3 Әкімшілік өндіріс
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс әкімшілік-юрисдикциялық процестің құрлымына
кіреді.Әкімшілік өндірістің бұл түрі әкімшілік құқықтың материалдық және іс жүргізу нормаларымен барынша толық
реттелген. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында мемлекеттік мәжбірлеушараларын қолдану
процесті, оның барлық сатыларын жоғары деңгейде регламенттеуді талап етеді.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
істер бойынша өндіріс Қазақстан Республикасында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекспен реттеледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің мынадай міндеттерін заң анықтап барген:
1.
әр істің мән-жайын уақтылы, жан-жақты, толық және әділ айқындау;
2.
оны заңнамаға дәл сәйкестендіріп шешу;
3.
шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету;
4.
әкімшілік құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды айқындау;
5.
құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтарды заңды сақтау рухында тәрбиелеу, заңдылықты нығайту.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырғанда кейбір жалпы юрисдикциялық
принцптер өзіндік түрде және аса толық емес шамада әрекет етеді. Мысалы, іс бойынша шешімдер, көбіне, жабық
отырыстарда және шақтаулы аудиторияларда қабылданады. Кейбір жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық
туралы хаттамалар жасалынбайды, ал жаза құқық бұзушылық жасалған жерде беріледі. Кейде, іс қаралған кезде
құқық бұзушы мен іс бойынша шешім қабылдайтын және оны сол жерде орындайтын лауазымды адам ғана
болады. Әкімшілік өндірістег бәсекелестік принципіне қарамастан процеске адвокаттың, прокурордың міндетті
түрде қатысуы болмайды, кейде құқық бұзушының өзі де қатыспайды.
Қылмыстық өндіріске қарағанда әкімшілікте істі тергеудің және қарудың күрделі процедурасы болмайды,
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау тәртібі де оңайлатылған.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің екі түрін бөліп алуға болады, олар әдеттегідей
және оңайлатылған. Әдеттегідей өндіріс істердің көпшілігіне тән, ол заңнамада жан-жақты реттелінген. Кодексте
тікелей көзделген істер жеңілдетілген өндіріс тәртібінде қаралады.Онда іс жүргізу әрекеттері аз болады және
жедел жүргізіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сүйеніп әкімшілік өндірісте бірнеше дербес іс жүргізу сатыларын
бөліп алуға болады:әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау; істі қарау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы
іс бойынша қаулы шығару; қабылданған шешімді орындау; шешімге шағым және наразылық келтіру.
Достарыңызбен бөлісу: |