СОӨЖ үшін тапсырмалар: Келесі нормативтік құқықтық актілерді конспектілеу: 1.
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
2.
«Қазақстан Республикасының көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
«Жеке адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі өзекті проблемалар» тақырыбындағы дөңгелек үстел бағдарламасын дайындау. Дөңгелек үстелде келесі мәселелерді қарастыру ұсынылады: 1.
ҚР адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері.
2.
Адам және азамат құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық заңнама
3.
Адам құқығын қорғау бойынша Еуропа конвенциясы және оны сақтау проблемалары.
4.
Адам және азамат құқықтарын соттың қорғауы: тарих және қазіргі уақыт.
5.
Сот төрелігі адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету институты
ретінде.
Келесі кестені толтыру: №2-кесте
Адам және азаматтың
құқықтары мен бостандықтары
Жеке
Саяси
Әлеуметтік-экономикалық
Сұрақтар: 1.
Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының ара қатынасы қандай?
2.
Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының принциптерін атаңыз.
3.
«Құқықтық мәртебе» ұғымын қалай түсінесіз? ҚР шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ
адамдардың құқықтық мәртебесі қандай?
4.
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері заң жүзінде қалай
бекітіледі?