49
жауапты бөлімшеге ұсынуға, ал ескертпелер мен ұсыныстар болмаған жағдайда
жобаға қол қоюға тиісті. Жауапты бөлімше басқару құжатының жобасын қарау
мерзімі шегінде жобаны мүдделі жəне заң бөлімшелерімен келісу бойынша
əзірлеу мерзімін тездету мақсатында жобаны жұмыс тəртібімен пысықтауына
болады.
72. Жауапты бөлімше басқару құжатының жобасы бойынша соңғы мүдделі
бөлімшеден ескертулер мен ұсыныстарды алғаннан кейін бес жұмыс күнінен
аспайтын мерзімде жобаны пысықтайды жəне оны екінші рет келісуге ұсынады.
73. Барлық басқару құжаттары жобаларының бірінші данасына жауапты
жəне мүдделі бөлімшелердің басшылары, сондай-ақ заң бөлімшесі мен Мекеме
Төрағасының жауапты бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары қол қояды.
74. Басқару құжатында көрсетілген орындау мерзімі нақты жəне
болжанатын жұмыс көлеміне сəйкес келетін болуы тиіс.
Мерзім белгілеген кезде ақпараттың нақты орындаушылардың қолына
тиетін уақытын ескерген жөн.
Орындау мерзімі қажет болған кезде əр тапсырма үшін жеке-жеке
белгіленеді, бірақ барлық басқару құжаттары үшін ортақ орындау мерзімі де
көрсетілуі мүмкін.
75. Басқару құжаттарында сілтемелері мəтіннің тиісті тармақтарында
берілуге тиісті қосымшалары болуы мүмкін.
Басқару құжаттарының қосымшаларына, сондай-ақ басқару құжаттарына да
Төраға немесе оның орынбасарлары қол қояды.
Мекеменің Төрағасы қол қоятын басқару құжаттарының қосымшаларына
жауапты жəне мүдделі бөлімшелердің басшылары жəне Төрағаның жауапты
бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары қол қоюы тиіс.
Мекеме Төрағасының орынбасары қол қоятын басқару құжаттарының
қосымшаларына жауапты жəне мүдделі бөлімшелердің басшылары қол қоюы тиіс.
76. Ұсынылған басқару құжаттарының жобалары бойынша ескертулер
болған жағдайда Мекеменің Төрағасы не оның орнындағы адам, сондай-ақ
Төрағаның орынбасарлары оны жауапты бөлімшеге пысықтауға жібереді.
77. Жауапты бөлімше басқару құжатының жобасын ескертулерді ескере
отырып пысықтап, мүдделі жəне заң бөлімшелерімен екінші рет келісілгеннен
кейін Мекеме басшылығына ұсынады.
78. Мекеменің нормативтік құқықтық актілерін əзірлеу, келісу жəне бекіту
(қабылдау) тəртібі Мекеменің жекелеген нормативтік құқықтық актілерімен
реттеледі.
79. Мекеменің Басқармасы мен Директорлар кеңесі қаулыларының жобасын
ресімдеу, оларды келісу, қабылдау жəне жіберу тəртібі олардың жұмыс
регламентінде жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: