қызын – қырымға...
Сонымен, этимологиялық сөздіктің құрамын осы көрсетілген
принциптер негізінде анықтап, қазақ тілі этимологиясына нысан бола-
тын сөздердің топтамаларын белгілеуге болады.
Тілімізде, басқа тілдер сияқты, этимологиялық анықтауды, шыққан
төркінін көрсетуді қажет ететін əр түрлі себептермен, уақыт əсерінен
өзінің о бастағы айқын мағынасын, жеке-дара қолданысынан мүлдем
айрылып, не айрыла бастаған біраз сөздердің шығу тегін анықтап, эти-
мологиялық талдауды қажет ететін сөздер баршылық.
Этимология тіл білімінің ең күрделі əрі ең қиын салаларына жата-
ды. Жоғарыда көрсетілген оның қалыптасқан өзіндік зерттеу тəсілдері
60
мен дəстүрге айналған ғылыми принциптері бар. Кейде бұл дəстүрден
тайқып, шынайы шындықтан алыстап, жаза басатын сəттері де кездесіп
отырады. Сондықтан да, этимологияға қойылатын талап қаншалықты
қатал да жоғары болса, оның нəтижесі де жоғары бағаланатын құн-
дылықтардың санатына жатады.
Бұл талап түрлі бағыттар мен принциптерге сүйенетін этимология-
ның шынайы ғылыми принциптерге негізделуін қалайды, бірер «жал-
ған» («халықтық») этимологиялардың қабаттасып жүргеніне көпшілік-
тің немқұрайды қарауына мəн бермесе де, саналы азаматтар этимо-
логияның шынайы шындыққа негізделгенін қалайды.
Бұл қалауға қойылатын талаптар да аз емес. Біз шұғылданып отыр-
ған «Қазақ тілінің этимологиялық сөздігі» атты еңбек те осыған орай өз
тарапынан бағдарлама ретінде біраз ғылыми принциптерді алға қояды.
Міне, солардың бірі «Қазақ тілі этимологиялық сөздігіне» нысан
болатын сөздердің топтамаларын (корпусын) анықтап алу. Оларға біз
төмендегі топтарға жататын сөздерді жатқызуды мақұлдаймыз.
1. «Сөздікте» қазақ тілінің лексикалық байлығы түгел қамтылмаса
да, негізгі қорына жататын сөз байлығын жан-жақты қамту мақсат
етіледі. Бұл – ең алдымен күнделікті өмірде қолданылып жүрген,
оның актив салаларына жататын табиғи белсенділігі басым сөздер мен
уақыт елегінен өтіп, замана талабына сай қолданыс қажеттігі бəсеңдеп,
мағынасы күңгірттене бастаған байырғы, көне сөздер де, мүмкін бол-
ғанынша, түгел қамтылмақшы.
Бұл сөздік материалын қамтуға байланысты жалпы талап.
2. Осы екі бағытта дамуына байланысты қалыптасқан актив лексика
мен пассив (архаикалық) лексиканы белгілі бір деңгейде қамтып отырып,
«Сөздік» осы екі топтың əрқайсысынан «этимология жасауға қажетті-ау»
деген категорияларын таңдап, саралап алуға тырысады. Олар мыналар:
1. Этимологиялық нысаны ретінде: ең алдымен тілімізде қолда-
нылып келген, бірақ əртүрлі объективті де субъективті (уақытқа, тарихи-
əлеуметтік жағдайларға, халық жадының бəсеңдеуіне, қолданыс аясы-
ның тарылып, қызметі мен қажеттілігінің шектелуіне, қоғамның өз тілі-
не деген көзқарасының төмендеуіне, басқа тілдердің əсеріне т.б. се-
бептерге байланысты мағына-мəні толық не жартылай күңгірттеніп,
жалпы түрде қолданудан біржола қалған, не қалып бара жатқан көне
де байырғы сөздер мүмкін болғанынша толық қамтылмақшы.
Оларды атап көрсетсек, күнделікті қолданысымызда жүрсе де, ақын-
жазушы т.б. қаламгерлер шығармаларында сирек болса да кездесіп қа-
61
лып отыратын, бірақ қалың жұртқа о бастағы лексикалық мағынасы
түгелдей не жартылай айқын емес, яғни мағынасы күңгірттенген, жеке-
дара қолданылмайтын, басқа көршілес сөздердің ауанымен ғана өз
қызметін атқарып жүрген сөздер «Сөздікте» толық қамтылуға тиісті.
Оларға: бір, екі, үш, не одан да көп буынды жай, біріккен, кіріккен,
күрделенген, жай жəне тұрақты тіркес, қос сөз, не қайталама сөз құ-
рамында кездесетін лексемалар жатады.
Мысалдар: тыр>тыр жалаңаш; тақ>тақсолай; дүрдараз> сол
араздан əлі араз болып жүрміз дүрдараз; шырт: шырт ұйқыда жату;
Достарыңызбен бөлісу: |