43
тақырыптың ерекшелігіне орай шығарма немесе диктант қолданылады.
Модульді қорытындылау сабақтың «Тапқырлар әлемі» бөлімінде беріледі.
Экологиялық білім мен тәрбие беру процесінде жаңа технологияларды
пайдалану оқушыда өз бетімен еңбектену, оқу-танымдық процесті басқара алу
икемділігінің дамуын қамтамасыз етеді. Егер әрбір сабақ сыныпта және
сыныптан тыс болса, оқыту технологиясының құрылымының төмендегідей
нұсқасын ұсынуға болады:
– Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру;
– Балалардың тапсырманы немесе модульді таңдауына белсенді қатысуы;
– Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндай келе, миға шабуыл
технологиясын пайдалана отырып, тақтаға белгілер жүйелері – сызбалар,
тақырып бойынша сөздер т.б.түсіру;
– Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру
және әрбір оқушының іс-әрекетін әр сабақта бағалап отыру;
– Жалпы тақырыпқа, тарауға қайта оралу негізінде оқу материалын
бекітуде оқушылардың белсенділігін арттыру;
– Сыныптан тыс жұмыста оқушылардың табиғатты қорғауға қатыстыру;
– Сыныптан тыс жүйеде оқушыларды ғылымға баулу;
– Сабақты ойын түрінде өткізу арқылы оқушылардың белсенділігінің
арттыру;
– Оқушылардың танымдық, тапқырлық іс-әрекетін пайдалана отырып,
Венн диаграмасын қолданып сабақты қорытындылау.
Пәндерді оқытудағы экологиялық қағида оқу құралдарына қосымша
ұғымдарды енгізуді емес, керісінше, түбегейлі қалыптасқан ұғымдарда жаңа
көзқарастар айқындалып, олардың мазмұндық жағын тереңдетуді талап етеді.
Экологиялық принциптің мазмұнын нақтылай түсетін табиғат пен қоғамның
өзара ықпал аясындағы мынадай негізгі бағыттарды бөліп көрсетуге болады:
қоғам дамуындағы табиғаттың рөлі, шаруашылық жұмыстары салдарынан
табиғаттың өзгеруі, табиғи ортадағы өзгерістердің әлеуметтік-экологиялық
зардаптары, табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты жақсартудың
тиімді жолдары, аймақтық ерекшеліктерді ескеріп табиғат байлығын ұтымды
пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: