Жоғары көтерілген кезде тізеден бүгілген, жоғары сілтеніп көтерілген аяқ секірушінің
денесінің алдына, жоғары көтеріледі. Ал аяқтың табаны кергеден жоғары көтерілуі қажет.
Жерге тіреген аяқ жоғары көтерілгенде ең алғашқыда төмен қарай еркін, түсіңкі тұрады.
Секіруші жоғары көтеріліп, кергінің үстінде көлденең қалыпқа келгенше, денесін жерге
тіреген аяғына қарай қисайтады, бір мезгілде жерге аяғын кеудесіне қарай тартып алып,
астыңғы жақтағы қолын кергіден асырма төмен қарай тартып алып, астыңғы жақтағы қолын
кергіден асыра төмен қарай түсіреді. Дене көлденең қалыпқа келген кезде жоғары сілтеп
көтерілген аяқ кергіден асқандағы бағытта тез жазылады. Ал жерге тіреген аяқ сілтеп итерілген
аяққа жақын ұсталып, кедгіден тізеден бүгіліп асып түсіп, төмен қарай түсіріледі.
Жүгіріп келіп биіктікке секіруді əр түрлі əдістерін үйрену мынадай жүйемен өтуі керек.
Үйренуші «жиырылу» əдісімен секіруден бастау керек. Онша қашық емес жерден еркін жүгіріп
келіп, шағын биіктіктен (60-70см) осы секіруді орындау керек. Əдетте көбі қалыптан тыс ұзақ
жерден жүгіріп келіп секіруге тырысады, ал мұның керегі жоқ. Алғашқы үш-төрт секіруден
кейін-ақ жерге тіреп қоятын аяқты белгілеп алған жөн. Сосын екпін алу ұзындығын анықтап
алу керек. Бұл əдетте 7-9 адым шамасы болады.
Жерге тірейтін аяқты анықтап, жүгіріп екпін берудің ұзындығын белгілеп, оның дұрыс
ырғағын қалыптастырып, аяқты жерге тіреуді дұрыс орындай білуге үйренгеннен кейін, жүгіріп
келіп биіктіке секірудің басқа да əдістерімен таныса беруге болады.
«Аударылып түсу» əдісін үйрену, атап айтқанда «аяқты жиып секіру» əдісінің одан əрі жетілген
түрі болып табылады. «Аяқты жиып секіру» əдісін меңгергеннен кейін, тура, тіке жүгіруден
қиғаш жүгіруге (30
о
-40
о
бұрыштан) көшу қажет. Осылай жүгіру арқылы «аяқты жиып секіруді»
орындау керек. Бұл жаттығу кергіге жақын тұрған аяқты жерге тіреп секіруді меңгеру үшін
қажет.
Осы əдісті үйренген сайын кергіден асып түсіп бара жатқанда, денені көлденең қалыпта,
жерге тіреген аяққа қарай ұстауға үйрену керек. Оны үйренген соң кергіден асып түсудің
мейлінше жетілдірген түрін үйренуге көшу тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: