45
б)
әдістемелік
– оқушыларды адам өмір сүру процесінің физиологиялық
негіздері, жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау, соматикалық аурулардың,
психикалық ауытқулардың, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың
алдын алу білімдерімен, сол сияқты ағзаға психотроптық заттардың зиянды
әрекеті туралы білімдермен қаруландыру.
Салауатты өмір салтының осы ережелерін қалыптастыру жауапкершілігі, ең
алдымен, мектепке жүктеледі, себебі мектеп – тек білім беру мекемесі ғана
емес, бұл – бала өз өмірінің көп бөлігін өткізетін, балалықтың ерекше әлемі.
Осыдан барып, балалық экологиясы көзқарасынан, заманауи мектептің білім
беру ортасына қарау қажеттілігі туындайды. Бұл орайда жаратылыстану,
биология, химия
сияқты
пәндердің
рөлі
ерекше.
Алайда,
көбінесе
оқушылардың мектепте осы пәндер бойынша алған білімдері өмірден алшақ
жатыр.
Денсаулықты нығайтудың негізгі құралы ретінде дене тәрбиесі мен
спорт жас ұрпақтың адамгершілік және әлеуметтік жағынан қалыптасуына
ықпал етеді, олардың бойына салауатты өмір салтының берік дағдыларының
дәнін егеді.
Достарыңызбен бөлісу: