43
- Ресей патшалығының ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ тілінде газет
шығаруға мүдделі болуы;
- Империялық цензура саясаты төлтума кәсіби журналист, редактор,
көсемсөз шеберлерінің өсу мектебіне айналды;
- ұлттық баспа ісі мен полиграфия өндірісінің дамуы;
- ұлттық баспасөзді кәсіби деңгейге көтерген жеке тұлғалар
шығармашылығы;
- алаш баспасөзінің ұлттық мүдде тұрғысынан саяси жүйені өзгерту пәрмені;
- алаш арыстарының төлтума ұлттық баспасөздің негізін салуы;
- алаш азаматтарының ана тілінде салалық журналистиканың дамуына
қосқан үлесі;
- алаштың оқығандары ұлттық мүддені қорғау жолында қаламын қару етіп,
соңғы демі біткенше күресудің өнегесін көрсетуі;
- алаш арыстары қазақ жеріндегі большевиктік аштық саясатын әшкерелеуі;
- алаш арыстары Қазақстандағы кеңестік идеологиялық рухани аштық
саясаты - әліпби айтысына белсенділік танытуы;
- алаш зиялыларының ұлттық идеологиялық саясатындағы ұстанған
стратегиялық мұратының тарихи маңызы мен өміршеңдігі.
Білімгердің:
- отандық журналистиканың пайда болу алғы шарттары мен ақпаратты
таратудың, сақтаудың тегінен, түрлерінен хабардар болады;
- төлтума ақпаратты тарату мен сақтаудың коды графикалық таңбаның
бірнеше мәрте ауысуының идиологиялық мақсат-мұраттан туындап, ұлттық
рухани қордың ұрпақ тәрбиелеудегі сабақтастығы үзіліп-үзіліп қалып
отыруына әкеліп соққандығынан мағлұмат алады;
- сыртқы күштерге тәуелді болған баспасөз құралының ұлттық мүддені
көздеуге ниеттенсе де, оны іс жүзінде атқару цензуралық қатаң бақылауда
екендігінен нақты дәйектермен меңгеруге дағдыланады
.
Достарыңызбен бөлісу: