Бəсекеге қабілеттілік – топтың жан сақтауы мен қызмет етуі үшін ісінің, кəсіптік міндетін
табысты орындауға қажетті адамның əлеуметтік белсенділігі мен мəртебесінің сипаттамасы/1/.
ҚР-ның Президентi Н.Назарбаев: “Бiз бүкiл елiмiз бойынша əлемдiк стандарттар деңгейiнде
сапалы бiлiм беру қызметiн көрсетуге қол жеткiзуiмiз керек”- деп атап көрсеттi/2/. Жолдаудағы осы
сөйлемнiң мəнiн қалай түсiнесiздер? Ойланып жауап берiңдер. Оқытушы студенттерді Жолдаудағы 6
талаппен таныстырады. Кестедегі басты мəселелерді талдайды.