Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет13/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

Дәріс №6
 
Тақырыбы: 
Жаратылыстануды оқыту əдістемесінің кеңестік кезеңде 
дамуы. 
 
Дәріс жоспары
1. Қазақ КСР-нің жалпы білім беретін мектептерінде биологияны оқытуға 
арналған Х.Д.Досмұхамедов пен Ж.Ү.Күдериннің оқу құралдарының əдістемелік 
сипаттамасы.
2. Б.Е.Райков, И.И.Полянский, Б.В.Всесвятский, П.И.Боровицкий, Н.А.Рыков, 
Н.М.Верзилин, В.М.Корсунская, Б.Д.Комиссров, И.Д.Зверев, Т.М.Мұсақұловтың 
жалпы жəне кəсіптік білім беретін мектептерде биологияны оқыту мен тəрбиелеу 
теориясының дамуына қосқан үлестері. 
Дәріс мазмұны
ХХ ғасырдың бастапқы кезеңінен қазіргі кезге дейінгі дамуы 
Методикалық проблемалар – мазмұн, əдістер жəне тəрбиелеу мəселелерін 
шешу кезеңі басталды. Ресейде капитализм қарқынды дамыды. Сауда орындары 
мен өндірістерде жұмыс істеу үшін мамандардың қажеттілігі туды. Еуропа 
тілдерін, биология, минералогия, химия, физика, математика пəндерін жақсы 
меңгерген мамандар керек болды. Осындай себептерге байланысты 1894 жылы 
коммерциялық училищелермен қатар, жаңа мазмұнда білім беретін оқу 
орындары ашыла бастады. 1894 жылы 10 училище ашылса, 1903 жылы – 152, 
1912 жылы – 405-ке жетті. 
Жаңа мектептердің ашылуына байланысты өздерінің оқу бағдарламалары, 
оқулықтары жəне алдыңғы қатарлы оқыту əдістемелік құралдары жарық көрді. 
1904 жылы Л.Н.Никоновтың басшылығымен коммерциялық орман-
шаруашылығы 
училищесінде 
бірінші 
«Жас 
табиғатшылар 
қоғамы» 
ұйымдастырылса, 1910 жылы Павловск қаласында В.Ф.Мольденгауер бірінші 
педагогикалық экскурсиялық биостанция құрды. Бұл кезеңдегі методиканың 
ерекшелігі экскурсиялық, практикалық оқыту формаларына баса көңіл 
аударылды. Осылай оқытудың нəтижесінде оқушылар нұсқау бойынша өз 
бетінше жұмыс жасау икем-дағдыларын қалыптастырды. Бұл оқыту 
формаларының негізінде Б.Е.Райков «Моторлы» (қозғалыстағы) методын 
анықтады. 
Лабораториялық жұмыстарды жүргізу үшін үлестіріліп берілетін 
материалдар кеңінен тарады: тірі, кептірілген, консервіленген өсімдіктер, 
жануарлар мен минералдар. 
Жаңа мектептің ашылуы, оқу бағдарламаларының жəне жоспарларының 
жасалуына көптеген ғалымдар атсалысып, жаратылыстану пəнінің əдістемелік 
проблемаларын шешуге көптеген үлес қосты. Солардың бірі ботаника 
профессоры Валериан Викторович Половцев (1862-1919) болды. 1901 жылғы 
Петербургте өткен орыс жаратылыс зерттеу ғалымдары мен дəрігерлерінің ХІ 
съезінде В.В.Половцев «Орта мектептердегі оқу пəндерінің мақсаты» 
тақырыбында жасаған баяндамасында, жаратылыстану пəнін оқытудағы негізгі 


мақсат тəрбие жəне оны қалыптастыру үшін төмендегідей мəселелерге тоқталу
керектігін көрсетті: 
1. Сыртқы қоршаған ортаның құбылыстарын түсіну. 
2. Өз организміндегі құбылыстарды түсіну. 
3. Сезім мүшелерінің дамуы адамның психикалық дамуының басты, 
маңызды факторлар екендігін білу. 
4. Белгілі тəртіпте жəне кең көлемде ойлау əдістерін жемісті түрде дамыту. 
5. Оқушының тұлға ретіндегі рухани талаптарын кеңейту. 
Половцевтің 
негізгі 
ұстанымы, 
оқушылардың 
дүниеге 
ғылыми-
материалистіккөзқарасын тəрбиелеу болды.Осы жылдары В.В.Половцевтің 
басшылығымен алғашқы «Мектептегі табиғат» атты методикалық журнал 
жарық көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет