Пәді оқыту мақсаты ауыл шаруашылық жануарларының физиологиясында адамға керекті
бағыттағы жануарлардың қызметі және де олардың өнімділігі мен көбеюі, өнімнің сапасын
жақсарту және денсаулығын жақсы жағдайда ұстау болып табылады.
Міндеттері: - тіршілік үрдістерінің заңдылықтарын (зат алмасу, тыныс алу, қоректену, қозғалыс және
т.б.) әр түрлі құрылымдық деңгейлер бойынша оқып – білу; сыртқы ортаның бүтін ағзасы ретінде
және ағзаның әртүрлі бөліктерінің байланысын қамтамасыз ету және механизмдерді анықтау;
- жануарларда әртүрлі физиологиялық қызметтердің сапалық айырмашылығын анықтау,
эволюциялық дамудағы тең емес деңгейде болуы немесе әртүрлі экологиялық жағдайда тіршілік
етуі;
- физиологиялық қызметтердің құрылуын оқып – білу және де әртүрлі кезеңнің жеке дара
дамуында олардың түзелуі.