71
ағылшын т.б. еуропа тілдері арқылы байланыс жасаушы тілдердің бірі.
Демек, қазақ тілі басқа тілдер арқылы араласпаған, тілдік байланыс
жасамаған бірде-бір ірі тіл жоқ. Бұл жайдың қазақ тілінің лексикалық
құрамына əсер ететіні сөзсіз. Жер жүзіндегі басты-басты тілдердің
барлығымен байланысы бар, сондықтан да ол тілдердің элементтерінің
оның да құрамында болуы əбден ықтимал деген принцип жүзеге асады.
Сөздіктің «Кіріспесінде» түркі тілдерінің бірі ретінде қазақ тілінің
жалпы келіп шығу себептері мен олардың басқа тілдерден фонетикалық,
морфологиялық ерекшеліктері бірде көзге түсетін айырмашылықтары
арнайы сөз болуы тиіс. Себебі, сол ерекшеліктер арқылы жалпы түр-
кі тілдерінен, сол тілдердің кейбір топтарынан қазақ тілінің айыр-
машылықтары, өзіндік қалыптасқан заңдылықтары айқындалады.
Қазақ тілінің жалғамалық қасиетіне (түркі тілдерінде оған қарсы
фузия құбылысы да бар) байланысты сөз байлығын құраушы мағыналы
сөздер екі түрлі құрылымдық бөлшектен тұрады. Этимологияның құпия
сыры да сөздің осы қасиетіне байланысты.
Тілдің жалғамалылығына байланысты əрбір сөз міндетті түрде
ең алдымен түбірден, одан кейін барып түбірге жалғанатын жаңа сөз
жасаушы жұрнақтан немесе түбірді өзгертетін жалғаудан тұрады.
Жалғау-жұрнақтың талғап жалғануы түбірдің білдіретін мағынасына
байланысты. Заңдылық та түркі тілдерінің тарихи-этимологиялық құ-
рылымының қалыптасуындағы маңызды заңдылық.
Қазақ тіл біліміндегі түбіртану мен этимологияны сабақтастырып,
тарихи-этимологиялық ізденістердің арқауын фономорфосемантикалық
принциптер негізінде жүргізетін – морфемалық талдау əдісі. Оның
теориялық-əдіснамалық негіздері, кең ауқымды деректік дəйектерінің
кешенді талдауларын іске асырған зерттеулерді, «Қазақ тілінің эти-
мологиялық сөздігін» жасаудың ғылыми алғышарты ретінде анықтауға
болады (А.Т.Кайдаров. Структура односложных корней и основ в ка-
захском языке. Алма-Ата, 1986; Ж.А.Манкеева. Қазақ тіліндегі байырғы
түбірлерді жаңғырту. Алматы, 2010).
Нақты түрде көрсеткенде: Ə.А.Қайдаровтың «Структура одно-
сложных корней и основ в казахском языке» (Алмат-Ата, 1986) еңбегінде
негізделіп, дəйектелген «перспективалы жəне ретроспективалы мор-
фемалық əдісті» алайық.
Достарыңызбен бөлісу: