қатысты. Əрбір қозғалыс, адам денесінің қозғалуы, ішкі жəне сыртқы күшке жəне белгілі бір
дене заңына бағынышты болады. Мысалы, жүгіргенде. Жеңіл атлетика жаттығуларын
орындауда тəсілін таңдап алу, жарыстың ережесінің талабынан басқа спортшының басты
мақсаты – эффектілігін, үнемділігін, қарпайымдылығын таңдап алу.
Спорттық жүріс – үлкен ара қашықтықты, үлкен жылдамдықпен өтуге көмектеседі.
Спорттық жүрісте негізгі қашықтық 20-50 шақырым, əйелдерде 5-10 шақырым. Адам баласы
қарапайым жүрісте сағатына 5-6 шақырым өтсе, минутына 100-120 адым аттаса, ал спорттық
жүрісте көрсеткіштері өседі, сағатына 12-14 шақырым өтеді, ал минутына 180-210 адым басып
өтеді. Адымның ұзындығы өзгереді. Қарапайым жүрісте 70-80 см болса, спорттық жүрісте 110-
120 см болады.
Спорттық жүріс жəне жүгіру циклді қозғалысқа жатады, бірдей қозғалыстың көп рет
қайталануы. Оң жəне сол аяқпен адым, қос адым бір – цикл болады.
Жүру мен жүгіруде қол мен аяқтың қозғалысы қатар айқасып келеді. Жүруде иықпен
жамбас қиын қарсы қозғалыс көрсетеді. Жүруде бір циклде екі кезең болады: бір тірек жəне екі
тірек ауысып келеді, ал жүгіруде екі тірек ұшу қозғалысымен ауысады. Бір тірек кезеңді, екі
сатыға бөлеміз: артқы адым жəне алғы адым.
Бірінші саты: артқы адым аяқты жерге тіреп тұрған кезден
басталып, аяқ тіке тірекке келгенде бітеді.
Екінші саты: алғы адым (сілтейтін аяқ) тіке тіректе тұрған кезде
басталып, аяқты жерге тіреген кезде бітеді.
Бір мезгілде басқан аяқпен екі тірек кезеңі екі сатыға бөлінеді: алға
итеру жəне артқа итеру болып (екі тірек).
Бірінші саты алға итеру, аяқты тіреген кезден басталып, тікелей
тірекке келгенде бітеді.
Екінші саты артқы итеру (тірек) тікелей тірек кезден басталып,
аяқты тірек кезден алған кезде бітеді (екі тірек).
Спорттық жүрісте бір тірек жəне екі тірек жағдайымен ауысып
отырады. Ең бастысы итерген кезде артқы адым ал сілтеген кезде аяқты алғы адым.
Жүру мен жүгірудің айырмашылығы жүрген кезде аяқтың үнемі
жермен байланысы, ал жүгірген кезде ұшу сатысы бар.
Жүруде жəне жүгіруде ішкі жəне сыртқы күштің əсер етуімен болады. Ішкі күшке
жататындарқозғалыс аппаратындағы қарсылық бұлшық еттері жиырылғанда болатын, ал
сыртқы ауырлық күші, орталық əсердің қарсылығы жəне тірек реакциясы. Ауырлық күші үнемі
əр уақытта бір бағытта тігінен төмен қарай істеледі, адам баласы орнында немесе қозғалыста
болсын, жерге тіреліп тұрса да немесе ауада ұшып жүрсе де бағынышты емес.
Достарыңызбен бөлісу: