120
түседі. Демек, этимологиялық талдау жасағанда синкретті түбірлердің
екі қызмет атқарып тұрғанын бірден байқаймыз. Бұл – этимологияның
дұрыс шешілуінің бір кепілі.
Синкретті түбірлер көбінесе бір буынды сөздерден жасалады. Сан
жағынан олар басқа түбірлерге қарағанда онша көп емес. Бірақ бір өзі-
нің екі қызметі тең атқаруы арқылы мағынасын екі еселейді.
Синкретикалық түбірлердің біреуі кейде тілде фонетикалық тұл-
ғасын өзгертіп те қолданылады. Мұны біз “жасырын синкретикалық
түбірлер” деп атадық. Синкретикалық түбірлерді арнайы зерттеген
Е.З.Қажыбеков оның əр алуан қасиеттерін ашып көрсетеді. Ең басты
синкретикалық түбірлердің негізгі қасиеттері – қосфункционалдық. Осы
тұрғыдан ол этимологиялық талдауда өте қажетті қызмет атақарады.
Түбірдің есім бе, жоқ əлде, етістік пен екенін айырып беру бұл арадағы
этимологияда – бірінші міндет. Бұл туралы ғылыми-деректіктік дəйекті
Е.З.Кажибековтің «Глагольно-именная корреляция гомогенных корней в
тюркских языках» (Алма-Ата, 1986) атты еңбегінен табасыз.
Достарыңызбен бөлісу: