Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
өмірде білім алушының мінез-құлықындағы өзгерістерді талдау бағалаудың
негізі болғандықтан, талдау нәтижелері барлық мұғалімдерге ыңғайлы және
түсінікті түрде беріліп отыр.
Бағалаудың жеке тұлғалық жетістіктерінің нәтижелері білім алушының
жеке даму картасын (бақылау күнделігіне) жазылады, ол білім алушының
тұтастай даму динамикасының толық көрінісін беріп қана қоймай, жекелеген
өмірлік құзыреттеріндегі өзгерістердің болуы немесе болмауын қадағалауға
мүмкіндік береді.
ТМ (РО)-ға оқуға алғаш рет келген білім алушылармен бағыт беруші
сессиясында ұжымда жағымды атмосфера құруға арналған сабақтар
өткізіледі, олар білім алушыларға біршама еркіндік береді және олар нені
үйренгілері келетініне баса назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл кезеңде РО
білім алушыларға қиындыққа ұшырамауға көмектесу қажет, осылайша
жақсы және тиімді жұмыс істеуге болатын білім алушылар тобын құруға
бірінші қадам жасалады. Білім алушылар ТМ (РО)-да болған уақыттарында
жаңа оқыту жағдайларына тез және оңай үйреніп кетеді, басқа білім
алушылармен танысады, білім алады және бір-біріне көмектеседі.
Бағыт беруші сессия барысында кірістіру тестілеудің нәтижелері
ескеріледі және сессия кезеңінде жұмыстар білім алушының біліміндегі
проблемаларды жою үшін құрылады. Оқу сабақтары цикло-модульдік түрде
өткізіледі, өйткені ол магниттік мектептердің білім алушыларына жаңа
жағдайға психологиялық тұрғыда бейімделуге мүмкіндік беріп, ұжымдық
істер дәстүрлер қалыптастырады, топ ішінде пікірталас, топта жұмыс істеу
тәсіліне таңдау процедурасын үйретеді. Топтап блокпен өткізу сабақтарды
ұйымдастыру мен жоспарлауына шағын топтарды қосу білім алушылардың
оқуда дербестігін қалыптастырады. Сабақтың әрбір блогынан кейін мұғалім
12 параметр (Н.П.Капустиннің әдістемесі) бойынша әрбір білім алушының
білімділік дәрежесін анықтайды. Мониторингтік топ әрбір білім алушының
сессия кезеңіндегі білімділік дәрежесінің динамикасының диаграммасын
жасайды. Білім алушылардың оқудағы қиындықтар туғызатын тұстары
анықталады және технологиялық карталар жасалады, онда осы
қиындықтарды жою бойынша ұсыныстар беріледі. Педагог-тьюторлар әрбір
білім алушыға оқытудың жеке бағыттарын жасайды және сессияаралық
кезеңде сол бойынша жұмыс ұйымдастырады.
Магниттік мектептердің білім алушылары тірек мектебі-ресурстық
орталықтың өз жастарына сәйкес сыныптарына бөлінеді немесе осы білім
алушылар категориясына бөлек өз алдына сыныптар ұйымдастырылады.
Интернат болмаған жағдайда магниттік мектептердің білім алушыларын
сабаққа күнделікті тасымалдау ұйымдастырылады, интернат болған жағдайда
оларға өз бетімен дайындалуы және демалуы үшін жағдай жасалады,
тамақтану ұйымдастырылады. Сессиялар әрбір параллель үшін бөлек
өткізілуі мүмкін.
Оқу үдерісін ұйымдастыру үшін оқу-тақырыптық жоспарлауды қайта
қарап, ТМ (РО) мен магнитік мектептердің күнтізбелік-тақырыптық
жоспарларын толық сәйкес келетіндей етіп үйлестіру керек.
287
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
Бағыт беру сессиясында педагогтің қызметі білім алушылардың
пәндерді игеруге дайындық деңгейлерін анықтау, білім алушылардың оқу,
коммуникациялық қиындықтарын айқындау, оқытудың жеке бағытын
анықтау, сессияаралық кезеңде ұсыныстар жасау.
Қаңтар айында өткізілетін оқу сессиясы білім алушылардың
оқытылатын пәндер бойынша практикалық бағыттылығын тереңдетуді
көздейді. Химия, физика бойынша зертханалық және практикалық
жұмыстардың практикумы, математикадан практикумдар жүргізіледі. Оқу
сабақтарын тірек мектебінің мұғалімдері жүргізеді. Білім алушылар ТМ (РО)-
ның компьютерлік орталығында электрондық тасымалдаушылардағы оқу
ақпараттарымен жұмыс істеуге бейімделеді. Сессияның нәтижелері бойынша
білім алушылардың білімділік дәрежесі шығарылып, сессияаралық кезеңде
оқудағы қиындық тұстарын жою бойынша жеке ұсыныстар беріледі.
Оқу жылының соңында өткізілетін қорытынды сессия кезеңінде
оқытудың жеке бағыттарының қорытындысы шығарылып, базалық пәндер
мен таңдау пәндері бойынша курстық түйінді проблемалар анықталады.
Кеңес беру пункттері жұмыс істейді. Білім алушылардың ҰБТ-ға дайындық
деңгейін алдын ала бағалау жүргізіледі. Білім алушылар ҰБТ-ны өткізу
рәсімімен танысады.
Спорттық, көркем-эстетикалық сабақтар дамыта оқыту модулі аясында
күннің екінші жартысында өткізіледі. Оқу сабақтарын ұйымдастыру кезінде
білім алушылардың өзіндік белсенді оқу іс-әрекетіне, оқу материалы
мазмұнын блоктық-модульдік құруға, оқытудың жаңа технологияларын
пайдалануға, білім алушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін (зерттеу
және жобалау жұмыстары) табысты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін
оқытудың түрлері мен әдістеріне басымдық беріледі.
Білім алушылардың зерттеушілік мәдениетін дамыту бойынша
педагогикалық іс-әрекет білім беру процесінде ерекше орын алады. Білім
алушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған жобалау-
зерттеу жұмысы келесі түрде ұйымдастырылуы мүмкін:
Күзгі сессия
Мақсаты: Ақпарат көздерімен жұмыс істеуде білім алушылардың
қабілеттерін дамыту үшін қолайлы орта жасау.
Міндеттері:
- электронды кітапханада картотекамен жұмыс істеу дағдыларын
дамыту;
- мерзімдік материалдармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру;
- іздеу ақпараттарын жоспарлау дағдыларын дамыту;
- ақпараттың мүмкін болатын көздері анықтау мен жинау бойынша
біліктерін жетілдіру;
- алынған ақпараттар бойынша (сыни) тұжырымдар жасау біліктерін
дамыту;
- шешімдер қабылдауда қажетті ақпаратты анықтау біліктерін
қалыптастыру.
288
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
Сессияаралық кезең
1. I кезеңнің зерттеушілік жобалау жұмысының жеке дербес
маршруттық парағы, ұсыныстар бойынша әрекет ету.
2. Білім алушының күнделігін жүргізу.
3. Жұмыс портфолиосын жинау.
4. Білім алушының іс-әрекетін (түзету, кеңес беру) талқылау (талдау).
Қысқы сессия
Мақсаты: Аналитикалық, зерттеушілік мәдениетін, талдау, нақтылау
және жиналған ақпараттардан алынған нәтижелерді қарау мәдениетін білім
алушылардың бойында дамыту үшін жағдай жасау.
Міндеттері:
- алға қойған міндеттерді біліктілікпен шешуді білім алушылардың
бойында қалыптастыру;
- алынған ақпараттарды аналитикалық талдау дағдыларын меңгеруді
қамтамасыз ету;
- проблемаларды анықтау және оларды шешу жолдарын жоспарлау
дағдыларын жетілдіру;
- ақпараттарды мазмұны бойынша топтастыру дағдыларын дамыту;
- қосымшалардың түрлері бойынша ақпараттарды іріктеу біліктерін
дамыту.
ШЖМ білім алушылары үшін ТМ (РО)-ның 10-сыныбының
қорытынды сессиясының шамамен берілген бағдарламасы
Мақсатары:
1. Білім алушылардың бейіндік пәндердің оқу материалын нәтижелі
деңгейде меңгеруін қамтамасыз ету.
2. Әлеуметтік және кәсіби тұрғыда өз тағдырын өзі шешу және
өздігінен білім алуы үшін құзыреттілігін дамытуға ықпал ету.
Міндеттері:
• оқу зертханаларында оқу жоспарының инвариантты және вариативті
бөлігінің бағдарламасы бойынша өзіндік практикалық жұмыс ұйымдастыру;
• пәннен қиындық туғызған тұстарын пысықтау және білім
алушылардың жылдық жетістіктерін бағалау;
• жеке білім беру бағыттары бойынша жұмыстың қорытындысын
шығару;
• білім алушылардың оқуды жобалау және портфолио бағалары түрінде
танымдық және шығармашылық әрекеттеріне диагностика жүргізу.
Күтілетін нәтижелер:
1. Бейіндік компоненттің практикалық бөлігінің жүзеге асырылуы.
2. Бейіндік және элективтік курстар бойынша жобалау жұмысының
289
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
аяқталуы.
3. ТМ (РО)-ның білім алушыларының білімділік деңгейінің 7%-ға
артуы.
4. Бейіндер бойынша қиындық туғызған тұстарды еңсеру бойынша
жеке ұсыныстар.
5. Жеке жоспарлар – жаңа оқу жылына (сессияаралық кезеңде оқу-
жобалау жұмысы) жобалар.
6. Сауықтыру іс-шараларының денсаулық сақтау технологиялары
талаптарына сәйкестігі.
7. Сессия уақытында балалар денсаулығының 100% сақталуы.
Келу күні
ШЖМ-нің білім алушылар мен мұғалімдерінің келуі. Сессияға
қатысушыларды тіркеу. Жан-жақты мониторингті (бақылау жүргізуді) іске
қосу.
Медициналық блок. Медициналық бақылаудың объективтік және
субъективтік кіру деректері.
Психологиялық тренинг «Мен – топтың қатысушысымын». Топ
мүшелерінің бойында өзара түсіністікке нұсқама қалыптастыру. Басқалар
туралы алғашқы сезім. Психологиялық қауіпсіздік ахуалын жасау.
Бірінші күн
Медициналық блок
Балалардың денсаулығы жағдайын бақылау картасы
бойынша жұмыс істеу. Жұмыс жоспарымен таныстыру.
Оқу блогы
Білім беру кеңістігінің бірыңғай оқу жоспарының бейіндік
компонентін жүзеге асыру. Қоғамдық-гуманитарлық және
жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша оқу
жоспарының вариативтік бөлігінің бейіндік компоненттері.
Циклдер бойынша оқу модульдеріне толық кірісу. Оқудағы
жобалау.
Ғаламтор
технологиялар.
Оқытудың
денсаулықты сақтау технологиясын есепке ала отырып
жұмысқа қабілеттілікті арттыру және ағзаны қалпына
келтіруге
арналған
сауықтыру
тірек-қозғалыс
жаттығулары. Рефлексия. Диагностика.
Бейіндік блок
Оқу жобалауын қолдана отырып, практикумдар өткізу.
Кіріктірілген модульдер бойынша практикалық жұмыс.
Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика
бағыттары бойынша жобалармен жұмыс.
Дамытушы блок
Денсаулық сағаты. Жаттығу залы. Негізгі бұлшықет
топтарына бір жерден ғана және бейнелеу тұрғыдан әсер
етуші жаттығулар кешені.
Өзін-өзі тану сағаты. «Мен өз әлемімнің суретін саламын».
Психологиялық тренинг. Қатысушылардың өз тұлғалық
ерекшеліктерін сезіну деңгейін және олардың жеке
тұлғаның дамуы мен тұтастай өмір жолына әсер етуі
ықтималдығын анықтау.
Креативті ойлау сағат. «Экологиялық императив аман қалу
өркениеті ретінде». Пікір сайыс. Экологиялық мәдениетін
және білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін
290
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
дамыту.
Экономикалық білім сағаты. «Кәсіпкерлік және салық
инспекторының үш түрі». Іскерлік ойын. Топтарда
ынтымақтасу арқылы бірлесіп ойлау әрекеттері тәсілдерін
дамыту.
Музыка сағаты. «Қысқы симфония». Лекция-концерт.
Музыкаға деген саналы көзқарас және көпмәдениеттіліктің
құндылықтарын меңгеру. «Арқаның шертпе күй дәстүрі».
Интеллект және этномәдениет құндылықтары.
Өз бетімен дайындалу сағаты. Мұғалімнің кеңестік-
үйлестірушілік әрекеті негізінде білім алушының өздігінен
білім алуы, өзін-өзі үйрету. Өзіндік рефлексия.
Екінші күн
Медициналық блок
Балалардың денсаулығын бақылау картасы. Денсаулық
жағдайын диагностикалау және медициналық карталарын
ресімдеу.
ШЖМ
білім
алушыларын
кешенді
бақылауларының шыққан деректері.
Оқу блогы
Ақпараттық технологиялар қолданылатын гуманитарлық
жаратылыстану
циклдерінің
вариативтік
бейіндік
модульдері. Зерттеу сабағы.
Қолданбалы білімді барынша пайдалануға бағытталған
зертханалық-тәжірибелік сабақтар. Білім алушыларға
қиындық туғызатын тұстарын жою жұмыстары. Жалпы
оқудағы біліктіліктер мен дағдылар. Сессияаралық кезеңде
жеке жұмыс үшін технологиялық карталар жасау.
Мастер-класс
Орыс тілі және физика пәндері мұғалімдерінің іс-
тәжірибесі презентациясы. Қазақ тілі және биология
пәндері мұғалімдерінің іс-тәжірибесі презентациясы. ҚГБ
және ЖМБ кіріктірілген курстары бойынша жобаларды
қорғау. Білім алушы портфолиосын бағалау.
Бағалау парақтарын рәсімдеу. Жан-жақты мониторинг.
Қорытынды
сессияның
нәтижелерін шығару
Келесі оқу жылына арналған жеке жоба-жоспар. ШЖМ
базасында сессия алдындағы кезеңнің және тірек
мектебіндегі бағыт беруші сессияның міндеттері көлемін
анықтау.
ТМ (РО)-ның оқу сессиясына қатысушылардың қайтуы.
Үшінші күн
Медициналық блок
Балалардың денсаулығын бақылау картасы. Денсаулық
жағдайын диагностикалау және медициналық карталарын
ресімдеу.
ШЖМ
білім
алушыларын
кешенді
бақылауларының шыққан деректері. Жұмыс жоспарымен
танысу
Оқу блогы
Ақпараттық технологиялар қолданылатын гуманитарлық
жаратылыстану
циклдерінің
вариативтік
бейіндік
модульдері. Зерттеу сабағы.
Қолданбалы білімді барынша пайдалануға бағытталған
зертханалық-тәжірибелік сабақтар. Білім алушыларға
қиындық
туғызатын
тұстарын
жою
жұмыстары.
Сессияаралық кезеңде жеке жұмыс үшін технологиялық
291
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
карталар жасау.
Мастер-класс
Орыс тілі және физика пәндері мұғалімдерінің іс-
тәжірибесі презентациясы. Қазақ тілі және биология
пәндері мұғалімдерінің іс-тәжірибесі презентациясы. ҚГБ
және ЖМБ кіріктірілген курстары бойынша жобаларды
қорғау. Білім алушы портфолиосын бағалау.
Бағалау парақтарын рәсімдеу. Жан-жақты мониторинг.
Қорытынды
сессияның
нәтижелерін шығару
Келесі оқу жылына арналған жеке жоба-жоспар. ШЖМ
базасында сессия алдындағы кезеңнің және тірек
мектебіндегі бағыт беруші сессияның міндеттері көлемін
анықтау.
ТМ (РО)-ның оқу сессиясына қатысушылардың қайтуы.
ШЖМ жоғары сынып білім алушылары тірек мектебі (РО) базасында
10-11 сынып білім алушыларының қалауы бойынша екі бағыт бойынша
сыныптарға біріктіріледі. Қолданбалы пәндерді оқыту практикалық сипатқа
ие және мектеп компонентіне бөлінген сағат есебінен жүргізіледі.
ШЖМ жағдайында балаларда параллельдің жоқтығынан бейіндік
бағытты таңдау мүмкіндігі болмаған кезде тағы бір мәселе шешіледі. Тірек
мектептерге бекітілмеген ШЖМ көп жағдайда бейінді оқыту үшін ЖМБ
пәндерін таңдайды. Мұндай жағдайда бейіндік оқыту ретінде ҚГБ пәндерін
таңдаған білім алушылар үшін қосымша жұмыс ұйымдастыру талап етіледі.
ШЖМ жағдайында оқу қызметін ұйымдастырудың келесі мүмкін
нұсқаларының ішінен таңдау жасау ұсынылады:
- факультативтік сабақтар;
- ҚГБ пәндері бойынша үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;
- педагогтың кезеңдік кеңес беруімен білім алушының өзін-өзі оқытуды
ұйымдастыру;
- кіріктірілген сабақтар;
- таңдау бойынша курстар (элективті);
- қашықтықтан оқыту (тірек мектептермен қарым-қатынас орнату);
- жеке сабақтар;
- практикумдар.
Тірек мектеп ШЖМ білім алушыларының сапалы білім алуына тең қол
жеткізуді қамтамасыз етеді, олардың танымдық және шығармашылық
мүмкіндіктерін жүзеге асырады.
ШЖМ білім беру үдерісінде тәрбие жұмысы маңызды рөл атқарады.
Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру, білім алушыларға патриоттық
тәрбие беру үшін әртүрлі сыныптарда, мектептерде сыныптан тыс бірлескен
іс-шаралар өткізу орынды.
Біріктірілген сыныптарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының
құндылықтарын ашу үшін маңызды қорытынды алу мақсатында әлемдік
мәдени құндылықтар мен ұлттық мәдениет арасындағы параллельді өткізу,
дәуірлерді салыстыру әдісін пайдалану ұсынылады.
Бұл ретте пайдаланылатын ресурстар мазмұнының оқу пәнінің
бағдарламалық материалымен тығыз байланыс принципін ұстану қажет.
292
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
Осылайша,
ШЖМ
бүгінде
көптеген
аймақтық
әлеуметтік-
экономикалық, мәдени факторларды ескеретін, баланың тұлғасын дамытуға
ерекше көзқарасты педагогикалық үдерісті ерекше ұйымдастыруды қажет
етеді. Оқу жылы бойы ШЖМ мұғалімдеріне кәсіби желілік өзара іс-қимылы
арқылы, вебинарларда, мастер-кластарда әдістемелік көмек көрсету қажет.
293
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
6
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА
ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Зияткерлік тұлғаны дамытуға, тілдерді тереңдетіп оқытуға, ғылымға,
мәдениетке және өнерге бағытталған білім қызметін ұйымдастыруда
элитарлық білім беретін мамандандырылған білім беру ұйымдары келесі
нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа алады: «Білім туралы» Заң,
ҚР МЖМБС-2012, Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметнің үлгілік
қағидаларын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы, ҚР БҒМ 2013 жылғы 19 шілдедегі
№ 289 бұйрығымен бекітілген мамандандырылған білім беру ұйымдары
түрлері қызм етінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар).
Мамандандырылған білім беру ұйымдары оқу жұмыс жоспарын «ҚР
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік типтік оқу
жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығы негізінде әзірлейді.
Мамандандырылған мектептердің оқу жұмыс жоспарларын білім беру
ұйымының басшылығы бекітіп, ҚР БжҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-
практикалық орталығымен және білім беру саласындағы жергілікті атқарушы
органдармен
келісіледі.Мамандандырылған
жалпы
білім
беру
бағдарламалары негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін
оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және тілдерді, ғылым, мәдениет,
өнер, спорт негіздерін тереңдетіп оқытуға, олардың шығармашылық әлеуетін
және дарындылығын дамытуға бағытталған.
Мамандандырылған
білім
беру
ұйымы білім алушылардың
сұраныстарына сәйкес бейінді пәндер ішіндегі білім саласын, сондай-ақ
таңдау бойынша элективті курстар мен пәндерді анықтайды.
Оқу бағдарламаларындағы тақырыптар бойынша уақытты бөлу үлгі
болып табылатындығына назар аударамыз. Мұғалім тақырыптағы
мәселелерді зерттеудің ретін өзгертуге, сондай-ақ бөлінген сағаттарда жеке
тақырыптар бойынша оқу сағаттарының санын қайта бөлуге, өз қалауы
бойынша резервтік уақытты пайдалану құқығы беріледі.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауда оқу сағаттарын тақырыптар
бойынша шамамен бөлу ұсынылады. Мұғалім ұсынылған жоспарлауды
өзгеріссіз
қолдана
алады
(бұл
жағдайда
күнтізбелік-тақырыптық
жоспарлауды қайта жазудың қажеті жоқ). Сонымен қатар, мұғалім оқу пәнін
оқуға бөлінген оқу сағаттарының шегінде сынып ерекшеліктерін және
оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып, күнтізбелік-
тақырыптық жоспарлауға өзгерістер енгізуге, сондай-ақ өзінің күнтізбелік-
тақырыптық жоспарын әзірлеуге құқылы, бұл жағдайда білім беру
ұйымының басшысы бекітеді.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018
жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес Мамандандырылған білім беру
ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының (6 қосымша) 15, 16, 17-
тармақтарына ерекше назар аудару қажет:
294
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
15. Қазақ (орыс тілінде оқытатын сыныптар үшін) және орыс (қазақ
тілінде оқытатын сыныптар үшін) тілдерін, ақпараттық-есептеу техника
негіздерін, ритмика, хореография, музыка, дене тәрбиесі, технология, көркем
пәндер негіздерін оқу, сондай – ақ бейінді пәндер бойынша зертханалық,
практикалық жұмыстарды жүргізу кезінде сыныптарды 2 топқа, шет тілдерін
және шетел тілінде оқытатын пәндерді 3 топқа бөлуге жол беріледі.
16. Жалпы орта білім беру деңгейінде таңдау бойынша пәндерді
(тереңдетілген деңгей) шет тілінде оқу кезінде сыныптарды 2-3 кіші топтарға
бөлуге жол беріледі.
17. Сыныптарды қосымша бөлу жүйесі, икемді вариативтік кесте,
деңгейлік бөлу жүйесі, консультациялар және таңдау бойынша пәндер
арқылы жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік саралауды жүзеге асыру
мамандандырылған білім беру ұйымының толық күн режимінде жұмысын
талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |