4. Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар Осы пәнді оқыту нәтижесінде:
түсінігі болу:
-
әр түрлі құрылымдық деңгейдегі тіршілік процестерінің (зат
алмасу, тыныс алу, коректену т.б.) зандылықтары туралы;
-
организмнің жеке жүйелерді және организм мен сыртқы орта
арасындағы өзара әсерлердің механизмі туралы;
білуі керек:
- жануарлардың құрылымдық және қызметтік ұйымдасуының негізгі қағидаларын;
- ағзаның кейбір жүйелерінің ерекшеліктері мен физиологиялық заңдыолықтарын: жүйке
жүйесінің, сенсорлық, эндокриндік, қанның, қанайналым жүйесінің, тыныс алу жүйесінің және
т.б.;
- әртүрлі жануарлардың салыстыра отырып физиологиялық үрдістердің ерекшеліктерін;
істей білуі керек:
- сабақта қарастырылған тәжірибелік әдістерді диагностика мен терапияда жануарлардың
өнімділігін жоғарылату мақсатында пайдалана білу;
- алған білімдерін кәсіби қызметінде пайдалана білу: жануарлар өнімдерінің сапасын
анықтауда; жануарлар өнімдерін өңдеу технологияларын таңдауда және т.б.;
дағдыларды қалыптастыру:
- негізгі физиологиялық үрдістерді зерттеуде әртүрлі эксперименттерді өткізуде;
- ауылшаруашылық жануарлар физиологиясын зерттеудің қазіргі заманға сай ақпаратты
тауып қолдануда;
- алған білімдерін теориялық дайындық деңгейлерін арттыруда және тәжірибеде қолдана
білуде;
білікті болу:
- тірі объектілермен жұмыс істеуде;
- тиісті деңгейде мідеттерді шеше білу;
- гомеостатикалық реттелу мен биологиялық объектілердің қызметтік және құрылымдық
ұйымдасуының қағидаларын білуде;
- тірі жүйелерді бағалау мен зерттеуде негізгі физиологиялық әдістерді қолдануда.