ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы



Pdf көрінісі
бет8/50
Дата06.12.2019
өлшемі3,46 Mb.
#53115
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50
Байланысты:
ИМП-каз-сонгы-15.07


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



Осыған  байланысты  пән  мұғалімінің  тәрбие  беру  функциясын  оның 

жан-жақты  дамуы  мен  шығармашылығын  танытуы  үшін  жағдай  жасау 

арқылы  нығайту  қажет.  Заманауи  мұғалім  қоғамның  идеологиялық, 

адамгершілік құндылықтарын тасымалдаушы болып табылады. 

Адами  капиталдың  сапасын  жақсарту  мақсатында,  ең  алдымен,  білім 

беру жүйесінің рөлі өзгеруі керек, онда президент кәсіби білім беруге, жастар 

патриотизмін  тәрбиелеуге  және  мұғалімдердің  сана-сезімін  жаңғыртуға  аса 

ерекше  мән  береді.  Аталған  бағыттарды  жүзеге  асыруда    Ы.  Алтынсарин 

атындағы ҰБА әзірлеген «Ұстаз – өзгертуші тұлға. Педагогтердің санасын 

жаңғырту»  және  «Саналы азамат»: білім алушының білім алуы мен кәсіби 

дамуының жеке бағыты» атты әдістемелік ұсынымдамалары көмек болады. 

 Тәрбие  процесіндегі  басты  тұлға  -  педагогикалық  кеңістікте  баламен 

тығыз  байланыста  болатын  сынып  жетекшісі  болып  табылады.  Сынып 

жетекшісінің міндеті кең, оның басты міндеті әрбір баланың барынша дамуы 

үшін жағдай жасау болып табылады. Бұл ұжымның және оның мүшелерінің 

күнделікті өмірін, ата-аналар мен басқа педагогтермен өзара әрекеттесуін, іс-

шараларды  ұйымдастыру  және  оларға  жеке  қатысуын  бақылау  мен  талдау. 

Сынып  жетекшісі  жұмысының  тиімділігі  өз  мүшелерінің  әрқайсысын  өз 

бетінше  тәрбиелеу  қабілеті  бар  осындай  ұжымды  құруда  жеке  қызметі  мен 

шеберлігінің жүйелілігімен танылады. 

Сынып  сағатын  және  басқа  да  тәрбиелік  іс-шаралар  өткізген  кезде, 

жаңа  технологияларды  және  тәрбиелеудің  белсенді  формаларын  қолдануға 

болады.  Ресурстар  ретінде  ұлттық  әдебиет,  кинематография,  публицистика, 

поэзия,  өмірлік  ұстанымдары  туралы  өздерінің  эсселерін  пайдалану 

ұсынылады. 

Қатысушылардың  педагогикалық  процесіндегі  өзара  іс-қимылын 

мектептегідей  сынып,  клуб,  үйірме  сияқты  әрбір  бастапқы  бірлестіктерде 

жоспарлап ұйымдастыру керек. 

Нәтижесінде  білім  алушы  негізгі  моральдық-құқықтық  нормаларды 

меңгеруі  тиіс:  өзгелердің  пікірін  құрметтеу,  күнделікті  өмірде  мінез-құлық 

ережелерін  сақтау,  мемлекеттік,  қоғамдық  және  жеке  мүлікті,  табиғатты 

қорғау, өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың денсаулығына құрметпен 

қарау. 

 2019-2020  оқу  жылында  республикадағы  жалпы 



білім  беру 

мектептерінде  балаларды  тәрбиелеу    жұмысының  ерекшелігі  –  Тұңғыш 

Президентіміз    Н.  Ә.  Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру» 

атты  мақаласындағы  қоғамды  рухани  жаңғыртудың  ауқымды  идеялары  мен 

тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру талап етіледі. 

 Жалпыұлттық  қоғамдық  сананы  жаңғырту  идеялары  оқулықтардың  

мазмұнын  жаңарту,  сонымен  қатар  зерттеушілік  және  сабақтан  тыс 

жұмыстар, қосымша білім, элективті курстар арқылы жүзеге асырылады. 

Үшінші  тарауда    «Оқыту  мақсаттарының  жүйесі»  үлгілік  оқу 

бағдарламасы  барлық  пәндер  бойынша  білім  мазмұнын  жаңғырту  аясында 

«Рухани  жаңғыру»  жалпыұлттық  идеяларының  құндылықтары  қамтылған. 


58 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



Бұл  құндылықтарға:  қазақстандық  патриотизм,  қоғамдық  сананы  жаңғырту 

және  ұлттық  бірегейлікті  сақтау,  бәсекеге  қабілеттілік  және  прагматизм, 

сананың ашықтығы және білімнің салтанат құруы жатады.  

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің 

тұжырымдамалық  негіздері  (бұдан  әрі  –  Тәрбиенің  тұжырымдамалық 

негіздері)  жіктеліп  берілді  және  соған  сәйкес,  тәрбиенің  базалық  мазмұнын 

жаңартудың басым бағыттары анықталады.  

  

Осы бағыттардың мәні мен мақсаты педагогикалық жүйелер мен 



педагогикалық  процесті  ұйымдастырудың  алуан  түрін,  барлық  заманауи 

тәрбие  кеңістігін  жаңғыртудан,  адамгершілік-рухани  және  жалпымәдени 

құндылықтар  шеңберін  кеңейтуден,  жас  қазақстандықтарды  тәрбиелеу 

практикасындағы  мектептің,  отбасының,  мемлекет  пен  қоғамның  тұтас 

тәсілдемесінен тұрады.  

2019-2020  оқу  жылында  Тәрбиенің  тұжырымдамалық  негізіндеріндегі 



«Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық 

тәрбиелеу»  атты  тәрбие  жұмысының  бірінші  бағыты  жүзеге  асыру  аясында 

НЗМ  АҚ  тәжірибесі  бойынша  «Туған  елге  тағзым»   өлкетанулық  -  зерттеу 

экспедициясы  өткізіледі.  Бұл  білім  алушыларды  еліміздің  әртүрлі 

өңірлерімен  таныстырып,  олардың  зерттеушілік  дағдыларын  арттырады, 

туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастырады. 

Патриотизм  кіндік  қаның  тамған  жеріңе,  өскен  ауылыңа,  қала  мен 

өңіріңе,  яғни  туған  жеріңе  деген  сүйіспеншіліктен  басталады.  Туған  жерге, 

оның  мәдениеті  мен  салт-дәстүрлеріне  айрықша  іңкәрлікпен  атсалысу  – 

шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.  

Білім 


алушылардың 

бойында 


п

атриотизм 

мен

 

азаматтық 



жауапкершілікті  қалыптастыру  мен  дамытуда  әскери-патриоттық  клубтар 

жүйелері,  балалар  мен  жасөспірімдер  қозғалысы,  оның  ішінде  «Жасұлан», 

«Жас қыран» сонымен қатар  экскурсия ұйымдастыру мен мектепкі демалыс 

кезеңдерінде  білім  алушылармен  Қазақстанның  киелі  нысандарына  бару 

үлкен рөл ойнайды.  

Патриотизмнің  ең жақсы көрінісі –  туған жердің тарихын оқыту. Білім 

алушылар арасында өлкетанулық білімді насихаттау мен тарату мәселелері 

Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың Тұжырымдамалық 

негіздерінде көрініс тапқан. 

Әрбір  халықтың,  әрбір  өркениеттің  баршаға  ортақ  қасиетті  жерлері 

болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі.  

«Қазақстанның  киелі  орындары  –  Қазақстанның  киелі  жерлерінің 

географиясы» жобасы арқылы жалпыұлттық киелі жерлерді бекіту керек. 

Ұлттық  санада  Ұлытау  айналасындағы  ескерткіштердің  біріккен 

кешені  мен  Қожа  Ахмет  Яссауи  кесенесін,  Тараздың  ежелгі  ескерткіштері 

мен  Бекет-Ата  мазарын,  Шығыс  Қазақстанның  ежелгі  кешендері  мен 

Жетісудың  киелі  мекендерін  және  басқа  да  жерлерді  өзара  сабақтастыра 

отырып,  ұлт  жадында  біртұтас  кешен  ретінде  орнықтыру  маңызды.  Мұның 

бәрі  тұтаса  келгенде  халқымыздың  ұлттық  бірегейлігінің,  белгілі  бір 


59 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



құндылықтарының,  мәдени 

символдарының,  өзіндік 

дара  ұлттық 

символикасының мызғымас негізін құрайды.  

Қазақстанның  қасиетті  жерлерінің  мәдени-географиялық  белдеуі  - 

неше ғасыр өтсе де бізді  кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып 

шығатын  символдық  қалқанымыз  әрі  ұлттық  мақтанышымыздың  қайнар 

бұлағы. 


2017  жылы  Қазақстанның  жалпыұлттық  киелі  орындары  мен 

кешендерінің    100  нысанының  тізімі  дайын  болды.  Жергілікті  өңірлердің 

киелі  орындардың    тізімі  қалыптасуда.  Қазақстанның  жалпыұлттық  киелі 

орындары  мен  кешендеріне    Қазақстанның  табиғи  ландшафт  объектілері, 

археологиялық  және  архитектуралық  ескерткіштер,  ерекше  ардақ  тұтатын 

діни  нысандар  және  тарихи  тұлғалардың  және  саяси  оқиғалармен 

байланысты  киелі  орындары  жатады.  Қазақстанның  тарихи-мәдени  мұрасы 

мен  әлеуметтік-саяси  өміріндегі  маңызды  орын  алатын  ұлттық  бірлік  пен 

жаңғыру нышаны ретіндегі нысандар, сондай-ақ ұлттық бірлік пен жаңғыру 

символы  ретінде  көрінетін  мемлекеттің  әлеуметтік-саяси  өмірінде  маңызды 

орын алатын нысандар мен кешендер кірді. 

Көрсетілген  аспектіде  білім  берудің  жаңа  парадигмасы  негізінде 

музейлерде «жанды» сабақтар ұйымдастыруға бағытталған «Ұлттық қазына»: 

мұражайлардағы  «жанды»  сабақтар»  атты  әдістемелік  ұсынымдамалар,  

сонымен  қатар  «Қазақстанның  киелі  орындары  -  Қазақстанның  киелі 

жерлерінің географиясы» жобасы бойынша тәрбие жұмысының құрылымдық 

жүйесін ұйымдастырудың модельдері» атты, Академия әзірлеген, әдістемелік 

ұсынымдамаларын қолдану ұсынылады. 

Құқықтық  білім  берудің  маңызды  міндеті  -  кәмелетке  толмағандар 

арасындағы  құқық  бұзушылық  пен  қылмысты  болдырмау.  Оқыту  мен 

тәуекел  факторларының,  түзеу-ағарту  жұмыстарының,    жасөспірімдердің 

мектептен  бос  уақытында  жұмысқа  орналасуын  қамтамасыз  етудегі 

проблемаларды анықтау диагностикасын қамтуы тиіс. 

Ата-аналар    балаларының  азаматтық-құқықтық  нормаларды  сақтауға, 

олардың құқықтық мәдениетін жетілдіруге жауапты. 

Әдетте  тәрбиелік  іс-шараларға  қатысудан  тартынатын  «қиын» 

балалардың  ата-аналары  ерекше  санатта    тұрады.  Жасөспірімдердің 

девиантты мінез-құлықтары - бұл мектептегі маңызды мәселе, ол жеке адамға 

да, басқаларға да қауіп төндіреді. «Қиын» балалардың пайда болуының басты 

себебі  отбасыдан  шығады:  балаларға  назар  аудармау,  қақтығыстар,  ата-

аналардың тәрбие туралы білімінің жетіспеушілігі, авторитарлық  тәрбие т.б. 

Қазіргі  кезеңде  отбасымен  жұмыс  істеу  қиынға  айналып,  жаңа  тәсілдерді 

қажет етеді. 

Жасөспірімдер  арасындағы  деструктивті  құбылыстардың  алдын  алу 

және  дер  кезінде  түзету  ең  алдымен,  мектеп  пен  отбасы  арасындағы  тығыз 

қарым-қатынасты, 

сондай-ақ 

социологтардың, 

 

педагогтердің, 



психологтардың, 

дәрігерлердің, 

құқық 

қорғау 


органдарының 

қызметкерлерінің  өзара  іс-қимылына  барып  тіреледі.  Баланың  әлеуметтік 

бейімділігін дамытуға әсер ететін факторларды үнемі қадағалау және талдау, 


60 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



тәуекел  топтарына  назар  аудару,  қажетті  әлеуметтік  тәжірибені  алу,  білім 

беру процесін жүйелі ұйымдастыру, оның сабақтастығы мен үздіксіздігі үшін 

балалардың осындай іс-шараларға қатысуы маңызды. 

Девиантты  мінез-құлықтың  алдын  алу  бойынша  бағдарламаларды 

әзірлеу  және  іске  асыру  «қиын  балаларды»  әлеуметтік  ортамен  өзара 

әрекеттесу  дағдыларын  үйренуге  арналған:  коммуникативті  дағдылар,  өзін-

өзі ұйымдастыру дағдылары, қақтығыстарды басқару, жалпыға бірдей заңды 

әдістер және тәсілдер арқылы проблемаларды шешу, «салауатты өмір салты» 

модельдері  т.б.  Мұндай  бағдарламалар  әрбір  жасөспірімнің  жеке 

траекториясына  дейін  дифференциалды  көзқараста  болуы  керек.  Мұндай 

бағдарламалармен  ата-аналарды  және  оларды  үйретуге  қамту  маңызды. 

Алдын алу әдістері психологиялық тренингтерді, тәрбиелік әңгімелесулерді, 

лекцияларды қамтиды. 

Балалардың  суицидке  жақын  екенін  уақытында  анықтау  керек  және 

олардың  эмоционалды  күйзелістерін  жеңілдету  және  қайғылы  нәтижені 

болдырмау  үшін  ата-аналар,  бүкіл  мектеп  ұжымы,  білікті  психологтер  жан-

жақты  қолдауды  қамтамасыз  ету  қажет.  Отбасы  мен  мектеп  арасындағы 

тығыз  қарым-қатынас  балалардың  интернеттегі  зорлық-зомбылық  пен 

суицидті  насихаттайтын  белгілі  бір  сайттарға  қол  жеткізбеуін  қадағалауға 

бағытталуы керек. 

Суицидті  алдын  алу  жұмыстары  жүйелілік  пен  үзіліссіз  жүргізуді 

қажет етеді. Ол тренингтер, пікірталастар, әңгімелер, түзету жұмыстары, ата-

аналар  жиналысы,  суреттер  көрмесі,  шығарма  жазу  байқауы  сияқты 

формаларды  қамтуы  тиіс.  Ұжымның  бірлігіне,  оның  моральдық  ахуалын 

жақсартуға,  құрдастар  арасындағы  достықты  нығайтуға,  өзара  көмекті 

дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. 



  Девиантты мінез-құлық пен суицидке бейім, сонымен қатар зорлыққа 

ұшыраған  балалармен  жұмыс  жасауға  арналған  («Ерекше  білім  беруге 

қажеттілігі  бар  балаларды  оқыту,  тәрбиелеу,  дамыту  және  әлеуметтік 

бейімдеуді  педагогикалық  қолдау  моделі  (оралмандар  -  балалары; 

мигранттар-балалары; өмірдің қиын жағдайын көрген балалар) әдістемелік 

ұсынымдамасы Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылған. 

Тәрбие  жұмысының  біріншісі  білім  алушылардың  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  дүниетанымын  қалыптастыру.  Мектептегі  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  күрес  жемқорлыққа  қарсы  білім  беру  элементтерін  оқу 

бағдарламаларына,  оның  ішінде  сыныптан  тыс,  жалпымектептік  іс-

шараларды:  акциялар,  оқушы  конференциялары,  дөңгелек  үстелдер, 

пікірталастар және т.б. қосу арқылы жүзеге асырылады. 

Бұл  жұмыс  түрлері  оқушылар  арасында  сыбайлас  жемқорлыққа  теріс 

көзқарас қалыптастырады және сыбайлас жемқорлыққа белсенді түрде қарсы 

тұруға тәрбиелейді. 

Білім  алушыларды  тоқсан  сайын  бір  рет  сынып  сағаттары  мен  

факультативтік  сабақтарда  мынадай  тақырыптарды  таныстыру  үшін 

ұсынамыз:  «Жемқарлық – қоғам індеті», «Жемқорлықтың тарихи тамыры», 

«Жемқорлықтың дамуына әсер ететін факторлар мен себептер», «Адам құқы 



61 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



мен құқық». 

Орта  білім  беру  ұйымдарының  мұғалімдері  үшін  «Мектеп 

оқушыларына  арналған  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  білім  беру» 

әдістемелік құралды ұсынамыз, Астана, 2013, 129 б. 

Тәрбие  жұмысының  екінші  бағыты  «Рухани-адамгершілік  тәрбиені»     

жүзеге  асырудың    негізгі  механизмі  ретінде  ар-намыс  пен  мінсіз  қызмет 

көрсету туралы бірыңғай сабақ  жүргізуді қарастырады.  

«Өзін-өзі  тану»  рухани-адамгершілік  білім  беру  бағдарламасы 

шеңберінде  Отан  мен  ерлік;    әлеуметтік,  қайырымдылық  жобаларына  

қатысу,  «Қоғамға қызмет» волонтерлық балалар қозғалысы әлеуметтік 



жобасын  дамыту  -  «Мектепке  жол»,  «Қамқорлық»,  «Мектепке  жиналуға 

көмектес», «Адамдарға қуаныш сыйла» акциялары. 

        Кездесу-кештері

«Қазақстанның 

ұлы 

ақындары 



мен 

жазушылары»,  «Адамзаттың  ұлы  ұстаздары»,  «Қазақстанның  ұлы 

ойшылдары мен философтары» әдеби кештері, «Сұлулық әлемді құтқарады» 

поэзиялық кештері, «Мейірбандық - адамның барлық адамгершілігіне түрткі 

болатын негіз» әдеби-музыкалық композициясы,  сынақтар және «Махаббат - 

адам өмірінің негізі», «Қайырымдылық жасампаз күш» адамгершілік-рухани 

мазмұндағы  әңгіме. 

Ұлы  қазақ  ақыны,  ағартушы  Абай  Құнанбайұлының  туғанына  175 

жыл толуына орай, «Абай – өз халқының және барша адамзаттың баласы» 

тақырыптық сынып сағатын ұйымдастыру және өткізу, сыныптан тыс іс-

шаралар:  тақырыптық  салтанатты  сапқа  тұру,  әдеби  оқулар, 

викториналар  мен  ұлы  ойшылдың  шығармалары  бойынша  білімпаздар 

байқауын өткізуді ұсынамыз. 

Өскелең  ұрпақтың  рухани-адамгершілік  және  мәдени  құндылықтарын 

сақтау мен арттыру мына жобалар арқылы жүзеге асырылады: «Туған жер», 

«Қазақстанның  киелі  жерлерінің  географиясы»,  «Жаһандық  әлемдегі 

заманауи  қазақстандық  мәдениет»,  «Қазақстанның  100  жаңа  есімі»,  «Жаңа 

гуманитарлық  білім.  Қазақ  тіліндегі  100  жаңа  оқулық»,  «Мемлекеттік  тілді 

латын әліпбиіне көшіру»  

Тәрбие  жұмысының  үшінші  бағыты  «Ұлттық  тәрбие»  оқушыларға 

қазақ тілін білу,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік атрибуттары мен 

мемлекеттік  рәміздері  туралы  жарыстар  мен  олимпиадалар  өткізу,  әрбір 

мектепте  музейлер  ашу,    атақты  спортшылар,  ғалымдар,  көрнекті  тұлғалар, 

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жоба жеңімпаздарымен  кездесулер, сонымен 

қатар,  өлкенің  тарихи-мәдени  мұраларына  жататын  объектілерінде  мектеп 

оқушыларына өлкетану бойынша тақырыптық сабақтар өткізу арқылы жүзеге 

асырылады. 

Аталған  бағыт  шеңберінде  мынадай  жобаларды  жүзеге  асыру 

ұсынылады:  «Менің  Отаным  –  Қазақстан»  балалар  мен  жасөспірімдер 

туризмі  және  өлкетануды  дамыту,  экспедиция,  жорықтар,  экскурсиялар 

ұйымдастыру,    «Тарих  мұрасы»,  «Өз  жеріңді  таны»  (өлкетанулық  білімін  

және  мектеп  туризмін,  тарихи-археологиялық  қозғалысты  арттыру,  туған 

өлкенің  тарихын,  мәдениетін  және  дәстүрлерін  терең  зерттеу)  «Табиғат 


62 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



бесігі» (туған жерге жауапкершілікпен және аялап қарау) 

Мұғалімдер  әдістемелік  көмек  ретінде  Академияда  әзірлеген  

ұсынымдамаларды  пайдалана  алады:  «100  жаңа  есім»  жобасының 

қаһармандары  –  «ұлттың  «алтын»  қоры»,  «Қазақстанның  киелі  орындары  - 

Қазақстанның  киелі  жерлерінің  географиясы»  жобасы  бойынша  тәрбие 

жұмысының құрылымдық жүйесін ұйымдастырудың модельдері». 

Тәрбие жұмысының төртінші бағыты «Отбасы тәрбиесі» ата-аналарды 

ағарту  мақсатында,  олардың  психологиялық-педагогикалық  құзыреттілігін 

және  мектепте  балаларды  тәрбиелеу  үшін  жауапкершілігін  арттыруға 

арналған. 

Отбасы  -  адамның  бастапқы  әлеуметтенуінің  негізі.  Мектептің  ата-

аналармен  өзара  әрекеттесуі  баланы  тәрбиелеуге,  сенімге,  сыйластыққа, 

шыдамдылыққа  және  бір-біріне  қолдау  көрсетуге  өзара  мүдделілік 

қағидаттарына негізделуі керек.  

Қазіргі уақытта мектеп пен ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін 

реттеу  үшін  олардың  арасындағы  үлгі  шарт  міндетті  түрде  жасалады.  Осы 

құжат  негізінде  ата-аналар  оқушыға  білім  беру  мен  тәрбиелеу  мәселелері 

бойынша  білім  беру  ұйымымен  бірлесіп  әрекет  жасауға,  ҚР-ның 

қолданыстағы 

заңнамасында 

көзделген 

ата-аналар 

комитетінің, 

қамқоршылық  кеңестің,  ата-аналар  жиналыстары  шешімдерін  ескеру,  ата-

аналар  комитеттері  арқылы  білім  беру  ұйымдарының  басшы  органдарының 

жұмысына  қатысу  тәрбие-білім  беру  процесін  жүзеге  асыруға  қатысуға 

құқылы. 

        Білім  беру  ұйымдарын  басқару  органдарының  жұмысына 

кәмелетке  толмаған  балалардың  ата-аналары  және  басқа  да  заңды  өкілдері 

ата-аналар комитеті арқылы қатысуға құқылы.  

Мұғалімдердің  ата-аналармен ынтымақтастығы тәрбиелеу міндеттерін 

және  баланың  даму  бағдарламасын  айқындау,  сондай-ақ  осы  міндеттерді 

бірлесіп  жүзеге  асыру  болып  табылады.  Ата-аналардың  интеллектуалдық 

және  материалдық  деңгейдегі  айырмашылықтары,  олардың  отбасында  және 

мектепте  балаларды  тәрбиелеудегі  ұстанымы,  отбасымен  қарым-қатынас 

жасауда  жекелеген  әдіс-тәсілдері  мұғалімдер  мен  сынып  жетекшісінің 

қызметі үшін негіз болуға тиіс.  

Бұл үшін отбасылар  және ата-аналармен жұмыс істеудің топтық және 

жеке  түрлері  пайдаланылады:  тәжірибе  алмасу  конференциясы,  тренингтер, 

ең  табысты  ата-аналардың  шеберлік  сабақтары,  пікірталастар,  сұрақ-жауап 

кештері,  мұғалімдер,  психологтер,  мектеп  әкімшілігімен  кездесу,  ата-аналар 

жиналысы,  сондай-ақ,  ата-аналар  мен  балалардың  қатысуымен  іс-шаралар 

ұйымдастыру. 

Әрбір  оқу  тоқсанының  соңында  қорытындысы  бойынша  қоғамдық 

тыңдаулар  (ашық  баяндамалар)  өткізу  және    ата-аналар  қоғамдастығының 

алдындағы  қамқоршылық  кеңестің    ашық  есеп  беруі,  Білім  күніне  арналған 

жалпыұлттық сынып сағаттары, «Менің отбасым» «Жылдың үздік жанұясы», 

«Жазда  жанұямызбен»  жас  ата-аналар  фестиваль-байқаулары,  «Жылдың  ең 

үздік ата-аналар кеңесі», «Жылдың үздік қамқоршылық кеңесі» слеттер, ата-


63 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



аналар  комитетінің  форумдары,  конкурстар,    спорттық  іс-шаралар:  «Әкем, 

анам, мен - спорттық жанұя», «Көңілді старттар», ірі  жарыстар (оқушы ата-

аналарының командалары, мұғалімдер) дәстүр бойынша қалады. 

Осының  барлығы  отбасылық  тәрбие  мәселелері  бойынша  ата-аналық 

жауапкершілік  пен  құзыреттілік  деңгейін  көтеруге  ықпал  етеді.  Сынып 

жетекшілері мен пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ата-аналармен 

сабақтарды  ұйымдастыруда  әлеуметтік  педагогикалық  және  психологиялық 

қызметтер  мамандарына  ұсынылған  әдістемелік  ұсынымдамалар  Академия 

сайтында орналастырылған. 

Тәрбие  жұмысының  бесінші  бағыты  «Еңбек,,  экономикалық  және 



экологиялық  тәрбие».  Білім  алушыларда  кәсіби  өзін-өзі  анықтауға  деген 

саналы  көзқарастарын  қалыптастырады,  адамның  экономикалық  ойлау  мен 

экологиялық мәдениетін дамытады. 

2019-2020  оқу  жылында  орта  білім  беру  ұйымдарында  (7-10 

сыныптарға),  оның ішінде  ерекше  білім  беру  қажеттілігі  бар  балаларға 

«JuniorSkills»  ерте  кәсіптік  бағдар  беру  және  мектеп  оқушыларына 

арналған базалық оқыту жобасы жұмысын бастайды. 

Бүгінде білім беру ұйымдарында мектеп түлектерінің  кәсіптік таңдауы 

мамандықтарға 

бөлінетін  мемлекеттік  грант  көлемімен,  мектепте 

оқытылатын  таңдау  пәнінің  жеңілдігі,  ата-анасының  және  достарының 

ұсыныстарымен анықталады.  

Бұл  мәселені  шешудің  тиімді  тәсілінің  бірі  білім  беру  ұйымдарында 

білім  алушыларды  мамандыққа  бағдарлау  жұмыстарын  жүргізу  болып 

табылады.  Бұл  жұмыстар  мектептерде  білім  алушылармен  оқу-тәрбиелеу 

процесінде,  сабақтан тыс және мектептен тыс жұмыстар арқылы жүргізіледі. 

Бұл жұмыс үлкен өмірге қадам басқан адамға көмек беретін жүйелі іс-

шараларды  қамтиды,  ғылыми  негізге  сүйеніп  кәсіптік  таңдау  жасау  немесе 

мамандыққа  бағыттауға  арналған  тәрбие  жұмыстарының  жүйесін  дамыту 

мақсатында,  білім  алушының  өз  бетінше  мамандық  таңдау  кезеңінде  көмек 

көрсетуге бағытталуы тиіс.  

Қосымша  білім  беру  аясында  әр  түрлі  бағыттағы  мамандықты 

таныстыру кең ауқымда  жүргізіледі, олармен таныса отырып жасөспірімдер 

өз мамандығын саналы түрде таңдауға дайындалады.  



Кәсіптік  бағдар  беру  жұмыстарын  дұрыс  ұйымдастыру  үшін  ҚР 

Білім және ғылым министрінің  2019 жылғы 15 сәуірдегі № 150 бұйрығымен 

бекітілген,  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  ұйымдарындағы  білім 

алушыларды  кәсіптік  бағдарлауды  диагностикалау  және  анықтауды 

жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымды пайдалануға болады. 

  

Экологиялық  тәрбие  аясында  білім  алушылармен  білім  беру 



ұйымдары,  аудан,  қала  территориясындағы  жасыл  алаңдарды  көгалдандыру 

және  абаттандыру  бойынша  сенбіліктер  ұйымдастырудың;  «Жасыл  ел» 

қозғалысы аясында жас көшеттер отырғызу; табиғат аясын қоқыстан тазарту 

сияқты волонтерлік қозғалысқа қатысудың маңызы зор. 

Жалпы  білім  беру  ұйымдарына  «Экочелендж»,  «Экоқалқан»,  «Эко-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет