20
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат
жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңы да қазіргі
жағдайда айрықша мəнге ие болып отыр. Бұл заң электрондық
цифрлық қолтаңба арқылы куəландырылатын электрондық құжаттар
жасау жəне оларды пайдалану барысында туындайтын құқықтық
қатынастарды реттейді
6
. Осы заңға сəйкес 2004 жылы Қазақстан
Үкіметі республика мемлекеттік органдарындағы электрондық құжат
айналымының ережелерін бекітті
7
.
ТМД-ның бірқатар елдерінде мұрағат ісі жөніндегі нормативтік
актілер іс қағаздарын жүргізу мəселелерін де қамтиды. Мəселен,
«Беларусь Республикасындағы ұлттық мұрағат қоры жəне мұрағаттар
туралы» заңда меншік формаларының қандай екеніне қарамастан
барлық ұйымдар үшін іс қағаздарын жүргізу тəртібін белгілейтін
арнайы тарау енгізілген. Ол тарау «Кəсіпорындарда, мекемелер мен
ұйымдарда іс қағаздарын жүргізу жəне оны ұйымдастыру» деп
аталады
8
. Қырғыз Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы
заңында да дəл осыған ұқсас арнайы бап бар.
Іс қағаздарын жүргізу қызметін ұйымдастырудың жекелеген
элементтері өзге де құжаттарға – қандай да бір мемлекеттік билік
органы регламенттеріне де ендірілуі (іс-тəжірибеде мұндай да кездесіп
тұрады) мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: