Дәріс №1 Тақырыбы


Биологияны оқыту әдістемесінің Қазақстандағы жайы



Pdf көрінісі
бет17/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

Биологияны оқыту әдістемесінің Қазақстандағы жайы 
Біздің мемлекетіміз ұзақ жылдар бойы Кеңес Одағының құрамында 
болғандықтан мектептер оқыту процесін біркелкі жоспарлар мен бағдарламалар
бойынша жүргізді. 
Егемендік алғаннан соң мектепте берілетін жалпы білімнің мазмұны, оқу 
жұмысын ұйымдастыруда оқыыту əдістерін тұтастай қарап түбегейлі жаңартудың
қажеттігі басты мəселе болып көтеріліп ғалымдар мен əдістемешілердің мектеп 
ұстаздарының тың ой пікірлерімен зерттеулерін қажет етті. 
Биологияны оқыту əдіснамасының жəне əдістемесінің теориялық тұрғыда
зерттелуі əлі де ғалымдардың жан- жақты еңбегін қажет етеді. 
Қазақстан биологиялық білім беру міндеттерін шешуде алғаш рет еліміздің 
аймағының этнолингвистикалық жəне экологиялық- географиялық жағдайларын 
ескеріп, оқушыларда натуралистік рефлексия тудыруға мүмкіндік жасайтындай
тиімді əдістемлік жағдай жасайтын біріңғай биологиялық білім беру
тұжырымдамасы (концепция) қажет болады. 
Қазақстанда сол кезде осындай тұжырымдаманы жасаған КСРО ПҒА ОМӘ
ҒЗИ Қазақ бөлімшесінің (қазіргі Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясы) 
ғылыми бас маманы, Республикамыздың ірі ғалым-əдістемешілеріміздің бірі 
Мағиза Шаймарданова болды. Ғалымның анықтауы бойынша қазақ мектептеріндегі
биологияны оқыту ерекшеліктерін ескере отырып, биологияны оқытуда қайта
құрудың негізгі бағыты еліміздің мектептерінде біріңғай əдістемелік жүйе жасауда
басшылыққа алынды. 
М.Шаймарданованың жалпы білім беру саласындағы көпжылдық 
тəжірибесі, биологиялық білім беруді жетілдіруде басымды бағыт - ұлттық, 
этномəдени жəне басқа ерекшеліктерді ескере отырып, биологиялық білімді 
халқымыздың өміріне барынша қабыстыру мақсатында оның мазмұны мен 
құрылымын аймақтың нақты жағдайына келтіру болу керек екенін атап көрсетуге
мүмкіндік берді. 
Биология пəні бойынша орта білім мемлекеттік стандарты (Алматы: РИК) 
1998ж.К.Жүнісова, Қ.Жұмағұлова т.б. ғалымдардың қатысуымен жасалды. 
ҚР Білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей стандарты жасалғанда 
(Алматы 2002), Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың академиясының жалпы білім


институтында пəндер бойынша орта жалпы білімнің жалпыға бірдей міндетті 
стандартын дайындау жөніндегі нұсқауларға сəйкес «Биология» пəні бойынша 
орта жалпы білімнің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты (6-11 сыныптар) 
дайындалды, 
оған 
К.Ж.Жүнісова, 
Р.С.Сəтімбеков, 
К.Ә. 
Жаңабердиева, 
Қ.Ә.Жұмағұлова, Л.Ү.Әпшенова сияқты ғалымдар мен əдістемешілер қатысты. Ол 
бойынша «Биология» оқу пəнін оқушылардың дайындық деңгейімен биологиялық
білімнің мемлекеттік міндетті минимумына талаптар белгіленеді. Оқу пəні ретінде 
Биологияның негізгі мақсаттары мен міндеттері, зерттеу пəні, келешектегі пəннің 
мазмұнының дамуы жəне базистік оқу жоспарындағы оның орны, оқу 
жүктемесінің көлемі анықталды. 
Соңғы жылдары Республикамызда мектеп оқу- тəрбие жұмысын жетілдіруде
оқушылардың оқу - танымдық əрекеттерін белсендіру, проблемалық оқыту , оны 
ұйымдастыру, əдіс – тəсілдер тиімділігін арттыру мақсатында елеулі зерттеу 
жұмыстары жүргізілуе. Осы бағыттағы жұмыстарға мына ғалымдардың еңбектерін
жатқызуға болады: И.Н.Нұрғыманов, Ж.А.Қараев, М.Ж.Жадрина, Қ.Аймағанбетова. 
М 
Жанпейісова, 
Р.Әлімқұлова, 
А.Е.Абылқасымова, 
Т.С.Сабыров, 
Г.Е.Алимуханбетова, З.Ибрагимова, М.Ж.Құсайынов, А.Тамаев, Қ.Қайым, 
А.Е.Дайрабаева жəне басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет