Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет5/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   188
ƏДЕБИЕТТЕР
 
ТІЗІМІ ............................................................................ 226 
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................... 229 
ҚОСЫМША ........................................................................................... 230 
І. Іс қағаздарының қысқаша түсіндірме сөздігі ................................. 230 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
7
А
ЛҒЫ СӨЗ
 
 
 
Жалпы іс қағаздарының қоғам өмірінде қолданылмайтын саласы 
жоқ.  Адам    дүниеге  келген  сəттен  бастап  бақилық  болғанға  дейінгі 
бүкіл өмірі құжатпен байланысты. Өз өмірінде іс қағаздарын жүргізумен 
бетпе-бет  келмеген  жан  жоқ,  сірə.  Адам  баласы  кəмелеттік  жасқа 
толғаннан  кейін  қызметке  тұру  үшін  өтініш  жазудан  бастап,  ұрпағына 
арнап  өсиет  қалдырғанға  дейін  қаншама  құжат  толтырады,  қаншама 
құжатқа  қол  қояды.  Алайда  мұның  бəрін  арнайы  ретпен,  белгіленген 
тəртіпке,  жүйеге  сəйкес  жүргізбесе,  бұл  құжаттар  көптеген 
келіспеушіліктер  мен  дау-жанжалдарға  да  себеп  болады.  Сондықтан 
да  іс  қағаздарын  жүргізу  негіздерін  білу  тек  əр  алуан  мекемедегі 
қызметкерлерге ғана емес, əрбір азамат адам үшін де өте маңызды.  
 
Кез-келген  ғылым  саласы  секілді  іс  қағаздарын  жүргізудің  де 
өзіндік жүйесі, қалыптасқан ережесі, дайындалу тəртібі бар. Ал, мұның 
басқа  нақты  ғылым  салаларынан  ерекшелігі  оның  əмбебаптық 
сипатында.  Нақтырақ  айтқанда,  іс  қағаздарын  жүргізудің  бүкіл  салаға 
тəн  ерекшелігіне  байланысты  екендігінде.  Айталық,  жаратылыстану 
ғылымдарының  əрбіреуі  белгілі  бір  мəселеге  ғана  арналып,  сол 
салада  ғана  қолданылса,  ал,  іс  қағаздары,  құжат  айналымы  жүйесі 
бүкіл  кəсіпорында  қолданылады.  Сондықтан  қай  саланың  қызметкері 
болмасын,  құжат  айналымы  жүйесінен  айналып  өте  алмайды. 
Мектепте,  жоғары  оқу  орындарында  іс  қағаздарын  жүргізу  негіздері 
тереңдеп  үйретілмейтіндігі  себепті  көпшілік  қауым  қызмет  барысында 
көптеген  қиыншылықтарға  ұшырасып  жатады.  Ұсынылып  отырған 
еңбек осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат еткен.  
Бұл  кітапты  таза  ғылыми-теориялық  еңбек  деп  қабылдамау 
керек.  Кітаптың  алдына  қойған  мақсаты  да  бұл  емес.  Басты  мақсат  – 
көпшілікті  іс  қағаздарын  жүргізу  негіздерімен,  құжат  ресімдеу 
үлгілерімен  таныстыру,  қазақша  іс  қағаздарын  жүргізу  дағдыларын 
меңгерту,  ұйымдардағы  іс  қағаздарын  жүргізуді  ұйымдастыру  жүйесі 
жөнінде жалпы түсінік беру.  
Іс  қағаздарын  жүргізуді  тек  басшылардың,  хатшылардың, 
референттердің,  іс  қағазын  жүргізушілердің  ғана  ісі  деп  қарау  дұрыс 
емес.  Мұны  əрбір  сауатты  адам  мүлтіксіз  меңгергені  лазым.  Сонда 
ісіміз  тиянақты,  уақытымыз  үнемді,  шаруамыз  берекелі  болады. 
Өзімізге  тиесілі  құқықтарымыз  да  аяққа  тапталмайды.  Көпшілік 
қауымға  жол  тартып  отырған  бұл  еңбек  осынау  маңызды  да  жауапты 
міндетті ойдағыдай атқаруға тиісті деп білемін.  
Бұл  еңбектің  жазылып,  жұртшылыққа  ұсынылуы  да  заман 
сұранысына  дөп  келіп,  ойлаған  жерден  шыға  алған.  Қазақтың  ресми-
іскерлік  тілін  ұштау,  түрлендіріп  дамыту  мəселесі  күн  тəртібіне  өткір 


 
8
қойылып отырған бүгінгі күні бұл кітаптың осынау зəру іске қосар үлесі 
мол  болар  деген  үміт  бар.  Өйткені  ұзақ  жылдар  бойы  орыс  тілінің 
үстемдік  етуіне  байланысты  ана  тіліміздегі  ресми-іскерлік  стилі  өз 
деңгейінде  нық  беки  қоймады.  Қазіргі  уақытта  да  ғылыми-техникалық 
тіліміз болсын, ресми іс қағаздары стилі болсын, орыс тілінің əсерімен 
қалыптасуда.  Тіліміз  орыс  тілінің  аудармасына,  қазақша  жансыз 
баламасына айналып бара жатыр. Қазақ тілі табиғи болмысынан, төл 
қасиетінен ажырап, жасанды, жұтаң тілге айналу қаупі төніп тұр. Бұдан 
былай  осы  бағытта  ойласар,  ортақ  шешімге  келер  істер  мол.  Бұл 
ыңғайда  іс  қағаздарын  жүргізудің  заманауи  жетістіктерімен  бірге  төл 
тарихымыздағы  ресми-іскерлік  тілді,  түрік  халықтары  тілдерінің 
тəжірибелерін зерттеп, зерделеудің берері көп деп білемін.  
Тарих тереңіне бойламай-ақ, қазақтың соңғы он ғасырдағы өткен 
жолына  көз  тіксек,  қаншама  заттай  айғаққа  куə  боламыз.  Армян 
қыпшақтарының тілінде  жазылған  ресми  құжаттар  мен  Қазақ  хандығы 
кезіндегі  көршілес  іргелі  мемлекеттермен  жазысқан  ресми  хат-
хабарлардың  өзі-ақ  тақиямызға  тар  келмес.  Əлбетте,  бұл  тарапта 
жасалған  ізденістер  жоқ  емес.  Біздің  көздегеніміз  сол  сораптың  соңы 
сұйылмай,  арналы  жолға  айналса  деген  тілек.  Осы  жағынан  алғанда, 
авторлардың бұл қадамы көңіл көншітеді.  
Бұдан  алдыңғы  ізденушілер  іс  қағаздарының  орыс  жəне  қазақ 
тілдеріндегі  үлгілерін  топтастырып  берумен  ғана  шектеліп  келген  еді. 
Іс  қағаздарын  жүргізуді  өзінше  бөлек  ғылым  арнасы,  оның  теориялық 
жəне  əдістемелік  мəселелері  бар  екендігіне  көңіл  аударып,  соны  ана 
тілімізде егжей-тегжейлі қарастырып отырған бұл еңбек осы бағыттағы 
алғашқы  қадамдардың  бірі.  Əрбір  жаңа  істің  кем-кетіксіз  болмайтыны 
белгілі.  Бұл  кітаптың  да  артық  кем  тұстары  бар  шығар.  Дегенмен, 
дүйім  жұртшылықтың  іс  қағаздарын  жүргізу  бойынша  білімін  көтеруді 
мақсат еткен бұл еңбек көп кəдесіне жарайды деп нық сеніммен айта 
аламын. Ендеше, іске сəт! 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет