Ербіи– бейнелеуіш түбірі ер-ге бір рет қайталауды білдіретін -б идеофоны, одан соң оны əрекеттен – бейнесінің көз алдына елестеуін
білдіретін қалпын көрсететін -ій етістік жалғауын жалғау арқылы
жасалып тұр.
Қорбаңда – бейнелеуіш түбірі қор-ға бір рет əрекетін білдіретін
-б идеофоны, одан соң оның үйлесімсіз қозғалысының (қорбаңдауын)
білдіретін -аң формантын жəне етістік аффиксі -да-ны қабылдап, күрделі
бейнелеуіш етістікті көрсетіп тұр.
Салпаңда– бейнелеуіш түбірі сал-ға бір рет қайталанатынын
білдіретінін -п идеофоны, одан соң қайталанып тұратын əуреленген
қозғалысын жəне -аң жұрнағы, -да етістік жұрнағы жалғануы арқылы
күрделі етістк еліктеуіш жасап тұр.
Селкілде– бейнелеуіш байырғы түбірі сел-ге бір рет қайталануын
білдіретін -к-ге, одан соң оның дірілдеуін тұрақты етуге арналған -іл-ді,
оған етістік жалғауын жалғағанда, күрделі етістікке айналады.