105
Ерекше жағдайларды талдай отырып, балалар тәуекел факторларын және мүдделерін,
құндылықтарын көруге үйренеді. Мына факторлардың қайсысы қауіпті: улы саңырауқұлақ
қосылған сорпа (денсаулыққа және өмірге қауіпті), аггрессивті иттің адамға ұмтылуы
(денсаулыққа қауіп төніп, киімін жыртуы мүмкін), ұрының пәтерге кіруі (мүліксіз қалдыруы) т.б.
[3].
Оқушылардың қауіпті факторларды қауіпті жағдайдан ажырата алуы үшін қандай жағдайда қауіп
төнетінін анықтау ұсынылады (өзеннің тасқыны кезінде зардап шеккен аралдар, су тасқыны
кезінде ауылды су алып үйлрдің жойылуы; елсіз аралдарда вулканның жарылып мұхитқа ағуы;
тайгадағы найзағайдан кейін ағаштар бұтасыз қалды; найзағайдың әсерінен фермердің сиырлары
өлуі т.б.). Қауіпті факторлардың болуы әрқашан қауіпті жағдайдың пайда болуын білдірмейді.
Адамдарға,
адам топтарына, өмірге, заттарға қауіп төндіредідеген қорытындығы келеміз.
Төтенше жағдай түсінігін қалыптастыру үшін әдістемелік материалдар.
Өрт болып жатқан қонақ үйдің, су тасқыны болып жатқан ауылдың, жер сілкінісі болып жатқан
қаланың,
кәсіпорындағы жарылыстың, жағажайдағы цунамидің, авиалайлердегі апаттың
суреттері
бейнеленген материалдар қолданылады.
Төмендегідей сұрақтар талқыланады:
-суретте не бейнеленген?
-адамдарға қандай қатер төніп тұр?
-кімге қауіп төніп тұр?
-қандай зардап шегуі мүмкін?
-суретте көрсетілген адамдар өздерін қалай ұстап тұр?
Балаларға суретте төтенше жағдайлар бейнеленгендігі ескертіледі. Төтенше жағдайда бір мезгілде
бірнеше адамға қауіп төнеді деген қорытындыға келеміз. Мұғалім суреттер арқылы түрлі
жағадйларды сипаттайды ал балалар төтенше жағдайлар жайлы айтылғанда қолдарын көтереді.
Далада нөсер жауын жауып тұр; жауған қалың қар қаладағы жол қозғалысын тоқтатты; теңіз
толқындары желкенді кемені шайқады; жер асты дүмпуінен кейін қала жойылды; жартастың
шетімен жүріп бара жатқан бала; жартас шетінде көшкін пайда болып бірнеше үй зардап шекті; ер
адам темекіні орманға лақтырды; түскен темекіден ормандағы шөптер өртеніп кетті; тайгада
болып жатқан өрт жүз гектар ауданды құрады. Балаларға неге осы немесе басқа мысалдарды
қауіпті және төтенше жағдайларды жатқызатынын түсіндіреді. Бекітуге арналған сұрақтар:
-төтенше жағдайдың қауіпті жағдайдан айырмашылығы қандай?
-төтенше жағдай және қауіпті жағдайдың ортақ қасиеті қандай?
Достарыңызбен бөлісу: