыға процессордың жекелей немесе толықтай сөну уақытының аралығын анықтауға
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |