Студенттерге арналєан ф со пгу 7


Әдебиет:  Негізгі (1,2,3) Тақырып 4



Pdf көрінісі
бет9/60
Дата06.02.2022
өлшемі328,41 Kb.
#79590
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60
Әдебиет
Негізгі (1,2,3)
Тақырып 4. 
Орталық жұйке жүйесінің бқліктерінің физиологиясы
Жоспар:
1. Жұлынның құрылысы мен орталықтары
2. Артқы және мишықтын мидын құрылысы мен орталықтары
3. Ортанғы және аралық ми.
Жұлын ақ пен сұр заттардан құралған. Ақ зат шет жағына, ал сұр зат
өзектің ортасында көбелек тәрізді орналасқан. Жұлын филогенездік тұрғыдан
ОЖЖ-нің ең ерте пайда болған көне бөлімі. Ол рефлекторлық және
өткізгіштік қызме
т
атқарады Жұл мен жұлан өзегінің арасында сұйық зат бар.
Ликвор құрамында белк -, глюкоза және т.б. заттар бар. Ликвор біріншіден
қорғаныс ролін атқарады, екіншіден- қоректік зат және осмостық қысым
мөлшерін сақтайды және вазпрессин гормоны бөлінеді. Жұлынның сұр заты
мал денесінде дорсальді, вентральді және бүйірлі мүйіздерге бөлінеді. Ал ақ
зат сәйкес бағаналарға бөлінеді.
Жұлында соматиқалық және вегетативтік орталықтар орналасқан.
Соматиқалық орталықтар
төменгідей: а- 3 мен 4 мойын омыртқаларында
жұланның диафрагмальдық орталық орналасқан; б- 5 мойын мен 1 омырау
омыртқаларында йық мускулдарының орталықтары бар; в- кеуде
омыртқаларында көкірек арқа мен іш бұлшық еттерінің орталықтары
орналасқан Жұлының өткізгіш жолдары жоғары шығатын және төмен түсетін
болып екіге бөлінеді.
Вегетативтік орталықтар
: 1- 5 мойын мен 1,2 омырау омыртқаларында көз
қозғаушы жұлын орталықтар бар 2- көкірек пен бел омыртқаларында
вазомоторлық- қан тамырларын реттеуші, тер бөлу орталықтары бар. 3-


қуйымшақ омыртқаларда зәр мен нәжіс бөлу, эрекция мен эякуляция
орталықтары орналасқан.
Жұлын организмнің шеткі мүшелерің мидын әртүрлі бөлімдермен
байланыстырады. Бұл қабілетті нерв талшықтарынан қүралған ақ заттын
өткізгіш жолдары қамтамасыз етеді.
Артқы ми.
Артықы миға сопақша ми, варолиев көпірі және мишық
жатады. Сопақша ми жұлынды бас мимен жалғастырады. Сопақша мидан он
екі бассүйек ми нервтерінің сезгіштері басталады: 5 жұбы- үшш түбірлі нерв, 6
—жұбы- бұрып жібергіш нерв. 7- жұбы-бет нервілері, 8- жұбы-есіту нервілері,
9- жұбы тіл-жұтқыншақ нервілері, 10- жұбы –кезеген нерв, 11- жұбы қосымша
нерв және 12 жұбы –тіласты нерві.
Сонымен қатар мида өмір сүруде ерекше орын алатын орталықтар
орналасқан. Бұл орталықтар реттейтін қызметіне қарай бірнеше топқа
бөлінеді: 1- азық қорыту орталықтарына-жұту, ему, шайнау, сөл бөлу, сілекей
бөлу, қарынды жиырылыту, күйісс орталықтары жатады; 2- тыныс алу
орталықтарына – тыныс алу, тыныс шығару, пысқыру мен жөтелу
орталықтары жатады; 3- жүрек-қан тамырлары орталықтарына- жүректі
реттеу, қан тамырларын кеңейту мен оларды тарылту орталықтары жатады;
4- тер бөлу орталықтары. Сопақша мидың қызметі бұзылса адам да, мал өмір
сүре алмайды.
Мишық орталық нерв жүйесіне қондырма ретінде орналасқан. Мишық
организмнің күрделі қозғалыстарының координациясын реттейді. Ол варолиев
көпірі арқылы ми жарты шары қыртысымен байланысты. Мишықты алып
тастаған соң организмде төменгідей өзгеріситер болады: 1- атония- бүлшық
еттер тонусы бұзылады; 2- атаксия- қозғалыс координациясы бұзылады; 3-
астазия- аяқтары мен денесі дірілдейді, сандалады; 4- астения – көп, артық
қозғалыс бол ғандықтан организм жылдам шаршайды; 5- дез эквилибрация –
тепе-тендік бұзылды; 6- дисметрия- қозғалыс бағыты мен жылдамдықтың
бұзылуы болады. Сонымен, мишық барлық қозғалыстардың негізгі реттеушісі
нәзік қозғалыстардың бақылаушысы. Мишық вегетативтік құбылыстарға да
ісер етеді. Мишық қозған көздің қарашығы кеңейіп, артериялардың қысымы
көтеріліп, пульс жиіленіп, шапшаған бұлшық еттердің қабілеті қалпына
келеді.
Орта ми Орта миға төрт төмпекшік, қызыл ядро мен қара субстанция
жатады. Бүл мидан- бассүйек нервтерінің екеуі басталады: 1- 3 жұп қозғағыш
нервтер; 12- 4 жұп блокты нервтер. Төрт төмпешіктің алдынғы екі
төмпешігінде көру рефлекстердің орталықтары орналасқан. Бұл рефлекстерге
қөз қарашығының кеңеюі мен тарылу, көздің қозғалуы жатады. Артқы екі
төмпешікке есіту нервтерінің талшықтары келеді. Сондықтан бұларды дыбыс
рефлекстердің орталықтары орналасқан. Бұл рефлекстреге құлақтарды
көтеру, басты бұру қимылдары жатады.
Қара сбустанцияның қызметі нашар зерттелген. Ол бұлшық еттердің
пластиқалық тонусын реттейді деп санайды. Сол себептен гимнастика мен
балетпен шұғылданатындарда қара субстанция жақсы дамыған.
Қызыл ядро бұлшық еттердің тонусын реттейді. Егер малдың жұлынын
қызыл ядродан төмен кессе, оның денесінің барлық бұлшық еттеріне, әсіресе
денені сірестіретін еттеріне күш түседі Бұл жағдайда жануарлардың аяқтары
созылып, басы шалқайып, құйрығы көтеріліп, серейіп қалады –
децеребрациялық регидность. Қорыта келе, орта ми дененің тонусын ұстап
тұратын Магнус тың айтушына т.зілетін рефлекстерді реттейді. Бұл
рефлекстер вестибулярлық аппаратың рецепторларымен байланысты дене
тұрысын қалпына келтіреді.
Аралық миға 
гипоталамус, таламус пен эпиталамус жатады.
Гипоталамус көптеген ядролардан құралған және гипофизбен байланысты.


Жоғарыда көрсетілгендей гипоталамысты қазіргі кезде ішкі секреция
бездеріне жатқызды. Эпиталамуста иіс сезімі мен эпифиз орналасқан.
Таламуста ауыр сезімінің орталықтары орналасқан. Таламус ерекше және
ерекше емес ядролардан құралған. Ерекше ядроларға таламустың өзінде
жинақталған информация түседі Таламустың ерекше емес ядролары ми
жарты шары қыртысының белсендіоігін жылдам аз уақыттың ішінде
арттырады Аралық мида белок. май, көмірсутектер, су мен тұздар
алмасуының орталыұтары және жылу бөлу орталыға орналасған.
Гипоталамус пен ми жарты шары қыртысының арасында базальдық
ядролар бар. Бұл ядроларға жолақ дене, шарбақ және миндаль тәрізді
ядролар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет