trago
және
oide
деген екі сөзден құралып,
«теке жыры»
деген мағынаны білдіреді. Өте көне замандарда гректер Дионисті
теке бейнесінде (тотемизм) елестеткен және сатирлардың ешкі
сипатындағы мақұлықтар болғандығын ескерсек, Аристотель
пікірлерінің дұрыстығын байқаймыз.
Аристотель комедияның пайда болу тарихын да Дионис мерекесіне
ұштастырады. Көктем кезінде қыстақтарда өткізілетін егіншілік
мерекелерінде, әсiресе, Дионис мейрамында шаруалар құдайлардан
береке тілеп, мол өнімнiң рәмiзi ретінде бірер жануардың мүшесін
себетке салып, көше бойлап өлең айтып жүредi екен. Жалпы, бұл
мейрамдар өте көңілді өтетін болған. Мереке кезінде жолаушыларға
тиісу, олардың намысын қытықтайтын күлкілі сөздер айту немесе
өздеріне ұнамаған байларды өлеңмен келеке қылып, қағыту
мұндай мерекелердегі қалыптасқан жағдай болды. Осылардың
барлығы комедияның алғашқы белгілері екендігін Аристотель
сол жанрдың атымен дәлелдеуге ұмтылады. Шындығында да
«комедия» атауы
Достарыңызбен бөлісу: |