Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
Негізгі мектептің 5-сыныбынан бастап дене шынықтыру сабақтары
ер балалар және қыз балалар топтарына бөлу негізінде жүргізіледі. Дене
шынықтыру пәні сабақтары гендерлік қағидат бойынша (қалалық жерлерде –
әр топта 8 ұл (қыз) баладан кем емес, ауылдық жерлерде – 5 ұл (қыз) баладан
кем емес болған жағдайда) өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге
асырылады.
«Дене шынықтыру» оқу пәнінің оқу бағдарламасының мазмұны
оқытудың бөлімдері арқылы ұйымдастырылған. Бөлімдер сыныптар
бойынша күтілетін нәтиже түрінде берілген оқу мақсаттарын қамтитын
бөлімшелерден тұрады.
Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады:
1.«Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттері» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
түрлі арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындау кезіндегі
дәлдікті, бақылауды және үйлесімділікті дамыту; түрлі қимыл-қозғалыс
комбинацияларын құру және оларды дене жаттығуларын орындауда қолдану
реттілігі; арнайы спорттық техникаларды орындау кезінде қимыл-қозғалыс
дағдыларын және олардың орындалу ретін түрлендіру; қимыл-қозғалыс
әрекеттерін орындауды жақсарту үшін өзінің және өзгелердің біліктіліктерін
бағалау; бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегиялары мен
құрылымдық идеяларын қолдану және бағалау; қиындықты жеңе білу және
қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қауіп-қатерлерге жауап қайтара
білу.
2. «Шығармашылық қабілеттер және қимыл-қозғалыс дағдылары
арқылы сыни көзқарасты қалыптастыру» бөлімі келесі бөлімшелерді
қамтиды: қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы өзгермелі жағдайға жауап
қайтара білуге бейімделу; көшбасшылық, сондай-ақ, команда құрамында
жұмыс істей білу дағдыларын дамыту және қолдану; қолайлы оқу-үйрену
ортасын қалыптастыруға қажет бірқатар тиімді дағдыларды көрсету; дене
жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін
құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді бағалау; өзінің және
өзгелердің шығармашылық қабілеттерін сыни тұрғыдан бағалау және оны
шешудің балама жолдарын ұсыну; жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету
ережелерін білу; жарыс кезінде таза ойнау, патриотизм және
ынтымақтастыққа
жататын
мінез-құлық
көрсету;
түрлі
қимыл-
қозғалыстармен шарттастырылған рөлдерді орындау және олардың
айырмашылықтарын сезіне білу.
3. «Денсаулық және салауатты өмір салты» бөлімі келесі бөлімшелерді
қамтиды: жеке бас денсаулығы және салауатты өмір салты туралы білімді
қалыптастыру; қыздырыну және қалпына келтіру жаттығуларын құру мен
орындау; түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға
тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысын зерттеу;
денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде
туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және
қолдану; басқалардың дене жаттығулары тәжірибесін байыту масқатында
білім, біліктілік және дағдыларды қолдану.
219
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
Әр бөлімшеде көрсетілген оқу мақсаттары мұғалімге оқушыларды
дамыту бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға, сонымен қатар олардың
жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге
мүмкіндік береді.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 5-9-
сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық
жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске
асырылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан, жарты жылының және оқу
жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі
жазылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында
мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу
мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Білім мазмұнын
жаңарту аясында (5-9-сыныптарда) «Дене шынықтыру» пәнін оқыту
бойынша әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2018.–89 б.» (Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2018 жылғы 24 сәуірдің
№5 хаттамасы)» әдістемелік ұсынымдама әзірлеп, академия сайтына
орналастырылған (nao.kz).
220
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
4.3 10-СЫНЫПТА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША
ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ БІЛІМ САЛАСЫ
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)
«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» оқу пәндерін оқытуда оқу
процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер
2019-2020 оқу жылында «Қазақ тілі» пәні бойынша 10-сынып
жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасымен оқитын болады.
Тіл де, әдебиет те – ғасырлар бойы жасалған, ұлттың дүниетанымы мен
ғылыми-философиялық ойлау жүйесін танытатын құндылықтар.
Дәл бүгінгі таңда жаһандану дәуірінің ұлттық құндылықтарға төндіріп
тұрған қаупі үнемі қаперде болуы ескеріліп, бүкіл ұлттық құндылықтардың
ұйтқысы қазақ тілін пән ретінде оқытудың басшылыққа алынған
тенденциялары, оларды жүзеге асыру жолдары мен қағидалары мыналар:
1) Қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте
қарау.
2) Тілді оқытуды белгілі бір пәндік дағдыларға емес, білім алушының
тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау. Тілдік білім мен біліктерді ХХІ
ғасыр адамының бойында сөйлеу мәдениетін, ойлау мәдениетін және кісілік
мәдениетті қатар дамытуға, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру.
3) Тілді оқытуда жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығын
қалыптастыруға басымдық беру.
4) Қазақ тілін оқытуда білім мен ғылымның интеграциясын жүзеге
асыру. Тілді ғаламның бір бөлшегі ретінде таныту. Қазақ тілі – мектепте
оқытылатын барлық пәндердің, ғылымның кілті.
Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – танымның, ой мен
сезімді білдірудің де құралы және ұлттық ділді сақтаудың кепілі, ұлттық
сананы қалыптастырудың тетігі.
Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:
10-сыныпта оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған
жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің
үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс
пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы
7 наурыздағы №105 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18382 болып тіркелді) бекітілген
оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады:
- жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық
бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;
221
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
- жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы
үлгілік оқу бағдарламасы.
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу
бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының
сайтында орналастырылған (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік
қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары/ Жалпы орта білім беру деңгейінің
жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары. Қазақ тілі).
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және
ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын шығармалар, тілдік
дағдылар бойынша күтілетін нәтижелер оқу мақсаттары түрінде нақты
көрсетілді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
- жаратылыстану-математикалық бағытта:
10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
- қоғамдық-гуманитарлық бағытта:
10-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Жалпы орта білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытудың
мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға
қалыптастыру, сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана
білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктерінде
коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым,
жазылым) сауаттылықпен қолдану дағдыларын қалыптастырады;
2) білім алушылардың қазақ тілін күнделікті өмірде өзі еркімен
қолданып жүрген қарым-қатынас құралынан енді оны тілдік заңдылықтар
негізінде танып-білу дағдыларын қалыптастырады;
3) қазақ тілі жүйесін құраушы кіші жүйелерді, тіл бірліктерін және
олардың табиғатын танып біледі;
4) тіл бірліктерінің қарым-қатынас құралы болу, ойды білдіру, таным
құралы болу, ақпаратты сақтау құралы болу қасиеттерін функционалдық-
коммуникативтік бағдарда танып біледі, соған лайықты машықтар мен
дағдыларды қалыптастырады;
5) «Қазақ тілі» пәні бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы
мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-
қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және ойлау қабілеті мен танымдық
дағдыларын жетілдіруді көздейді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның
қолданыстағы бағдарламадан ерекшелігі қазақ тілін функционалдық-
коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, төрт дағдыға
негізделген:
5) тыңдалым және айтылым;
6) оқылым;
7) жазылым;
222
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
8) әдеби тіл нормаларын сақтау.
«Тыңдалым және айтылым» бөлімі оқушылардың төмендегі
дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді: мәтін үзінділері бойынша болжам
жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру, мамандандырылған тар
аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты
аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды
талдау,
тыңдалған
мәтіндегі
ақпаратты
ғаламдық
мәселелермен
байланыстыра білу, мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай
отырып, негізгі ойды анықтау, мәтінде көтерілген мәселеге автор мен
оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және
бағалау, коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу
әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу тілінің лексикалық, фонетикалық-
морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін ажыратып, орынды қолдану;
«Оқылым» бойынша: әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма,
сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау,
ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильді тілдік құралдар арқылы
тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері), әртүрлі
стильдегі мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін таба білу, ауызекі сөйлеудің
стильдік бедерін дұрыс қолдану, публицистикалық шығарма тілінің стильдік
бедерін дұрыс қолдана білу, ресми ісқағаздары тілінің сөз бедерін дұрыс
қолдана білу, көркем әдебиет тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу, әртүрлі
стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін,
құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау (фонетикалық деңгей,
лексикалық деңгей, морфологиялық деңгей, синтаксистік деңгей негізінде),
мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер
мен пікірлерді өңдей білу, белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын
жүйелі қолдана білу, БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді
ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу;
«Жазылым» бойынша: жоспар түрлерін құру (қарапайым, күрделі,
тезистік), ауызекі сөйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін
құрастыру, ресми қарым-қатынас аясында ресми құжат түрлерін жазу:
сенімхат, кепілхат, өтінім, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек
келісімі және т.б. мәтіндер құрастыру, ғылыми стильдің стильдік және
жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, баяндама, мақала, лекция, баяндама
тезистері, аннотация, түйіндеме, рецензия және мәтіндер құрастыру,
публицистикалық стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере
отырып, мақала, репортаж, сұхбат, ақпарат, информациялық хабар, очерк,
памфлет жазу, көркем әдебиет стилінің стильдік және жанрлық
ерекшеліктерін ескере отырып мәтіндер құрастыру (таңдау бойынша), мәтін
құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді
салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, эссе түрлерінің
құрылымын сақтай отырып, көтерілген мәселе бойынша өзіндік пікір жаза
білу, оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты
іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу), әртүрлі тақырып бойынша
көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар
223
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
(өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу, жазба жұмысын абзац пен
бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және
стильдік түзетулер енгізу, редакциялау;
«Әдеби тіл нормалары» бойынша: орфографиялық нормаға сай жазу,
сөздерді фонетикалық принцип негізінде жазу, сөздерді морфологиялық-
фонематикалық принцип негізінде жазу, сөздерді тарихи-дәстүрлік принцип
негізінде жазу, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қою
(нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте), сөйлем ішінде қойылатын
тыныс белгілерді дұрыс қою (үтір, нүктелі үтір, жақша, қос нүкте, тырнақша,
сызықша).
Оқу мақсаттарымен жұмыс жүргізу жолдары, мәтінді оқыту
кезеңдері, күнделікті сабақ жоспарын құруда назар аударатын
мәселелер әдістемелік нұсқау хаттың «5-9-сыныптарда жаңартылған
білім мазмұны бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері»
тарауында берілген.
Бағдарламада
әртүрлі оқыту сатыларында өмірлік маңызды
міндеттерді шешу үшін қажетті дағды мен қабілеттерді бірізді және кезеңдік
дамыту жүреді.
Ақпаратты талдау, жалпылау, жіктеу, сондай-ақ әртүрлі жанрда және
стильдерде мәтіндер жазу, жеке, іскерлік хат жазысуды жүргізу, түйіндеме,
мақала, аннотация, тезис құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу
дағдылары мен қабілеттерін жетілдіру тілді оқуды ынталандыруға септігін
тигізеді.
Сабақ жоспарын құрастыру барысында оқушылардың деңгейі мен
қажеттілігіне сай әдеби тіл нормаларын қалыптастыруға назар аударған
дұрыс. Тілдік бірліктер мен құрылымдарды, яғни грамматиканы оқыту
коммуникативтік контекст негізінде жүзеге асырылуы керек. Яғни мұғалім
тіл туралы білім қалыптастырудан гөрі тілдік қолданыс, грамматиканың
функционалдығына назар аударуы тиіс.
«Қазақ
тілі»
пәні
(жаратылыстану-математикалық
және
қоғамдық-гуманитарлық бағыттар) бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық
жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен
бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты
саны көрсетілген.
60 кесте - Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны
Сынып
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
10-сынып
2
2
2
2
224
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
Ескертпе: Тілдік пәндерде бөлім бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу
қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым
және жазылым)
«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде)
2019-2020 оқу жылында 10-11-сыныптар «Қазақ әдебиеті» пәні
бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларымен оқитын
болады.
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу
бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының
сайтында орналастырылған (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік
қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары/ Жалпы орта білім беру деңгейінің
жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары. Қазақ әдебиеті).
Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:
10-сыныпта оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған
жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің
үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс
пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы
7 наурыздағы № 105 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18382 болып тіркелді) бекітілген
үлгілік оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады:
- жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық
бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;
- жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және
ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын шығармалар, тілдік
дағдылар бойынша күтілетін нәтижелер оқу мақсаттары түрінде нақты
көрсетілді.
Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды
креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және
жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау,
бағалау дағдыларын қалыптастыру. Білім алушылар әдеби жанрларға
эксперимент жасау арқылы драмалық шығарманы проза тілімен, прозаны
поэзия тілімен жазу тәсілдерін меңгере алады.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) «Қазақ әдебиеті» бағдарламасы білім алушылардың сауаттылығын,
олардың әдеби және эстетикалық талғамдары мен сезімдерін дамыту, ойлау
қабілеттері мен танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру
бағытында құрастырылған;
2) қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық
225
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
3) қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ
халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, мәселелерін,
қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
4) түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау
дағдыларын қалыптастырады;
5) заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын
дамытады.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
- жаратылыстану-математикалық бағытта:
10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
- қоғамдық-гуманитарлық бағытта:
10-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
«Қазақ әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну
және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы
анализ. Сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден
тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімшелері пән бойынша оқу мақсаттарынан
тұрады.
1) түсіну және жауап беру: әдеби шығарманың сюжеттік-
композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну,
әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу,
көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау, көркем
шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы мәселелермен
байланыстыру,
шығармадағы
ұлттық
құндылықтардың
әлемдік
тақырыптармен үндестігін ашу;
2) анализ және интерпретация: әдеби шығарманың композициясын
уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау, шығармадағы авторлық идеяның өмір
шындығымен байланысы, шығармадағы автор стилі мен көркемдегіш
құралдардың қызметін ашу, көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге
талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс жазу,
әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой
қорыту;
3) бағалау және салыстыру: шығарманы мазмұндас туындылардың
үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау,
көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни
тұрғыдан баға беру, шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық
тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу, шығарманы идеялық жағынан
мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасында Блумның толық
меңгерту теориясы басшылыққа алынып, көркем шығарманы толық оқыту
қағидаты сақталғандықтан көркем шығарма аз берілген. ХХІ ғасырдың жаңа
адамының талғамын қанағаттандырып, толғандырар сұрақтарына жауап бере
алатын толыққанды әдеби шығармалар енгізілген. Бұл ерекшеліктер
оқушылардың шығармадағы автордың идеясын толық түсінуге, оны жан-
жақты талдай алу қабілетін дамытуға және оқырмандық қабілетін
226
Достарыңызбен бөлісу: |