MMX технологиясы. Контексте байланысты MMX multi – media extensions (мультимедиялық
кеңейтулер) немесе matrix math extensions (матрицалық математикалық кеңейтулер) дегенді білдіруі
мүмкін. ММХ технологиясы бейне сығуын, суретті басқаруды, шифрлеуді және осы кездегі
бағдарламаларда қолданылатын барлық енгізу – шығару операцияларын орындауды жылдамдататын
кеңейту ретінде бесінші кезендегі Pentium процессорларының жоғарғы модульдерінде (Сурет 1)
қолданылады.
Сурет 1. Intel Pentium ММХ процессорының астынан және үстінен қарағандағы көрінісі.
ММХ процессорларының архитектурасында екі негізгі жетілдіру бар. Біріншісі, барлық ММХ
микросхемаларында үлкен ішкі құрамдас орналастырылған кэш бар. Бұл әр бір бағдарламаның және
барлық бағдарламалық жабдықтың орындалу нәтежелігін арттырады. Екінші жетілдіруге процессордың
бұйрықтар жиынын 57 жаңа бұйрықпен кеңейту, сондай – ақ бұйрықтардың жекелеген легі –
мәліметтердің топтық легі (Single Instruction – Multiple Data, SIMD) деп аталатын бұйрықтарды
орындаудың жаңа мүмкіндігін еңгізу жатады. AMD және Cyrix секілді фирмалар Intel фирмасынан
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 25
ММХ технологиясына рұқсат алып, оны өздерінің процессорларында жүзеге асырды. Pentium
процессорлары. РGА типті қорап осы уақытқа дейін кеңінен таралып келді. Ол 286 процессорлары
үшін 80 – шы Pentium және Pentium Pro процессорларында пайдаланады. Микросхема қорабының
төменгі бөлігінде тор түрінде орналасқан цилиндрлік стерженьдер массиві бар. РGА қорабы ZIF (Zero
Insertion Force – қосубың нөлдік күші) типті ұяға кіргізіледі. ZIF ұясының чипті кіргізу және босату
процесін жеңілдетуге арналған тетігі бар. Pentium процессорларының көпшілігінде РGА қорабының бір
түрі – SPGA (Staggered Pin Grid Array - цилиндрлік стерженьдер массивінің шахматтық торы )
қолданылды, мұнда чиптің төменгі бөлігіндегі цилиндрлік стерженьдер стандартты бағаналар мен
жолдар бойынша емес, шахматтық қатар бойынша орналасқан. Бұл стерженьдерді бір біріне жақын
орналастырып, микросхема көлемін кішіреуті үшін жасалған.
Сурет 2. - РGА қорабындағы Pentium 66 (сол жақта) және SPGA қорабындағы Pentium Pro
процессоры (оң жақта)
Шындығында, Pentium II процессорына дейіні барлық процессорлардың қораптары ―әрбір
чипке – жеке ұя принцпі бойынша жобаланады. Pentium II/ III процессорларының қораптарын жобалау
кезінде бұл әдістен бас тартуға тура келді, бұл микросхема қорабы Single Edge Cartridge (SEC – бір
жақты байланысты қорап) типіне жатады. Процессор мен екінші деңгейлі кэш – жадсының бірнеше
микросхемасы кішкентай платаға орналасқан. Плата металл мен пласмассадан жасалған катриджге
жапсырылған. Катридж адаптер платасының қосқышына қатты ұқсас Slot 1 деп аталатын жүелік плата
қосқышына кіргізіледі. Single Edge Processor (SEP – бір процессорлы қорап) қорабы SEC қорабының
арзан түрі болып табылады. SEP қорабында жоғарғы пласстмасса қақпағы жоқ, сондай – ақ екінші
деңгейлі кэш – жадысы орнатылмауы мүмкін. SEP қорабы Slot 1 қосқышына кіргізіледі. Көбінесе SEP
қорабына арзан процессорларды, мысалы Celeron, орналастыады. Slot 1 – бұл 242 байланыстан
(контакт) тұратын жүйелік плата қосқышы. Slot 1 қосқышының өлшемдері сурет 3-те көрсетілген.
Ішінде процессор орналасқан SEC немесе SEP қорабы Slot 1 қосқышына кіргізіліп, арнайы тұтқамен
бекітіледі. Кейде процессорды салқындату жүйесіне арналған тіреуіш болады. Сурет 4-те SEC
катриджінің қақпағының бөліктері көрсетілген. Процессормен бөлінетін жылуды әлсіздедіретін үлкен
платинаға назар аударыңыз. SEР қорабы сурет 4-те көрсетілген.
Сурет 3. Pentium II процессорына арналған Slot 1 қосқышының өлшемдері.
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 26
Сурет 4. Pentium II процессорына арналған SEC қорабының бөлшектері
Сурет 5. SEC қорабындағы Celeron процессоры
Pentium III процессоры SECC2 ( Single Edge Contact Cartridge,2 версия) деп аталатын қорапқа
орналастырылады. Бұл қорап SEC қорабының бір түрі болып табылады. Қораптың бір жағында қақпақ
орналасқан, екінші жағынан микросхема салқындататын элемент бекітіледі. Осындай конструкциялық
шешім процессордан шығатын жылуды тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Мұндай қораптағы
процессорлар Slot 1 қосқышына кіргізіледі. SECC2 қорабы сурет 6-да көрсетілген.
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 27
Сурет 6. Pentium II/ III процессорларына арналған SECС2 қорабы.
Алғашқы процессордың IBM РС компьютерінің пайда болғанына дейін 10 жыл бұрын
шыққанына назар аударыңыз. Ол 1971 жылы 15 қарашада Intel 4004 деп аталды. Бұл процессордың
жұмыс жиілігі 108 кГЦ (0,108 МГц) құрады. Процессор 2300 транзистордан тұрып, 10 – микрондық
техногогиямен шығарылады. Мәліметтердің шинасының ені 4 разряд болды, ол 640 байт жадыны
адрестеуге мүмкіндік берді. Бұл процессор бағдарламанатын калькуляторларды қолдануға арналды.
1972 жылдың сәуір айында Intel 200 кГЦ жиілігінде жұмыс жасаған 8008 процессорын шығарды. Ол
3500 транзистордан тұрып, сол бұрынғы 10 – микрондық технологиямен шығарылды. Мәліметтердің
шинасының ені 8 разряд болды, ол 16 Кбайт жадыны адрестеуге мүмкіндік берді. Бұл процессор
терминалдар мен бағдарламанатын калькуляторларды қолдануға арналды. Процессордың келесі модулі
8080 Intel фирмасымен 1974 жылдың сәуір айында шығарылды. Бұл процессор 6000 танзистордан
тұрып , 64 Кбайт жадыны адрестеуге мүмкіндігі болды. Altair 8800 алғашқы дербес компьютері (РС
емес) осы процессормен жиналды. Бұл компьютерде СР/М операциялық жүйесі қолданылды, ал
Microsoft фирмасы оған BASIC тілінің интерпритаторын жасап шығарды. Бұл мыңдаған бағдарлама
жазылған компьиердің алғашқы моделі болды. Intel 8080 прцессорының әйгілігінің арқасында кейбір
фирмалар оның көшірмесін шығара бастады. Осылай, 1976 жылдың шілде айында 2,5 МГц жиілікмен
жұмыс істеген (бұдан кейінгі модельдері 10 МГц жиілікпен жұмыс істеді) Z80 процессоры (Zilog
фирмасы) пайда болды. Ол Radio Snack фирмасы шығарған TRS – 80 Model 1 компьютерлерінде
қолданыла бастады.
Intel өзінің жетістігімен тоқталып қалған жоқ, ол 1976 жылдың наурыз айында 6500
транзистордан тұрып, 5 МГц жиілікте жұмыс істеді. 20 – разрядты адрес шинасының арқасында оның 1
Мбайт жадыны адрестеуге мүмкіндігі болды. 8086 процессоры біршама қымбат тұрғандықтан, 1979
жылы Intel осы процессордың 8088 атты ―арзан‖ версиясын шығарды. Бұл процессор алдыңғысынан 8
– разрядты мәліметтер шинасымен ерекшелінеді. Нақ осы процессорды алғашқы IBM PC
компьютерлеріне орната бастады. 8088 процессоры 30000 транзистордан тұрып, 5 МГц жиілікте жұмыс
істеді.
Дәріс №6.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Микропроцессорлық жүйенің базалық архитектурасына нелер жатады?
2. Алғашқы микропроцессорлар қандай болған?
3. Микропроцессор дегеніміз не?
4. Микропроцессор жасау технологиясының түрлері қандай?
5. Микропроцессор (поколения) буындары және олардың негізгі мүмкіндіктері қандай?
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 28
Дәріс 7. Процессорлық модуль. Орталық процессор, графикалық процессор. Негізгі
операциялардың орындалуы
Жоспар:
Графикалық АРІ;
Cross Fire немесе SLI;
Техникалық база;
Cross Fire видеокарталарының режимі мен ерекшеліктері;
Cross Fire кемшіліктері.
&&&
Графикалық АРІ
АРІ интерфейсі көп платформаның негізінде тезірек жұмыс істейтін программа мен драйверлерді
құрастыру үшін көмекші рөл атқарады. Программалық драйверлер операциялық жүйе мен
программалық жабдықтау үшін шығарылады.
Қазіргі таңда графикалық АРІ-ң 2 түрі бар:
1. Оpen GL (SCI компаниясы)
2. Direct 3D (Microsoft)
Видеоадаптерлерді жасаушылар Оpen GL стандартын қолдаса да, Microsoft компаниясы
комплекстелген АРІ үшін Direct X деп аталтын Direct 3D қолдауын көрсетеді.
Direct X 9 және одан кейінгі версиялары кеңейтілген үшөлшемді графика мен жақсартылған
ойын мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін программалық интерфейстің соңғы версиялары болып
табылады.
Direct X немесе оның соңғы версиясын жүктеу туралы қосымша ақпаратты Microsoft
компаниясының Web Direct X желісінен таба аласыз:
www.microsoft.com/direct
x.
Cross Fire немесе SLI
SLI видеожүйесін шығаратын NVIDIA компаниясының видеотездеткіш нарығында ең басты
бәсекелесі - АТІ компаниясы. АТІ компаниясы Cross Fire видеожүйесін шығарып, нарыққа енгізді. Ол
NVIDIA компаниясының SLI технологиясы сияқты видеожүйенің жұмысын тездетіп, бір компьютерде
екі видеокартаның ресурстарын бір-бірімен біріктіре алады.
Cross Fire видеожүйесі мен SLI видеожүйесінің арасында көптеген айырмашылық бар,
сәйкесінше бәсекелесімен ұқсастығы аз. Жақын арада қолданушылар NVIDIA мен АТІ
компанияларының біреуін көптеген жылдар бойы қалыптасқан пікір бойынша ғана емес, сонымен қатар
SLI немесе Cross Fire видеожүйелерінің фактілерін негізге ала отырып таңдайды.
Техникалық база
NVIDIA аналогиясы бойынша, АТІ компаниясын екі видеокартасын бір «тізбекке» орнату үшін
сол компанияның екі RCI Express слоттары мен чипсеті бар аналық тақша қажет болады. SLI сияқты
Cross Fire-да жүйенің ресурстарға көп талабы бар, ал ол өз алдына сапалы қорек блогын қажет етеді.
Сол жүйеге талапты тереңірек қарастырайық.
Аналық тақша. АТІ RADEON XPRESS 200 Cross Fire чипсетіне негізделуі тиіс. Аталған тақшалар
AMD SEMPRON\AITHLON 64 мен DENTIUM 4\CELERON INTEL процессорлар үшін де
шығарылады.
Сондықтан АТІ компаниясы бұрын үлкен көлемде шығарылмаған чипсеттерде де қосымша
табыс табады.
Видеокарталар. Технологияның жұмыс істері үшін Cross Fire
Master жетекші картасы керек.
Жетекші картаның басқа карталардан айырмашылығы Cross Fire чипінің негізделген, әрине бұл
жерде бағасы да маңызды орын алады.
Қоректену блогы. Осындай күрделі комплектіні қамтамасыз ету үшін 400-450 Вт қуаты бар
қоректену блогы керек.
Міне, Cross Fire видеожүйесін құрау үшін қажетті бөліктер осы.
Негізгі принциптер
Cross Fire жетекші видеокарталарда тездеткіштердің жұмыстарын біріктіріп, сәйкестендіретін
арнайы чип орнатады. Ол суреттің әрбір пиксельдерін өңдеп, оларды бір толық суретке біріктіреді.
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 29
Барлық ақпарат жетекші картаға DMS-59 DVI арқылы беріледі. 2-картаның арасындағы кабельдің
ұзындығы қысқа, ол ақпарат беру барысында деректердің жоғалуына жол бермейді.
Cross Fire видеокарталарының режимі мен ерекшеліктері
Cross Fire видеокарталарына 3 режим тән: Super Tilling, AFR, Scissor деп бір айырмашылығы –
режимдерді еркін таңдауға болмайды, қажетті режим автоматты түрде драйвер арқылы таңдайды.
Мұны түсіну үшін белгілі өңдеу тәсілі жеткілікті. Оның мәні мынада: кадр 2 бөлікке бөліп
қарастырады. Оның әрбіреуін жеке видеокарта өңдейді. Теория жүзінде бір кадр ПК видеокартасына
орнатылған видеочиптің қуатына пропорционалды түрде бөлінуі мүмкін. Бірдей карточкалар үшін кадр
50:50 пропорциясына сәйкес болады. Егер олардың біреуі екіншісінен қуаттырақ болса, онда 30:70
немесе 40:60 пропорция бойынша бөлінеді.
Алайда, алғаш қарағанда бұл режим барлық ойындар үшін бола бермейтіндей көрінуі мүмкін.
Мысалы, 30 кадрдың төменгі бөлігі жоғарысына қарағанда аз өзгереді.
Ол үшін карточкаға арналған кадрдағы өңдеуші зонаны үлкейту қарастырылған. Шындығында,
оның геометриясын сәйкестендіру үшін қосымша ресурстар қажет болады.
Super Tiling
Cross Fire стандартты режим суреті шахмат тақтайына ұқсас етіп көптеген кішкене
төртбұрыштарға бұрады. Осы төртбұрыштардың жартысын біржартысын видеокартаға өңдейді ал
екінші жартысын басқа видеокатраға өңдейді. Бұл екі видеокартаның арасындағы ауыртпалықты тегіс
бөлуді қамтамасыз етеді.
Alternate Frame Rendering (AFR)
Cross Fire-ның ең тез жұмыс режимдерінің бірі. Оның мәні мынада: бір карточка жұп кадрлардан,
екіншісі тақ кадрлардан осылайша графикалық процессорге деген ауыртпалық екі тездеткіштің
арасында бір қалыпты бөлінеді. Негізінде бұл әдіс жаңадан пайда болған жоқ. AFR ATI-дің ескі екі
чиптік карталарында да қолданылған. Бұл режимнің бір кемшілігі render-to-texture функциясын
қолданатын компьютерлік ойындарда жұмыс істемейді Берілген уақытта өңделген және бейнеленген
кадрлар әр түрлі кадрлар екендігін ескеру керек. Сондықтан AFR сапалы суреттерді. Бейнелеу үшін
жұмыс істейді. Басқаша айтқанда AFR стратегияға қарағанда симмуляторларда азырақ сапалықпен
жұмыс істейді.
Super AA
Суреттердің сапасын жоғары дәрежеде жақсартатын режим. Оның мәні мынада: мұндағы екі
карточка әр түрлі үлгідегі бір оқиғаны өңдейді. Содан соң Cross Fire типі оларды біріктіреді.
NVIDIA қарағанда ATI жұмыс режимі саны көбірек. Алайда оның қажетті дәрежеде сапалы
болатыны факті емес. AFR технологиясымен екі компанияда жұмыс істейді. Ал Scissor- болса Split
Frame Rendering NVIDIA
Режимінің біраз өңделген түрі Super AA режимі өнімділікке қарсы сапалы ұлғайтады. Ал Super Tiling
– тің кепілділігі күмән тудырады. Сол себепті қосымша FPS үшін таласта кім жеңетіні белгісіз.
ATI Radeon Xpress 200 CrossFire Edition
Жоғарыда айтылғандай , AMD және Intel процессорларында әр түрлі версиялары бар. ATI
чипсетінің негізіндегі аналық тақшалар бір немесе екі видеокартамен жұмыс режимін орнатуды талап
етпейді. Оны Cross Fire тақшасы автоматты түрде анықтайды. Сөйтіп NVIDIA nForce4 SLI-ден
ерекшеленеді.
ATI Cross Fire мен NVIDIA SLI технологиялардың артықшылығы мен кемшіліктерін ауыстыру
жөн болады.
ATI Cross Fire технологиясына ойнау бейімделуі қажет емес. Себебі ол API DirectX және API
Open GL негізіндегі барлық ойындармен жұмыс істей береді.
Бір өндірушінің бірдей чипімен BIOS версиясын сатып алу қажет емес. ATI Cross Fire
карталары әр түрлі компаниялар оның өнім болуы мүмкін.
ATI Cross Fire бұрын сатылған Radeon X800/X850 модельдермен жұмыс істей береді.
ATI Cross Fire NVIDIA SLI –ге қарағанда жұмыс режимдері көбірек . алайда олардың біреуі
өнімділікке қарағанда сапаға көп көңіл бөледі.
Cross Fire кемшіліктері:
Cross Fire жоғары бағасы;
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 30
Нарықта технологияға қол жеткізудің аздығы.
Қорытынды екі технологияның болашағы бар деп кепілдікпен айтуға болады. Болашақтың
қандай екені белгісіз. Себебі видеокарта өнімділігін ұлғайту өткен сайын дамып жетілуде. Мүмкін бір
жылдан кейін орта класта видеокарта Cross Fire видеокартасынан күштірек болар.
Дәріс №7.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Графикалық АРІ дегеніміз не?
2. Cross Fire немесе SLI видеожүйелерінің айырмашылықтары қандай?
3. Техникалық базасы неден тұрады?
4. Cross Fire видеокарталарының режимі мен ерекшеліктері қандай?
5. Cross Fire кемшіліктерін атаңыз.
Дәріс 8. Ішкі жүйенің жұмыс істеуі. Үзіліс
Мақсаты: Үзіліс жүйесінің қолданылуы мен жұмыс жасау принципі және
ұйымдастырылуымен танысу.
Жоспар:
Үзіліс жүйесі;
Үзіліс жүйесінің қолданылуы;
Жұмыс жасау принципі және ұйымдастырылуы.
Перифериялық құрылғылар деп олардың көмегімен информация компьютерге енгізілетін
немесе шығарылатын құрылғыларды айтамыз. Оларды сондай-ақ, сыртқы немесе мәліметтерді енгізу-
шығару құрылғылары деп атайды.
Сыртқы құрылғылар. Бұл кез-келген есептеу кешенінің маңызды құрауыш бөлігі. Сыртқы
құрылғы кейде ДК-нің жалпы бағасының 50-80 %-ін құрайтынын айтудың өзі-ақ жеткілікті. Басқару
жүйелерінде және жалпы халық шаруашылығында ДК-ні қолдану мүмкіндігі мен тиімділігі көбіне
сыртқы құрылғының құрамы мен сипаттамасына байланысты. ДК-нің сыртқы құрылғылары машинаның
қоршаған ортамен, пайдаланушылармен, басқару объектілерімен және басқа ЭЕМ-дермен қарым-
қатынасын қамтамасыз етеді. Сыртқы құрылғылар әр алуан, олар бірқатар белгілері бойынша жіктелуі
мүмкін. Мысалы, міндеті бойынша сыртқы құрылғылардың келесі түрлерін ерекшелеуге болады:
сыртқы жадтайтын (есте сақтаушы) құрылғылар немесе ДК-нің сыртқы жады;
Пайдаланушының диалогтік құралдары;
Ақпарат енгізу құрылғылары;
Байланыс және телекоммуникация құралдары;
Пайдаланушының диалогтік құралдарының құрамына бейнемониторлар (дисплей) – ДК-ге
енгізілетін және одан шығарылатын ақпаратты бейнелеу құрылғысы, сирегірек пульттік басу
машинкалары (пернетақтасы бар принтерлер) және сөздік ақпарат енгізу-шығару құрылғылары кіреді.
Сөздік енгізу-шығару құрылғылары жылдам дамушы мультимедиа құралдарына жатады. Сөздік енгізу
құрылғылары, бұл – мысалы, адам айтатын әріптер мен сөздерді тануға және оларды кодтауға
мүмкіндік беретін күрделі программалық жасауы бар түрлі микрофондық акустикалық жүйелер,
―дыбыстық тышқантар. Сөздік шығару құрылғылары – бұл компьютерде қосылған дауыс
зорайтқыштар (динамиктер) немесе дыбыстық колонкалар арқылы ойнатылатын, цифрлық кодтары
әріптер мен сөздерге айналдыруды орындайтын түрлі дыбыс синтезаторлары. Ақпарат енгізу
құрылғыларына төмендегілер жатады:
пернетақта – сандық, мәтіндік және басқарушы ақпараттарды ДК-ге қолмен енгізуге арналған
құрылғы;
графикалық планшеттер (диджитайзерлер) – графикалық ақпаратты, кескіндерді арнайы
нұсқағышты (қаламұшты) планшет бетімен жылжытып қолмен енгізуге арналған құрылғы;
қаламұш жылжығанда, оның орналасқан жерінің координаттарын оқу және бұл координаттарды
ДК-ге енгізу автоматты түрде орындалады;
ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
107 беттің 31
Сканер – қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға арналған
құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады.
Кескін сканерленгеннен кейін, графикалық бағдарламада олады өңдеуге (үлкейтуге, кішірейтуге,
қайта бояуға т.б)болады. Сканер кескінді машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына
жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті
сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне
ұқсайды. Сканерлер қара ақ түсті немесе түрлі түсті болады. Олардың планшетті, барабанды
және қол түрлері болады.
манипуляторлар (нұсқау құрылғылары): джойстик (терте), тышқан,
трекбол (жиек құрсаудағы шар), сәулелік (жарықтанған) қаламұш және т.б. – графикалық
ақпаратты дисплей экранына меңзердің экран бетімен қозғалуын басқару, кейіннен оның
координаталарын кодтау және оларды ДК-ге енгізуге арналған құрылғы;
Тышқан - тышқан деп бекер аталмаған.Себебі ол – тышқанның құйрығына ұқсайтын
компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілесше бетінде
еркін жылжитын арнайы құрылғы. Тышқантың екі түрі болады: Үш батырмалы, екі батырмалы.
Қазіргі кезде екі батырмалы тышқан жиі пайдалынылады, себебі ортадағы батырма жұмыс
кезінде көп пайдаланылмайды. Ақпаратты шығару құрылғыларына төмендегілер жатады:
Принтерлер – ақпаратты қағаз тасушыларға шығаруға арналған басу құрылғысы. Ол дисплейге
не шығарылса соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік,
кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтерге ақпараттың кескінін
қалауымыз бойынша-ақ қара немесе түрлі түсте шығаруға болады. Принтердің үш түрі болады:
матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік. Жоғарыда аталған құрылғылардың көбі шартты түрде
ерекшеленген топ – мультимедиа құралдарына жатады.
Мультимедиа құралдары, бұл – адамға әртүрлі, өзі үшін табиғи орталарды: дыбысты, бейнені,
графиканы, мәтінді, анимацияны және т.б. қолдана отырып, компьютермен қарым-қатынас жасауға
мүмкіндік беретін программалық және аппараттық құралдар кешені. Мультимедиа құралдарына
ақпаратты сөздіку енгізу және шығару құрылғылары, сканерлер, жоғары сапалы бейнелік және
дыбыстық тақшалар, кескінді бейнемагнитофонннан немесе бейнекамерадан түсіріп, оны ДК-ге
енгізетін бейнеқармау тақшасы жатады. Қосымша құрылғылар. Жүйелік шинаға және ДК-нің
микропроцессорына
микропроцессордың
функционалдық
мүмкіндіктерін
кеңейтетін
және
жақсартатын, интегралдық микросхемалары бар қосымша тақшалар: математикалық сопроцессор,
жадқа тікелей қатынау контроллері, енгізу-шығару сопрецессоры және т.б. қосылуы мүмкін.
Математикалық сопроцессор жылжымалы үтірлі екілік сандармен, екілік кодталған ондық сандармен
операцияларды жылдамдата орындау үшін, тригонометриялық функцияларды есептеу үшін
қолданылады. Математикалық сопроцессордың өзінің командалар жүйесі бар және ол негізгі
процессормен қатар оның басқаруымен жұмыс істейді. Операциялар ондаған есе жылдамдатылады.
Жадқа
тікелей
қатынау
контроллері
микропроцессорды
магниттік
дискілердегі
жинақтауыштарды тікелей басқарудан босатады, бұл ДК-дің тиімді шапшаңдығын айтарлықтай
арттырады. Бұл контроллер болмаса, сыртқы және жедел жад арасында дерек алмасу МП-нің регистрі
арқылы жүреді, ал ол бар болған жағдайда, деректер МП-ның қатысуынсыз тікелей беріледі. Енгізу-
шығару сопроцессоры микропроцессормен қатар жұмыс істегендіктен, бірнеше сыртқы құрылғыларға
(дисплей, принтер, НДД, ИМДЖ және басқалары) қызмет ету кезінде енгізу-шығару процедураларын
орындауды едәуір жылдадатады. Енгізу/шығару шинасы AGP шинасы Дербес компьютердің (PC)
шинасы өздеріне қойылатын талаптардың өсуіне байланысты тұрақты өзгеріске ұшырап отырады.
Сөйтіп жылдамдатылған графикалық порт (AGP) бұл деген PCI шинасының кеңейтушісі, оның қызметі
3D графикасының мәліметтерінің үлкен көлемді массивтерін өңдеу болып табылады. Intel AGP-ді PCI-
ға 3D графикасын енгізу алдында екі проблеманы шешу үшін шығарады. Біріншіден, 3D графика z-
буфері (z- buffer) мен текстурлы карталардың (texture maps) ақпараттарның барынша үлкен жадысы
керек. 3D қосымшасы үшін текстурлы карталардың неғұрлым көбі ашық болса, соғұрлым соңы нәтиже
тамаша көрінеді. Қалыпты жағдайда, бейне тереңдігінің назарына қатысты ақпаратты құрайтын z-
буфер тектура секілді сол бір жадыны құрайды. Бұл конфликт 3D шығарушылары үшін тиімді шешім
таңдау үшін көптеген нұсқаларды ұсынады, олар текстурлар мен z-буферіне арналған жадының үлкен
мәнділігіне ұштастырады және нәтижелер шығарылатын бейненің сапасына тікелей әсер етеді.
|