тексеруге немесе модельдер арқылы кейбір функцияларды бейнелеуге,
мұшелерді уақытша алмастыра алатын аппараттар жасауға мүмкіндік береді.
Органдарды жекелеу. Мысалы қарыннан баурға қан құятын қақпалық
венаны байлап, оның қалған бқлігін куыс венамен біріктіріп тіксе, бауыр
оқшауланады.
Экстирпация
кезінде зерттелетін органды жартылай, немесе
түгелдей кесіп алып тастайды да, бүдан соң организмде байқалатын
қзгерістерді бақылау арқылы, оның денедегі қай қызметкее каншадықты
қатысының барлығы анықталады
. Трансплантация
- бір организмдегі органды,
тканьді орнынан басқа жерге, немесе басқа органзмге көшіріп қондыру.
Перфузия
- зерттелетін, қүрамы алдынала белгілі ерітіндіні, не қанды тиісті
органның тамырлары арқылы өткізу .
Радиотелеметрия
арқылы әртүрлі
қашықтықтардағы организмдердегі бірнеше жүйелердің қызметтерің
көрсеткішін бір мезгілде электромагниттік және радиотолқындары тіркеп-
жазып, талдау арқылы қажетті физиологиялық ақпарат алынды т.б. әдістері.
Физиологиялық процесс дегеніміз
тірі организмде жаңа сапалы мазмүнға ие
болған физикалық және химиялық қзгерістердің күрделі түрлерінің
жиындығы – ас қорыту, тыныс алу, бөлу т.б.
Физиологиялық функция – тқтас организм немесс оның жеке
торшаларының қлпаларының, мүшелерінің тіршілік әрекетә, қызметі.
Организмнің басты қызметі зат алмасу болып табылады. Зат алмасумен өсу,
даму, көбею, қоректену, қимылдау т.с.с. физиологиялық қызметтер тығыз
байланысты.
Организмнің қызметінің реттеу.
Гомеостаз дегеніміз-
организмнің сұйық
ортасының – қан, сөл, ұлпааралық сұйық салыстырмалы тұрақтылығы немесе
оны қамтамасыз ететің үйлесімі реакциялар жиынтығы.
Организм айналадағы ортаға бейімделудін қамтамасыз ететін
физиологиялық процестерін реттеу дейді. реттеудін екі түрі болады:
нервтік
және гуморальдық.
Нервтік реттеу
, орталық нерв жүйесі арқылы жүргізіледі.
Бүл реттеуге нерв орталықтары, нерв талшықтары мен тармақтары қатысады.
нерв жүйесінің негізгі қызметі рефлекс ретінде болады. рефлекс дегеніміз-
организмнің тітіркенуге қайтарған жауабы. Рефлекторлық доға бес буыннаң
құралған:1- рецепторлар немесе нерв тармақтары; 2- афферентік немесе
сезгіш нерв талшықтары; 3- нерв орталығы; 4- эфферентік немесе қозғауғыш
нерв талшықтары; 5- эффектор немесе жұмыс органы. Рефлекс болу үшін
рефлекторлық доғаның осы кқрсетілген бес буының барлығы қатынасу шарт.
Гуморальдық реттеу
дегеніміз – заттар алмасуынан органдарда, клеткаларда
пайда болатын заттар қанға түсіп және барлық денеге тарайды. Химиялық
заттарға жатады- ішкі секреция бездерінің гормондары, ұлпа гормондары,
медиаторлар, қандағы электроліттер. Гуморальдық реттеу нервтік реттеуге
қарағанда ерте пайда болған процесс.
Достарыңызбен бөлісу: