ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы



Pdf көрінісі
бет33/50
Дата06.12.2019
өлшемі3,46 Mb.
#53115
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50
Байланысты:
ИМП-каз-сонгы-15.07


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



орналастырылған:  (

https://www.nao.kz

  /

Білім  беруді  ғылыми-әдістемелік 

қамтамасыз 

ету/ 

Қазақстан 

Республикасы 

Президентінің 

Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  мақаласына 

арналған интерактивті сабақты өткізу бойынша әдістемелік ұсыным./ 

Сыныптан  тыс  оқу-тәрбие  жұмыстары  білім  алушыларды  қоғамдық  

өмірге  бейімдейтін,  жұмыс  тәжірибесін  жинақтайтын,  жаңа  жағдайдағы 

қарым-қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын 

әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады. 

Тарих пәндері бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және 

жоспарлау  барысында  2019-2020  оқу  жылында  мерекеленетін  мерейтойлық 

шараларға көңіл бөлу ұсынылады:  

17. Ұшқыш-шабуылдаушы, Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдірұлы 

Әбдіровтің туғанына 100 жыл. (1919 жыл.9 тамыз); 

18. Мемлекет  және  қоғам  қайраткері  Тұрар  Рысқұловтың  туғанына 

125 жыл. (1894 жыл.26 желтоқсан); 

19. Республикалық  «Казахстанская  правда»    газетінің  шыққанына 



100 жыл. (1920 жыл.1 қаңтар); 

20. Кеңес 

Одағының  Батыры,  «Ленин»  ордені  мен  бірқатар 

медальдардың  иегері  Сұлтан  Біржанұлы  Баймағамбетовтың  туғанына    100 



жыл. (1920 жыл.1 сәуір); 

21. 


Қазақтың  ұлы  ақыны,  ағартушы,  ойшыл,  жазба  қазақ  әдебиетінің, 

қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси 

қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына

 175жыл. (

1845 жыл.10 тамыз



); 

22. Ұшқыш-шабуылдаушы,  КСРО  еңбек  сіңірген  әскери  ұшқыш,  екі 

мәрте  Кеңес  Одағының  Батыры,  «Ленин»,  төрт  мәрте  «Қызыл  Ту», 

«Александр  Невский»,  I  дәрежелі  «Отан  соғысы»,  «Қызыл  Жұлдыз» 

ордендері  мен  бірқатар  медальдардың  иегері  Леонид  Игнатьевич  Беданың 

туғанына 100 жыл. (1920 жыл.16 тамыз); 

23. Кеңес 

Одағының  Батыры,  «Ленин»  ордені  мен  бірқатар 

медальдардың  иегері  Төлеген  Тоқтаровтың  туғанына  100  жыл.  (1920 

жыл.19 желтоқсан); 

24. Иса  Тілембайұлы  және  Досан  Тәжиев  бастаған  Патшалық  Ресейге 

қарсы ұйымдастырылған Ұлт-азаттық көтеріліске 150 жыл. (1870 жыл). 

 

 

 



 

Өзін-өзі тану 

«Өзін-өзі  тану»  пәнінің  10-сыныптағы  базалық

 

мазмұны  төрт  негізгі 



тарауды қамтиды: «Таным жолында», «Тұлғаның қалыптасуы», «Қоғамдағы 

өмір», «Адамзат әлемі». 



Оқу  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінің  көлемі:  аптасына  1  сағат,  бір 

жылға 34 сағат.  

Адамгершілік-рухани  білім  беру  ерекшеліктеріне  сәйкес  сандық 

бағалау  емес,  сапалық  бағалау  маңызды,  сондықтан  әр  жартыжылдық 



262 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



қорытындысы бойынша «сынақ» деген баға қойылады.  Оқушы бағдарламада 

көрсетілген 

білім 

алушылардың 



дайындық 

деңгейіне 

қойылатын 

талаптардың  барлығын  және  ұзақмерзімді  жобаны  орындаса,  оған  «сынақ» 

деген баға қойылады. 

 

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ  



 

Дене  шынықтыру»  пән  ретінде  жалпы  білім  беретін  мектепте 

маңызды  рөл  атқарып,  оқушының  жалпыадамзаттық  мәдениет  саласында 

өзін-өзі  белсенді  шығармашылық  көрсетуге  дайын  тұлға  ретінде 

қалыптасуына ықпал етеді. 

Оқу  пәннің  мақсаты:  оқушылардың  бойында  өз  денсаулығына 

қамқорлықпен  қарауға  қажеттілікті  қалыптастыру,  дененің  физикалық  және 

психикалық  қасиеттерді  жүйелі  дамыту,  салауатты  өмір  салтын 

ұйымдастыруда  дене  шынықтыру  құралдарын  шығармашылық  тұрғыдан 

қолдану.  

Оқу пәннің міндеттері: 

1) денсаулықты нығайту, негізгі дененің физикалық сапаларын дамыту 

және ағзаның қызмет ету мүмкіндіктерін арттыру; базалық спорт түрлерінің 

техникалық-тактикалық әрекеттерін жетілдіру

2)  өз  денсаулығына  қамқорлықпен  қарау,  оны  нығайту  және  сақтау 

қажеттіліктерін тәрбиелеу

3)  дене  шынықтыру  және  спорттың  пайда  болу  тарихы  мен  даму 

ерекшеліктері,  салауатты  өмір  салтын  дамытудағы  рөлі  туралы  білім 

деңгейлерін игеру;  

4)  оқу  және  жарыс  кезіндегі  ұжымдық  қарым-қатынас  пен 

ынтымақтастықты орындау және жеке тұлғаның оң қасиеттерін тәрбиелеу. 



Оқу бағдарламаның құрылымы мен мазмұны екі бөлімнен тұрады: 

1) «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент); 

2) «Денені жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік компонент). 

«Дене  шынықтыру  туралы  білім»  бөлімінің  мазмұны  адамның  таным 

белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктеріне сәйкес:  

1) «Қазақстандағы спорт пен дене шынықтырудың даму тарихы»; 

2) «Қазіргі қоғамдағы спорт және дене шынықтыру»; 

3) «Адамның дене мәдениеті» тақырыптарын қамтиды.  

«Дене  шынықтыру  туралы  білім»  бөлімде  Қазақстандағы  спорт  пен 

дене  шынықтыруды  дамытудың,  республикадағы  ұлттық  спорт  түрлерінің 

қалыптасуы,  қазіргі  қоғамдағы  дене  шынықтыруды  дамытудың  негізгі 

бағыттары,  белсенді  демалысты  ұйымдастыру  жолдары  және  дене 

шынықтыру  құралдарының  көмегімен  адам  денсаулығын  нығайту  тәсілдері 

туралы  мәліметтер  енгізілген.  Бұл  бөлімде  дене  және  спорттық 

дайындықтардың  негізгі  түсініктері,  өз  бетімен  дене  шынықтыру 

жаттығуларымен  айналысуды  ұйымдастыру  мен  өткізу  ерекшеліктері  жан-

жақты ашылып көрсетілген және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап 

етудің ережелері берілген.  



263 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



«Денені  жетілдіру  және  шеберлік»  бөлімі  білім  алушылардың  дене 

шынықтыру  және  тактикалық  даярлықтарын  шыңдауға  бағытталған  және 

аталған  бөлімде  арнайы  дене  дайындығы  құралдары  туралы  ақпараттар 

берілген.  Бағдарламада  арнайы  құралдар  ретінде  қолданбалы  маңызға  ие 

болатын  базалық  спорт  түрлерінің  (гимнастика  негіздері,  жеңіл  атлетика, 

спорт ойындары, шаңғы және жүзу) дене жаттығулары мен қимыл-қозғалыс 

әрекеттері ұсынылады. 

Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі спорттық ойындарды 

тереңдетіп  оқыту  мақсатында  оқытудың  заманауи  әдістері  мен 

педагогикалық  технологияларын  қолдануға  және  енгізуге  бағдарлайды. 

Вариативті  компонентті  нақты  білім  беру  ұйымы,  материалдық  базасы  мен 

өңірдің орналасу ерекшеліктерін, білім алушының қызығушылықтарын және 

оқытушылар  ұжымының  мүмкіндіктерін  ескере  отырып  дене  шынықтыру 

мұғалімі әзірлейді. 

Бағдарлама  талаптарына  және  әрбір  білім  алушының  жеке 

мүмкіндіктері  мен  жыныстық  даму  ерекшеліктерін  бағамдай  отырып, 

мұғалім  өздігінен  жеке  талаптар  қойып  (қорытынды  тапсырмалар), 

талаптардың  өзіндік  шкаласын  құруына  және  сол  бойынша  білім 

алушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады. Бұл тәсілді қолдану 

дене  шынықтыру  мұғаліміне  оқыту-үйретудің  барлық  кезеңдерінде 

оқушылардың  даму  деңгейлерінің  жеке  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 

сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді. «Дене шынықтыру» 

пәні  бойынша  жиынтық  бағалау  өткізілмейді.  «Дене  шынықтыру»  пәні 

бойынша  тоқсан,  жарты  жылының  және  оқу  жылының  соңында 

«есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады. 

Бұл  бағдарлама  мектепте  дененің  шынығуы  мен  адамгершілікке 

тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі 

нысандарының  мазмұнын  қамтиды  және  бұл  міндеттерді  барлық  оқу 

жылында рет-ретімен шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның әрбір үшінші 

сағаты білім алушылардың белсенділігін  арттыруға (спорт және қозғалмалы 

ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған. 

Орта  білім  (бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім)  берудің 

Мемлекеттік  жалпы  білім  беру  стандартына  сәйкес  бағдарламада  білім 

алушыларды гендерлік қағидат бойынша дене шынықтыру сабағын (қалалық 

жерде – әрбір топта 8-ден кем емес ұлдар (немесе қыздар), ал ауылдық жерде 

–  5-тен  кем  емес  ұлдар  (немесе  қыздар)  болғанда)  жеке  оқыту 

қарастырылған. Оны оқу процесін ұйымдастырған кезде ескеру қажет. 

«Дене шынықтыру» оқу пәнінің мазмұны. 10-сынып. 

1) Тақырыптық жоспар «Бағдарламаның бөлімдерінің жылдық сағаттар 

санын тоқсандарға бөлу».  

74  кесте  -  Бағдарламаның  бөлімдерінің  жылдық  сағаттар  санын 

тоқсандарға бөлу  

 

Бағдарл Бағдарлама бөлімдері 

Оқу тоқсандары. Сағаттар саны 


264 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



ама 

бөлімдер

і 



 









Σ 

Базалық  1. Жеңіл атлетика 



14 



2. Спорт ойындары 

15 


15 


45 


Футбол 









15 

Баскетбол 









15 

Волейбол 









15 

3. Гимнастика 





4. Шаңғы дайындығы* 



10 



10 


5. Жүзу** 





Базалық 

компонент 

бойынша сағаттар саны: 

22 


17 

25 


20 

84 


Вариати

вті 

Вариативті  бөлім  нақты 

спорттық 

ойындарды 

тереңдетіп  оқытуда  білім 

беру  ұйымдары  футболды, 

волейболды, 

немесе 


баскетболды 

таңдауы 


арқылы жүзеге асырылады  



18 



Оқу жылы бойынша сағаттар саны: 

26 

22 

30 

24 


102 

Ескерту: 

*– Қарсыз аудандарда шаңғы дайындығы сабақтарының орнына жалпы 

төзімділікті  дамытуға  сауықтыру  жүгіру  сабақтары  мен  басқа  да  аэробты 

жүктеме жаттығуларын қолдану ұсынылады. 

**–  Жүзу  сабағын  өткізу  мүмкін  болмаған  жағдайда,  бағдарламаның 

жүзу бөлімін іске асыруға арналған уақытты спорттық дағдыларын жетілдіру 

үшін,  мектептің  педагогикалық  кеңесінің  шешімімен  оның  орнына  дене 

шынықтырудың спорттық ойын түрлерін қолдану ұсынылады. 

«Дене  шынықтыру»  пәні  бойынша  жиынтық  бағалау  өткізілмейді. 

«Дене  шынықтыру»  пәні  бойынша  тоқсан,  жарты  жылының  және  оқу 

жылының  соңында  «есептелінді»  («есептелінген  жоқ»)  деген  белгі 

жазылады. 

Сабақтың,  сабақтан  тыс  және  сыныптан  тыс  іс-шаралардың  тәрбиелік 

мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады. 

«Дене  шынықтыру»  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды 

ұйымдастыру  және  жоспарлау  барысында  2019-2020  оқу  жылында 

мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады. 

«Дене  шынықтыру»  пәні  сабақтарын  ұйымдастыру  және  өткізу 

мәселелері  бойынша  мұғалімдерге  әдістемелік  көмек  көрсету  мақсатында 

Ұлттық  ғылыми-практикалық  дене  тәрбиесі  орталығы  және  Ы.Алтынсарин 

атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  әдістемелік  құралдар  әзірлеп, 

орталықтың 

сайтына 


(

www.nnpcfk.kz

және 


академия 

сайтына 


орналастырылған (nao.kz).  

Дене шынықтыру пәнінің оқу жүктемесі:  

10-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды. 



265 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



 

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»  

Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық  меншік  түрі  мен 

ведомстволық  бағыныстылығына  қарамастан,  барлық  типтегі  жалпы  білім 

беретін  мектептерде  әскерге  шақырылуға  дейінгі  және  әскерге  шақырылу 

жасындағы  білім  алушы  жастардың  міндетті  оқытылатын  пәні  болып 

табылады. 

«Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық»  пәні  –  білім 

алушыларды  отаншылдық  рухпен  Отанды  қорғауға  дайын  болуға 

тәрбиелеуге  баса назар аударады. Бұл  бағдарлама білім алушыларды әскери 

қызметтің дағдыларын меңгеруімен қоса төтенше жағдайларда адамның өмір 

қауіпсіздік әрекеті мен әскери іс негіздерінен білім беруге бағытталған. 

Жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарында «Алғашқы әскери 

және технологиялық дайындық» пәні бойынша оқыту  ҚР Білім және ғылым 

министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №  115  бұйрығымен,  ҚР  БҒМ  2017 

жылғы  «27»    шілдедегі  207-қосымша  №  352  бұйрығымен  бекітілген  оқу 

бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. 

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында алғашқы әскери 

және  технологиялық  дайындықты  жастарға  ұйымдастыру  және  өткізу  үшін 

негіз болып табылады: 

1.  «Әскери  қызмет  және  әскери  қызметшілердің  мәртебесі  туралы» 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы. 

2. «Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және  жүргізу, сондай-ақ 

оның  оқу-материалдық  базасын  қалыптастыру  қағидасы  туралы»  Қазақстан 

Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 606 

бұйрығының  күші  жойылды,  оны  Қазақстан  Республикасы  Қорғаныс 

министрінің  2017  жылғы  12  шілдедегі  №  347  бұйрығымен    ауыстыру 



қажет (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 

қыркүйекте № 15725 болып тіркелген). 

3. 

«Көлік  құралының  сәйкестендіру  нөмірі  бойынша  көлік 



құралдарының  жекелеген  түрлерін  мемлекеттік  тіркеу  және  есепке  алу, 

Механикалық  көлік  құралдарын  жүргізушілерді  даярлау,  Емтихандар 

қабылдау  және  жүргізуші  куәліктерін  беру  қағидаларын  бекіту  туралы» 

Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер  министрінің  2014  жылғы  2 

желтоқсандағы № 862 бұйрығы.  

Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық  теориялық  және 

практикалық  сабақтарда  іске  асырылады:  теориялық  сабақтарды  оқытудың 

дидактикалық  материалдарын,  техникалық  құралдар  мен  инновациялық 

әдістерін  қолдана  отырып,  әңгімелесу  және  сұхбаттасу  түрінде  өткізіледі. 

Практикалық  сабақтар  оқулықты,    қару  және  әскери-техникалық  мүлікті, 

құралдарды  және  өзге  де  жабдықтарды  қолдана  отырып,  оқу  материалын 

игеруге бағытталады. 

Оқу  пәнінің  мақсаты  –  білім  алушыға  мемлекетті  қорғау  негіздері 

туралы  ойының  қалыптасуын,  Қазақстан  Республикасының  Қарулы 

Күштерінің  арналуын  және  түрлері  мен  ерекшеліктерін  түсіндіру,  әскери 


266 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



қызметтің  маңызын,  Қазақстан  Республикасының  әр  азаматының    қасиетті 

парызы және міндетін оқыту.  

Пәнді оқытудың негізгі міндеттері: 

1)  әскери  анттың,  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің 

жарғыларының негізгі талаптары туралы білімін қалыптастыру

2) әскери  бөлімдердің  қару-жарағы  мен  әскери  техникасы,  жеке 

құрамның өмірі мен орналасуымен таныстыру; 

3) қажетті  әскери  білім  мен  практикалық  дағдыларды  ақпараттық 

технологияны пайдалана отырып робототехникада, дөңгелекті машиналарды 

жүргізудің  негіздері  және  төтенше  жағдайда  адам  өмірі  қауіпсіздігі 

негіздерінде қалыптастыру; 

4) жастарға  қазақстандық  патриотизм  мен  Отанына  деген  адалдық 

сезімін дарытуға тәрбиелеу; 

5) әскери  істерге  байланысты  мамандық  кәсібіне  оң  көз-қараста 

тәрбиелеу. 

Білім  алушылардың  практикалық  дағдылары  мен  біліктіліктерін 

шыңдау  және  жетілдіру,  сонымен  қатар  әскери  істі  оқып-үйренуге  деген 

қызығушылықтарын  арттыру  мақсатында  оқу  жылының  соңында  спорттық-

қорғаныс сауықтыру лагерьлерінде, әскери бөлім базаларында (әскери бөлім 

басшылығымен  келісе  отырып)  10-сынып  ұлдарымен  30  сағат  көлеміндегі 

бес күндік оқу-далалық (лагерьлік) жиыны өткізіледі. 

Оқу-дала  жиыны  курсы  алғашқы  әскери  және  технологиялық 

дайындық бағдарламасының міндетті кезеңі болып  табылады. Ол жергілікті 

атқару  органдарымен  бірлесіп  ұйымдастырылады  және  білім  беру 

ұйымдарының оқу сағаттарымен қамтамасыз етіледі. 

«Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық»  пәнінің  оқу 

нәтижелерін  бағалау  үшін  ауызша  сұрақ  қою,  жазба  жұмыстың  және 

практикалық жаттығулар бақылауын қолдану арқылы жүзеге асырады.  

«Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық»  пәнінің  базалық 

мазмұны. 10-сынып. 

«Кіріспе  сабағы»  бөлімі:  білім  алушыларға  «Алғашқы  әскери  және 

технологиялық  дайындық»  пәніне  оқыту  мақсат-міндеттері  мен  мазмұнын; 

«Қазақстан  Республикасының  қорғаныс  және  Қарулы  Күштер  туралы», 

«Әскери  қызмет  және  әскери  қызметшілердің  мәртебесі  туралы»,  «Ұлттық 

қауіпсіздік  туралы»,  «Азаматтық  қорғану»,  «Білім  туралы»  Қазақстан 

Республикасының Заңдарын, «Алғашқы әскери дайындық пәнін жүргізу және 

ұйымдастыру»  және  оның  оқу-материалдық  базасын  қалыптастыру 

ережелерін  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Қорғаныс  министрінің 

2014  жылғы  19  желтоқсандағы  №  606  бұйрығы  (күші  жойылды,  оны 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 

347  бұйрығымен  ауыстыру  қажет  (Қазақстан  Республикасының  Әділет 

министрлігінде 2017 жылғы 20 қыркүйекте № 15725 болып тіркелген). 

«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының 

жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік 

құралдарын  жүргізушілерді  даярлау,  Емтихандар  қабылдау  және  жүргізуші 


267 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



куәліктерін  беру  қағидаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Ішкі 

істер  министрінің  2014  жылғы  2  желтоқсандағы  №  862  бұйрығы.  Алғашқы 

әскери  және  технологиялық  дайындық  сабағында  білім  алушылардың 

құқықтары мен міндеттерін қамтиды. 

Бөлімдер: 

1.  «Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштері  –  мемлекеттің  әскери 

қауіпсіздігінің кепілі».  

2.  «Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштері,  басқа  әскерлер  және 

әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары».  

3. «Тактикалық дайындық». 

4. «Атыс дайындығы». 

5. «Саптық дайындық». 

6. «Әскери топография». 

7. «Әскери роботты техникалардың негіздері». 

8. «Өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері». 

«Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық»  сабағына  білім 

алушылар  білім  беру  ұйымының  басшысының  бұйрығымен  бекітіліп 

белгіленген киім үлгісінде қатысуы тиіс. Қару макеттері және өзге де әскери-

техникалық  құралдармен,  оқу  құралдарымен  қамтамасыз  етілуі  білім  беру 

ұйымдарының есебінен іске асырылады. 

Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық  оқытушы-

ұйымдастырушы  әскери  істі  оқыту  процесінде  жастардың  бойында 

азаматтық  таным,  Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігін  қорғау,  әскери 

қызметке  деген  саналы  жауапкершілікті  қалыптастыруға  тәрбиелеу  мен 

оқытудың басты міндеттерін шешеді. 

Әр  сабақ  сайын  білім  алушылар  әскери  анттың  рөлі  мен  маңызын 

түсінулеріне,  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштеріне,  оның  дәстүрлері 

мен әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген 

қызығушылықтарын  дамытып,  білім  алушылардың  әскери  білім  алуларына 

деген  ұмтылыстарын  ынталандыру  керек.  Сонымен  қатар  Қазақстан 

Республикасы  Қарулы  Күштерінің  жарғылары  –  бұл  Қарулы  Күштердің 

тұрмыс-тіршіліктерін  реттестіретін  заңдар  жиынтығы,  ал жарғы  талаптарын 

орындау – әрбір әскери қызметкердің міндеті екендігін түсіндіру қажет. 

«Әскери  роботты  техникалардың  негіздері»  бөлімі:  Әскери  роботты 

техникалардың  негіздері  –  Роботтар  туралы  жалпы  мәліметтер.  Роботтарды 

әскери істе пайдалануды. Роботтарды басқару алгоритмі – Роботтың қозғалу 

траекториясын  жоспарлау.  Роботтар  тобын  ұжымдық  басқару  үлгісі  және 

алгоритмдерін.  Роботтарға  арналған  тапсырмалар  –  Роботтардың  атқара 

алатын  қызметтері.  Жекелеген  тактикалық  міндеттерді  шешу:  жергілікті 

жерлерде  бағдарлау,  роботтардың  қиын  жағдайларда  қызмет  ету  тәртібін 

қамтиды. 

«Өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері» бөлімінде 

–  азаматтық  қорғау  және  медициналық  білім  негіздері  сабағында  білім 

алушылар  Қазақстан  Республикасының  халқын  бейбіт  және  соғыс  кезіндегі 

табиғи апаттарда,  ірі апаттарда, қасірет пен террористік актіде атқарылатын 


268 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



іс-шаралармен таныстырады. 

«Өмір  қауіпсіздігінің  негіздері»  оқу  курсының  мазмұны  10-сыныпта 

«Алғашқы  әскери  дайындық»  оқу  курсының  аясында  12  сағаттық  жылдық 

оқу  жүктемесімен  алғашқы  әскери  дайындық  пәнінің  оқытушы-

ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша 

сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі. 

Сабақтың,  сабақтан  тыс  және  сыныптан  тыс  іс-шаралардың  тәрбиелік 

мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады. 

«Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық»  пәні  бойынша 

сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-

2020  оқу  жылында  мерекеленетін  мерейтойлық  шараларға  көңіл  бөлу 

ұсынылады.  

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №352 

бұйрығы)  «Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық»  оқу  пәні 

бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 

1) 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат, сондай-ақ далалық 

оқу жиынына (лагерьлік) вариативті бөлімнен 30 сағат қарастырылған. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет