89
«запруживать», «перекрывать»:
olsuvuyb?rdi- «он запрудил воду» (MK,
II, 19). Дəл осы сияқты
√-ай-/-ей: моделі бойынша жасалған етістіктер-
ден (мыс.:
*қоқ>қоқай-, *сор>сорай-, *тыр>тырай-, *шош>шошай-,
қоң>қоңай-, *сақ>>сақай-, қат>қатай- т.б.), мəселен,
*сақ<сақай-
түбірін алып қарайық. Пайымдап қарасақ, бұл түбір қазақ тілінің өзінде
қолданылатын
сау- дербес сөздің фонетикалық варианты. Қыпшақ
тілдеріне тəн [у] мен оғыз қарлуқ тілдеріне тəн [ғк] сөз аяғында
келетін дыбыстардың сəйкестігі негізінде пайда болған
сағ//сақ// сау
варианттарының біреуі
(сау>сауық-, сауығу, саушылық, т.б.) Қазақ тілі
үшін дербес те, екіншісі (
*сақ>сақай-) өлі түбірге айналып, дербестігін
жоғалтып отыр.
Қазақ тілінде
итер-, алда- тəрізді етістіктер –түбір мен тұлға
болып жіктелмейтін біртұтас сөздер. Бұлардың, біріншісі:
√-ар-/-ер-
(*без>безер-, боз>бозар-, *қот>қотар-, *қыз>қызар-,жас>жасар-, *ұз>
ұзар- т. б.), екіншісі өте продуктивті
√-та-/-те-/-да -/-де-/-ла -/-ле- моделі
арқылы жасалған туынды түбір екені даусыз. Ал
*ит-пен
*ал– қазақ тілі
үшін «өлі түбірлер» болғанымен,
*ит- түбірі хакас тілінде
іт- «толкать»,
«пихать», «проталкивать» түрінде, якут тілінде
үт-[?t] «толкать, пи-
хать, совать» түрінде бүгінгі таңда дербес қолданылатын түбірлер.
Сол хакас тілінде
іт- түбірінен пайда болған
іттір-(заставить
толкнуть, оттолкнуть) сөзі екінші дəрежелі туынды етістік болып сана-
лады.
*Ит- түбірінің бір заманғы дербес сөз екендігіне көзіміз жеткеннен
кейін, біз қазақ тілінің өзіндегі
итін-, итіңде-, итпе (бұйда жібіне іліп
алып, асау түйені алға қарай жүргізіп үйрету үшін салған ұшы екі аша
сырықша) деген сөздерді түбірлес сөздер деп тануға құқылымыз. Бір
қызығы:
ит- түбірі XI ғасырдағы Махмұд Қашғари «Диванында» жеке-
дара қолданылып (
olanї itti «он его толкал») (МК, I, 171), одан
итін-, итіл-
тəрізді етіс формалары жасалып тұрса (ДТС, 215), одан əлдеқайда көне
Тұрфан өлкесінен табылған манихей мазмұнды ұйғыр ескерткіштері
тілінде
it- негізінде пайда болған
it?r– формасы қолданылған:
jema mujaγq
Достарыңызбен бөлісу: