Лабораториялық анықтау
.
Қан анализі: салыстрмалы лимфоцитозбен лейкопения.
Биохимиялық зерттеу
: Панкеатитте қан сарысуында амилаза мөлшері анықталады.
Серологиялық зерттеулер
: КБР, РТГА ауру барысында (динамикада).
Үйде емдеу.
Сырқаттың клиникалық белгілері жойылғанша төсектік режим
сақталады, бірақ, 7 күннен кем болмауы керек. Емдәм: Панкреатиттің даму қауіпіне
байланысты ащы, майлы, қуырылған тағамдар жемеуі керек. Дәрі-дәрмектік ем
белгілеріне сәйкес жүргізілу керек.
Ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер.
Нерв жүйесінің зақыдалуы, панкреатит,
орхит, оофарит байқалатын ауыр түрлері ауруханада емделуі керек.
Сауығу шектері:
Сауығу аурудың ең бірінші белгілері пайда болғаннан кейін 10 күн
өткеннен кейін, басқа мүшелердің зақымдалу белгілері байқалмаса, байқалады деп
есептеледі.
Эпидемияға қарсы шаралар
. Науқасты оңашалау аурудың басталған күннен
есептегенде, 10 күннен кем болмауы керек. Мүмкіндігінше, толық сауыққанша созылғаны
жөн.
Дезинфекцияны
қажет етпейді. Қатынаста болғандарды оңашалау қатынаста болған
соңғы күнінен есептегенде 11-ші күннен бастап, 21-ші күнге дейін созылады.
Иммунизация.
Активті тірі паратитті вакцинамен вакцинация жасау 15-18
айлығында жасалады. Алдын-ала егілмегендер 7 жасқа дейін егуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |